Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әбіш Кекілбаев. Жүнді барақ

Дата: 21 февраля 2011 в 00:40

Әбіш Кекілбаев. Жүнді барақ

Желтөбенің етегіндегі ауылға енді жақындай бергенде барып байқады — батар күн қүлақтанып тұр екен. Таяқ жеген қатынның көзіндей талаурап алыпты. Шашып тұрған сәулесі де ақ теңбіл, көк теңбіл, сары теңбіл боп әлемтапырықтанып кетіпті.
Сойдақ тіс Сабырдың жүрегі дір ете қалды. Осы бір кішкене қыстақты шошытатындай сұмдық-ақ көп екен  бұл дүниеде. Таң атпай жатып қатыны Күнше: «Шал-ау, түнде түсімде немістер біздің разъезді бомбылап жүр», — деп бір күңсітіп еді. Станңияның басында почтаға кіріп бара жатқанда Күйгентоғайдың дүкеншісі Дабылбайдың жолыға кеткені. Байғұстың жалғыз ағасы Ахметшені аюлар тас лақтырып мерт қылып кетіпті. Сиыршы еді. Өзен бойынан сиырын бауырайға айдап бара жатса, шоқ тоғай жақтан бақырған дауыс шығыпты. Мылтығын қолына алып, атын тебініп тоғайға кірсе, қобыраған маймақ аяқ сауыншы қатынды қолтығынан сүйрелеп, әлдеқайда дедектетіп алып барады екен. Жалма-жан тарс еткізіп ауаға атып жіберсе, жан керек мақұлық қатынды тастай салып қаша жөнеліпті. Содан өшіккен бе мал өргізіп шықса болды, бір аю тау бауырайынан тасыр-түсыр тас домалатып, қу жынысқа сіңіп жоғалды дейді. Ақыры қапысын тауып, атын құлатып, өзін мертіктіріп кетіпті. Сабыр бұған басын шайқай-шайқай почтаға кірсе, пісте мұрын секпіл бет қыз:

Аға, мына араға қолыңызды қойыңыз да, мына қағазды алыңыз, — деп қақшаң ете қалғаны.

Бұл немене? — деп еді.

Сіздің разъезден соғысқа кеткен Текес Қайыровтың қазаға ұшыраған хаты, — деді.

«Е, бәсе, бір сұмдықтың боларын сезіп едім-ау», — деді ол ішінен...
Енді, міне, сол бір жапырақ қағаз жүрек тұсын қаралай мұздатып келе жатқанда құдайдың күні одан сайын қу шұнақтанып қоя берді.
Бетін ыққа салып, бір қырындап, бұқшиып келе жатқанымен бәрін байқап келеді. Анау өзеннің ар жағынан қатқан күртікті күтірлетіп келе жатқан аңшы Аманңұлдың күрең бестісі. Сонау шеттегі үйдің ығында қаңылтыр шелекті даңғыратып жүрген Текес сорлының он жасар қызы Бәтес. Темір жолдың бойында рельсті тық-тық ұрып жүрген соның әйелі Ажар. Сырмақ күртесін киіп ап, ертелі-кеш жолды қарап тентірейді де жүреді. Ажар десе ажар. Екі беті қызыл алмадай албырайды да тұрады. Көзі тостағандай. Көргеннің көзінің жауын алып жайраңдап жүретін еді. Бейбақ боп қалғанын әлі білмейді. Ол жетіп келмей тұрғанда үйіне аяқ іліктірсе екен. Үйреншікті әдетіне басып, жүрексіне тіл қатып: «Қайнаға, біздің үйдің кісісінен хат жоқ па екен?», — десе,  бұл не демекші...
Атын тебініп-тебініп қойды. Жан-жағын пішен үйіп қымтап тастаған тәпене қорасына кіргенде жүрегін зорға басты.
Манадан бері албастыдай басып келе жатқан кенеп қапшықты төрге лақтырып тастап, пештің алдына барып, алақанын отқа тосып, ыстық табымен бетін сипады. Сосын орынан тұрып есікке беттеді. Алая қараған Күншеге:

—  Аманқұлға барып келем, — деді.
Есік алдына шығып, шағын ауылдың о жақ, бұ жағына тағы бір көз салды. Текестің екі баласы бірін-бірі жетектеп үйлеріне кіріп барады. Шешелері мойынына иін ағаш салып өзен жаққа беттепті.
Сабыр орта тұстағы түтіні будақтай шығып жатқан қоңыр үйге қарай аяңдады.
Аңшы шәйін алдына енді ғана алған екен. Есігінен аттасаң, тұмсығың төрін сүзетін жеркепенің жартысына отын үйіліпті. Сабыр тоны қаудырлап, отынның үстіне отыра кетті. Сөзді Аманқұл бастады.

