Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Назарбаевтың атына еліміздің түкпір-түкпірінен қолдау хаттар ағылып келуде

Дата: 19 февраля 2011 в 20:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Назарбаевтың атына еліміздің түкпір-түкпірінен қолдау хаттар ағылып келуде

Жүрекжарды тілектерін арнайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына еліміздің түкпір-түкпірінен жүрекжарды тілектерін арнап, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі шешіміне қолдау білдірген хаттар мен жеделхаттар ағылып келуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласынан үндеу-хат жолдаған жастар қоғамдық ұй­ым­дарының бір топ жетекшілері мен жоғары оқу орын­да­рының студенттері: «Жастық ынтасын, жігері мен күш-қай­ратын Қазақ­станның келешек дамуына арна­ғысы келетін Алматы қаласының жастары аты­нан Сіздің сайлауға бай­ла­нысты шешімдеріңізді шын жүректен қолдайтынымызды біл­діре отырып, әрқашанда Сізбен бірге екенімізді жеткізгіміз келеді», – деп жазады.

Үндеуге «Заң­ғар» шығармашылық бір­ле­с­ті­гі­нің төрағасы А.Қы­рық­бай, «Қа­ламгер азамат» жас тілшілер қоғамдық қорының ат­қа­рушы директоры Е.Жақыпбай, Қазақ­стан Жастар одағының төрағасы Ә.Тұрдығұлов және басқалар қол қойған.

Сондай-ақ, «Асыл Ана» әйелдер бірлестігі атынан жеделхат жолдаған Астана тұр­ғыны Теңдік Сәрсекеева мен Атырау өңірінен хат жазған Ж.Жүкесова Президентке то­лай­ым табыстар тілейді. 

Сізге Жамбыл Жа­баев­тың жасындай ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тілеймін

Хат жолдаушылардың ішінде шет елдерде тұратын қан­дас­та­ры­мыз да бар. Өзбекстан Рес­пуб­ли­касының Ташкент об­лы­сы­нан Ордабек Андаханов бы­лай деп жазады: «Сізге Жамбыл Жа­баев­тың жасындай ұзақ ғұмыр және мықты денсаулық тілеймін».

Қарағанды облысынан хат жазған бір топ спортшы Ел­басын қазақстандық спорт­шы­лар­дың 7-ші Қысқы Азия ойындарындағы жарқын жеңі­сі­мен құттықтайды.

По сообщению сайта Nur.kz