Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қымбат Қалауова. Орыс тілді декан орнынан кетсін!

Дата: 19 февраля 2011 в 17:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қымбат Қалауова. Орыс тілді декан орнынан кетсін!

Журфак жабылады деген сыбысқа шыдамаған студенттер бүгін бас көтерді. Бірінші, екінші және үшінші курс тәлімгерлері алдымен ҚазҰУ ректоратының жанында, кейін журналистика факультетінің іс-шаралары өтетін 3-нші залда өз наразылықтарын білдірді. Факультет басшылығының орыстанып кетуіне әрең шыдап жүрген жастар талай жылғы тарихы бар, еліміздің маңдайалды журналистері түлеп шыққан журфактың өзгелермен бірігіп кетуіне бейқам қарай алмаса керек.

Ауқымды аудиторияны лық толтырған болашақ журналистер факультет деканы Ғалия Ыбыраева орнынан кетіп, басшылық ауыссын деген талап қойды. Кешелі бері жатақхана аралап, бірігудің мән жайын түсіндірмек болған басшылар айтқан басу сөзді құлағына да ілмеген студенттер декан кетпей, көзіміз ашылмайды деп отыр.

Осы талаптарына оқу жүйесі өзгерсін деген сөйлемді қосып, ректор атына хат жолдаған журфактықтар неден де болса тайынбайтындықтарын байқатты. Қарқыны қатты студенттер қауымына ректор не жауап қайырады екен? Әліптің артын бағайық.

www.masa.kz сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы