Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Хиросимада Семей полигонының әнұраны Заман-ай орындалды

Дата: 19 февраля 2011 в 14:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Хиросимада Семей полигонының әнұраны Заман-ай орындалды

Ел тәуелсіздігінің нәтиже­сін­де Қазақстанның экономи­ка­лық субъектілері ғана емес, со­нымен қатар, өнері мен мәде­ние­ті де халықаралық қоғам­дас­тыққа кеңінен танымал бола бастағандығының куәсіміз.

Жу­ық­та Парламент Мәжілісінің Төр­ағасы Орал Мұхамеджанов бастаған депутаттар делега­ция­сы­ның Жапонияға жасаған са­па­­рын ақпараттық қолдау мақ­са­тында осы елде болға­ны­мыз­да, Хиросима қаласының тұр­ғын­дары қазақ­тың көрнекті ақы­ны Ұлықбек Есдәулетовтің «Заман-ай» өле­ңі­не жазылған сазгер Төлеген Мұхамеджа­нов­тың әнін жақсы білетіндігін байқадық.

Бұл әнді осы елдің әйгілі әншісі Томака ағыл­шын, жапон және қазақ тілдерінде жиі шырқай­ды екен.

«Заман-ай» – Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Ал Хиросима қаласының тұрғын­дары әлемде алғашқы болып оның жан түршігерлік зардабын бастан өткерген болатын. Бұл қалада аталған оқиғаға бай­ла­ныс­ты ядролық қарулармен күрес қозғалысы әлі күнге дейін белсенді сипат алып келеді. Осы мәселе жөнінде жыл сайын ән мен өнер фестивалін өткізіп, оған әлемнің әр елдерінен өнерпаздар шақыру берік дәстүрге енгізілген.

«Заман-ай» әні осы фестиваль­дың негізгі ұранына айналған

Бұл әннің сөзі мен сазының құдіретін жақсы түсінген Жапо­ния­ның ядролық қаруларға қарсы күрес қозғалысының қатысу­шы­лары өздерінің жетекшісі Кейчи Сасакидің ұсынысы негізінде оны компакт-дискіге ағылшын, жа­пон, қазақ тілдерінде басты­рып шығарып, халық арасына ке­ңінен таратуда. Осы оқиғаға бай­ланысты жазылған өз хабарында Жапонияның «Жапон Таймс» газеті «ән 90-жылдары Қазақстан даласындағы Семей ядролық по­лигонын жабу жөнінде ұсыныс жа­саған осы елдің ядролық қа­руларға қарсы күрес қозғалысына қа­ты­сушылары шырқаған нұс­қадан аударылып отыр. Жапон ядролық қаруларға қарсы күрес қозғалысының жетекшісі Кейчи Сасаки компакт-дискінің ха­лық арасында тара­ты­луы осы мәселеге орай үн қосу­шы адам­дардың халық­аралық ын­ты­мақтастығын бекіте түсе­ді деп есептейді», деп жазыпты.

Қазақстанның бірінші бо­лып ядролық полигонды жап­қан ел екендігі қазіргі күні ха­лықаралық қоғамдастыққа ке­ңі­нен танымал бола бастады.

Өткен жылы Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың АҚШ президенті Барак Обаманың арнайы шақыруы бойынша Вашингтонда өткен ядролық қа­русыздану мәселесіне арналған саммитке қатысуын ақпарат­тық қолдау мақ­сатында осы елде болға­нымызда саммитке қатысу­шы­лардың, соның ішінде АҚШ басшылығының біздің елге, оның Президентіне ерекше құрмет көрсеткендігінің куәсі болған едік.

Сол тұста Қа­зақ­станның ядролық қару­сыз­дану жөніндегі ұсыныс­тары сам­мит­тің биік мінбері арқылы кең дүниеге тараған болатын. Енді осы іске «Заман-ай» әні де лайықты үлес қосады деп есептейміз.

 

По сообщению сайта Nur.kz