Сабыр, сен әрлі-берлі жүргеніңде із көрмедің бе?

Жоқ. Ондай ештеме көзіме шалынбады.

Жаңа қайтып келе жатып байқадым, ауылдың ту сыртына аюдың ізі кепті. Біразырақ ілесіп керіп ем, Аңырақтың аңғарына бара бергенде, қас қарайып кетті де, кері оралдым.

Жаңыл кемпір елеңдеп сыртқа құлақ түрді.
— Бала жылай ма?
Соның арасынша-ақ ботадай боздаған екі бала кіріп келді.
Жаңыл кемпір баж ете қалды:

— Бәтессің бе, айналайын не болып қалды? Апаң қайда?
— Апам мана суға кетіп еді, әлі жоқ.
-Не дейді? Қашан кетті?

Бағана, атам аттан түсіп жатқанда.

Одан бері бір шәй ішім уақыт өтті ғой. Мына тұрған суаттан әлі жете алмай жүргені ме?

Екі шал түрегелді. Аманқұл төрдегі қара мылтықты қарына іле кетті.
Сырт тас қараңғы. Аяз қарып тұр. Аяғыңды басқан сайын қарыш-қарыш тіс қайрайды. Суатқа беттеген соқпақтың ен бойында көз кідіртер ештеңе жоқ. Өзеннің қабағындағы қар айырттан. Әне әлдене қарауытты. Ойық. Оның басы да жым-жылас. Екеуі дереу кері бұрылды. Қайтарда да ештеңе көрінбеді. Кенет... Жайпауыт қабақтан аса бергенде жолдың оң бетінде әлдене күңгірт қарауытты. Аманқұл мылытығымен түртіп көріп еді — күбі. Қолдап су таситын қайың қара күбі. Төңірегі дөңгеленіп қарайып қалыпты. Төгілген су. Әлдекімдер опыр-топыр алысыпты, жолдың жиегі опырылыпты. Шалдардың жүрегі су ете қалды.
Аманқұл мылтығын алып оқ атты. Суық кештегі жақпар тастар таңқ-таңқ жаңғырықты. Бірақ, одан бөгде дыбыс шықпады. Сілейіп-сілейіп біраз тұрып екі шал үйлеріне қайтты.
Ажар сол кеткеннен мол кетті. Хабары шықпады. Қапелімде үрпиісіп қалған ауыл бірте-бірте оны да есіне ала бермейтін болды. Тек кішкене Бәтес қана көндіге алмады. Ылғи көзі білеудей болып жылап жүрді. Ақыры қызылшаға тап болып өлді. Төрт жасар Кәрім Жаңыл кемпірге бауыр басып алды.
Жаз шыға Аманқұл қария атына мініп аңына аттанды. Оның оралатын көзін бүкіл ауыл асыға тосатын. Анадайдан қарасы көрінгеннен-ақ тайлы-таяғы қалмай, оның жер кепесінің қасына жиналатын. Балалар жағы шыдай алмай алдынан жүгіретін. Бүгін де сандарын бір-бір шапақтап алып, өкшелері жарқылдап шапқылай жөнелісті. Жете бере күндегідей бірі алдына, бірі артына жабыспай, аңтарылып тұрып қалды да, дереу ауылға қарай қызыл танау боп қайта шапты.
Не боп қалды деп ентелескен жұрт аңшының артына біреудің міңгесіп келе жатқанын көрді.
Аманқұл аңшы аң іздеп, тау кезіп жүреді де, шаршаған соң тынықпақ боп, атын көгі қалың өзектің бойына жіберіп, анадай жерде сеңкиіп тұрған оқшау жартастың үстіне барып қисаяды. Ту сыртынан күн қыздырып, сәл мызғып барады екен. Біреу көйгөйлеп жылағандай болды. Әйелдің үні. Қапелімде жүрегі дір ете қалды. Түсаулы тұрған атына қарай ұмтыла берді де, әлгі үн тап аяғының астынан шыққандай болған соң, бойын жиып алып, жартастың о жақ, бұ жағына үңіле бастады. Үн күңгей беттен шығатын сияқты. Мылтығын қолына алып, жартастан төмен түседі. Шынында да үңгір бар екен. Әлгі көйгөй түп-тура содан естіліп жатыр.
— Әй, кім бар мұнда?
Дауыс тиыла қалды.
