Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семейде итальяндық макарондар өнімделеді

Дата: 19 февраля 2011 в 18:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Семейде итальяндық макарондар өнімделеді

Семейде жаңа макарон шығаратын зауыт іске қосылды.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің жұмысына әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығы бой көтерді.

«Қазагроқаржының» қолдауымен ашылған зауытта италиялық құрал-жабдықтар орнатылған.

Қуаты тәулігіне 18 тонна өнім өнідуге есептелген. Қазір мұнда макаронның 22 түрі шығарылуда.

Сапасы еуропалық стандартқа сәйкес өнімдер ең алдымен өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сатып жатқан макарондармен салыстырғанда 15-20 теңге келісі аз болады

Бердібек Сапарбаев, ШҚО әкімі:

— Зауыттың ашылуына 200 млн. теңгедей қаржы жұмсалынған. Ол зауыттың бір ерекшелігі, сапасы, бағасы. Қазіргі сатып жатқан макарондармен салыстырғанда 15-20 теңге келісі аз болады.

Семей – еліміздегі бизнесі өркендеген ірі қалалардың бірі. Мұнда 22 мыңнан астам жеке кәсіпкер, 5 жарым мың заңды тұлға тіркелген. Бұрын олар тіркелу, куәлік алу, салық төлеу сияқты мәселелерді шешуде едәуір әуре-сарсаңға түсетін. Осы түйткілді шешу үшін республикалық бюджеттен 110 миллион теңге бөлініп, құжаттарды рәсімдейтін орталық салынып, пайдалануға берілді.

Асемхан Досқожанов, кәсіпкер:

— Бұрынғы ғимаратта кісі көп, көп очередта тұратын. Енді мына, жаңа ғимарат жеңілдетіп жатыр жұмыстарын кәсіпкерлердің.

Қанат Әділбаев, Семей қалалық салық басқармасының бастығы:

Семей қаласы бойынша салық түсімі 21 миллард теңгені құрады

— Салық төлеуші 20 минуттан артық кезекте тұрмау керек. Осының барлығы біздің орталықта қаарстырылған. Бірінші қабатта біздің жеке тұлғаларға арналған ақпаратты қабылдау және оны өңдеу, екінші қабат кәсіпкерлерге арналған орталық, мынау үшінші қабат біздің өзіміздің заңды тұлғаларға арналған орталық.

Өткен жылы Семей қаласы бойынша салық түсімі 21 миллард теңгені құрады, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 миллиардқа артық.

Бұл мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолдау жасауы арқасында мүмкін болып отыр, дейді мамандар.

По сообщению сайта Nur.kz