Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Сырдария бойында су тасқынының алдын-алу шаралары жүргізілуде

Дата: 20 февраля 2011 в 07:20

Сырдария бойында су тасқынының алдын-алу шаралары жүргізілуде

Қызылордада су тасқынының алдын-алу шаралары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Сырдария өзенінде жыл сайын туындайтын қысқы және көктемгі су тасқынының алдын-алу қамына кірісті. Мамандардың айтуынша өзеннің қауіпті деген тұстары толықтай бақылауға алынған.

Жалпы облыс аумағындағы Сырдария бойында 55 қауіпті аумақ бар. Оның барлығын қадағалау 81 мекемеге бекітіліп, 331 техника әзірленді.

Былтыр республика бюджетінен бөлінген 614 миллион теңгеге көптеген бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілген.

Ал мұз жару және материалдық қорлар жасауға облыстық бюджеттен 166 миллион теңгедей қаражат қаралған. Қазір өзенге Шардара су қоймасынан секундына 250 текше метр су тасталып жатыр. Оның 50 текше метрі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Көксарай су реттегішіне алынуда. Сыр бойындағы бірнеше арналарға да су жіберіліп жатыр.

Өзенде қатқан мұздың орташа қалыңдығы 31-59 сантиметр. Қазіргі таңда мұз Шиелі ауданының Тартоғай ауылы тұсынан өтті. Алдағы бірнеше күн ішінде сең Қызылорда қаласы аумағына жетеді.

Осыған байланысты дайындық барысы пысықталған жиында облыс әкімі Болатбек Қуандықов барлық құзырлы орындар мен аудан әкімшіліктеріне жағдайды жіті бақылап отыруды тапсырды.

Мамандардың айтуынша жоғарыдан жіберілетін су көлемі ақпан айының 11-інен бастап біршама азайтылды. Соған байланысты жақын күндері дария деңгейі бір метрге дейін төмендеуі тиіс. Бұл өз кезегінде сеңнің еш қауіпсіз жылжуына септігін тигізеді.

Сырдария былтырғы деңгейге қарағанда 1 метр 47 сантимерт биік қатып тұр

Әмірқұл Жылқайдаров, Дүлей апаттар алдын-алу және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы:

— Сырдария өзенінде 650 куб маңайында су қатқан. Ол былтырғы деңгейге қарағанда Сырдария 1 метр 47 сантимерт биік қатып тұр. Соған байланысты мына дарияның жағасындағы қысымына шыдамай жер асты сулары шығып, елді мекен, ауылдарда дарияның жағасындағы кейбір жерлерде жер асты сулары алынуда.

Бірақ та қазіргі жұмыс 140 километрдей қалды Қызылордаға мұздың өтуіне. Күн суытуына байланысты оншақты күннің ішінде өтіп кетуі мүмкін. Ешқандай қауіп жоқ. Барлық дайындық бар.

По сообщению сайта Nur.kz