-Адам болсаң, жөніңді айт. Әйтпесе, атам. Тым-тырыс. Аңшы мылтығын үңгірдің төбесінен асыра атып қалып еді. Оқ шиық-шиық тасқа тиді. Үңгірдің іші баж ете қалды. Анық әйел даусы.
— Айтасың ба жөніңді, жоқ па? Шық бермен!
Тағы да тым-тырыс. Шал мылтығын тағы да тарс еткізді.
— Егер  бас артық киіміңіз болса,  лақтырып жібереңізші. Шығуға ұялып тұрмын, -деді біреу үңгірдің түбінен.
Шал жалма-жан шекпенін шешіп лақтырды. Сол-ақ екен, теңкиіп жатқан дәу қара тастың ар жағынан қобыраған шаш көрінді.
Ажар сөйтіп ауылға оралды. Келген әзірде жұрт топырлап төңірегін босатпап еді. Қазір сейілді. Оң жақ босағада жападан жалғыз отырады да қояды. Баяғы абысын-ажынның ешбірі маңына жоламайды. Осы отырғаны отырған. Мынау төрт қабырға мен кең әлемнің бір жапырақ үзігін ғана көзіне тосқан сығырайма терезе. Содан басқа қаймықпай көз салары да жоқ. Кәрім екеш Кәрім де бұған жуымайды. Қобыраған шашы, қара мүйізденіп жарылып-жарылып кеткен үсті-басы — бәрі де жұртты шошытатын болса керек. Анадайдан состиып-состиып тұрғандары. Бір күні бүл үйде жалғыз отыр еді, жүгіріп кеп, Кәрім есікті ашты.
— Апа, апа..., — деп айқалай кірді.
— Немене, құлыным?
Бала жалт қарады. Бұны көріп қалт тұрып қалды. Ажар орынан көтеріле беріп еді, бала бақырып сыртқа қашты. Бұл қуып жетіп ұстай алды. Кәрім тулап бұлқынып жүр. Кенет Ажар пәлен уақыттан бері ұмыт болған ашуға мініп, Кәрімді жақтан шапалақпен тартып-тартып қалды. Сол арада үйге Жаңыл кемпір кіріп келді.
«Ажар,   жынданып  кетіпті,   Кәрімді  қылғындырып жатқан жерінен Жаңыл кемпір үстінен шығып, әзер айырып алыпты», — деген хабар дүңк-дүңк етеді. Шақыртылмаған, қараттырмаған тәуіп пен бақсы да қалмады. Әуелі келіншектің қол-аяғын байлап апанға тастады. Артынан Аманқұл шал: «Бүйткенше өлтірсеңдерші, жұртым-ау»,   — деп   аңыраған   дауысынан   төбе   құйқам шымырлайды», — деп босатып алып, үйінің қасындағы шошалаға салып бақты. Арпалысып бой бермей жатқан ештеңесі жоқ. Тыныш. Берген тамағыңды ішеді. Үндемейді. Сабырдың қалтасындағы баяғы бір тілім қағаз тозып бітті. Әуелі соның хабарын сұрайтындай бейшара әйелге жуымай жүрді. Сосын бір кездегі албырап тұратын жүзі үсік шалған алмадай бүрісіп қалған мүскінге мүсіркей қарады. Ешкіммен ісі жоқ енжар жанарынан күдерін үзіп, бірте-бірте тіпті маңайына баруды да қойды.
Аманқұл бір күні аю атып әкелді. Жұрт бұған да мәз-мәйрам болып қалды. Дін ашпаған тек Ажар ғана. Ол сонау көгілдір тауларға қарап мелшиген күйі мізбақпай отыр. Аюда да, оның жүнді барақ терісін қызықтаған абыр-сабыр жұртта да еш ісі болмады.
Ертесіне таңертең шошаладағы Ажар із-түзсіз жоқ боп шықты. Жел жақтағы кермеге іліп қойған аю терісі де зымқайым жоғалыпты.
Арада бір апта өткең соң Аманқұл аңнан болдыртып қайтты. Екі көзі қызарып, бет-алды күлгін тартып, қабағы салбырап кетіпті. Кемпірінің шәйін бірер ұрттады да төсек салдыртып, оранып жатып қалды.
Көп тілге де келген жоқ. Бар айтқаны: Ажар әнеү күнгі аюдың терісін бауырына басқан күйі баяғы үңгірдің ауызындағы қара тасты құшақтай құлапты.
1961 жыл.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы