Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Тәуелсіздігім – Тәңірден жеткен тәтті сый» деген кеш өтеді

Дата: 21 февраля 2011 в 09:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Тәуелсіздігім – Тәңірден жеткен тәтті сый» деген кеш өтеді

Алматыда бір тамаша ақын тұрады. Өлеңдері сондай ұтқыр, ойлары терең, ұйқастары шымыр.

Жеке жыр жинағы да шыға қоймаған. Жазушылар одағының да мүшесі емес. Бірақ бірді-екілі жыр додаларында алдына қара салдырмай, бас бәйгені иеленген. Қазақтың қара өлеңіне адал, сөзге ұста ақын уақыт өткен сайын өз оқырманын көбейтіп келеді. Ол ақынның есімі – Жамбыл.

Атақты сөз зергері Сүйінбайды пір тұ­тып, қызыл жолбарысты киесі санаған жыр алыбы Жамбылдың есімін иеленген бұл ақын – Алматы қаласындағы №131 мек­теп-лицейінің 3-сынып оқушысы.

Ол жай ғана бала емес, ол – туа бітті ақындық да­рын иесі.

Мектепте озат, сыныптас­та­ры­ның алды. Тілі ерте шығып, қатарынан оза туған оның бойындағы ақындық қабілеті тым ерте аңғарыла бастаған. Алғашында балаларының мұндай ерекшелігіне мән бермеген ата-анасы, келе-келе кішкентай Жамбылдың жұдырықтай жүрегінде үлкен таланттың буырқанып жатқандығын анық сезеді. Қазір ол жеті жаста. Әдетте мұн­дай жастағы балдырғандар былдыр­ла­ған тақпақтар жазып, өлең жолдарын да әу­пірімдеп ұйқастырғандай болады.

Өнер адамға Алладан беріледі дейді.

Сол қасиетті ұстай білген жан ғана биікке кө­теріліп, өзін мойындата алады. Табиғи да­рын мен айрықша қабілеттер адам бо­йынан бірден байқала бермейді. Біреудің таланты ерте ашылып, біреуінікі кеш бай­қалып жатады. Десек те Тәңірден беріліп, қан­мен сіңіп, ана сүтімен дарыған ерекше дарындылықты тынымсыз еңбекпен ұш­тас­ты­р­маса, бұл қасиеттерден айырылып қалу да қиын емес. Әйтсе де «Талант тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген сөз бар.

Демек, қазақ айтатын «Өнерлі өрге жүзеді», «Өнерліге өріс кең» дейтін сөздер тегін айтылмаса керек. Құдайға ш­үкір, қазақта осындай өнері өрге жүзген, ой-өрісі кең жас жеткіншектер аз емес.

Бірақ Жамбылдың жөні тым бөлектеу секілді. Оның шығарған өлеңдері ересек ақындардың қаламынан туған сияқты, «теп-тегіс, жұмыр келген айналасы» – сауатты жазылған жырлар. Осының тегін емес екеніне көз жеткізген анасы талантты тұншықтырып алмайық деп, баласын ақындыққа баулып, поэзияның қыр-сырына қанықтырып, онсыз да бұлқынып тұрған талантын ұштауға кірісіп кетеді.

Ма­қа­таевтың 80 жылдығына орай өткізілген қа­лалық, одан кейін республикалық бай­қауларының бас жүлде иегері

Қазіргі уақытқа дейін кішкентай Жам­былдың жеткен үлкен жетістіктері де бар. Ол – «65 жыл толды бүгін Ұлы Жеңіс­ке!» ат­ты қалалық байқаудың, Бауыржан Мо­мыш­ұлының 100 жылдығына орай ұйым­дастырылған поэзия оқуының, М.Ма­қа­таевтың 80 жылдығына орай өткізілген қа­лалық, одан кейін республикалық бай­қауларының бас жүлде иегері. Шығар­ма­шылық жетістіктері үшін Б.Мо­мыш­ұлының 100 жылдығы қарсаңында арнайы төс­бел­­гі­мен марапатталған.

«Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,

Қара нар боп көтеремін жүгіңді.

«Қазағым» деп қарс айрылған жүрегі,

Бала Жамбыл мен боламын бүгінгі!»

– деп жыр толғап, өлең өлкесіне емін-еркін еніп келе жатқан жеткіншек ақын енді қалың оқырманының басын қосып, сали­қалы жыр кешін өткізбекші. Жас шыбықтай жайқалып өсіп, енді ғана бүр жарып келе жатқан жас талантқа шығармашылық табыстар тілейміз. Қаламы ұштала берсін. Алла тіл-көзден сақтасын!

Дүйсен ИБРАИМОВ, Жамбылдың әкесі:

– «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» деуші еді, ұлымның шешесі – Мұқағали туған Қарасаз ауылының тумасы. Есімін де Жамбыл атасындай дарынды бол­сын, көп жасасын деп ырымдап қойған едік. Өзі зерек әрі алғыр. Екі жасынан бас­тап тілі шықты. Әріптер мен сан­дар­­ды да сол кішкене күнінен мең­герген. Баламның өлең шығарып, бір­де­мелерді шимайлап жүретінін байқа­ға­нымызбен, алғашында аса мән бере қой­­мадық. Жарым – Кәмшат тіл ма­маны, әдебиетке жа­қын адам. Жам­был­­дың қарым-қа­білетін шыңдап, тәр­­­биелеп жүрген де – сол. Бірақ ба­ла­ға кішкене бағыт-бағ­дар бергеніміз бол­­маса, жазғанын қайта ши­майлап, кө­­мектескен емеспіз. Ақын­дық қолдан жа­салатын өнер емес қой. Қа­нында бол­маса, қанша үйретсең де ешкім ақын бола алмайды. Байқауларға қа­тыс­қанда әділқазылардың талайы оның жазғандарын оқып шығып, «осы­ның бәрін, шынымен, өзің жаздың ба?» деп таңғалады. Олар тұрмақ біз де таң­ғаламыз. Бұл Құдайдан дарыған қа­­­білет деп білемін.

Жамбылдың жыры — Мәртебелі елім!

Жас ғасыр толы думан, шаттық үнге,

Қайта оралдым жоғалған дәстүріме.

Еңселі елміз бүгін егеменді,

Қол жетті арман еткен жақсы күнге.

Құшағын кеңге жайып қанатының,

Жаңғырып, жатыр бүгін Ана тілім.

Татулық ұран болған бұл өлкеде,

Тапқандай ұлы достық жарасымын.

Ұрпағы ұран еткен баба даңқын,

Қазағым – қасиетті, дана халқым.

Елміз біз еркіндігін ту ғып өткен,

Ертеңі, болашағы – жаңа, жарқын!_
 

Бұл кеш «Тәуелсіздігім – Тәңірден жеткен тәтті сый» деп аталады

Құлаққағыс!

«Жас Отанның» жанындағы «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен 23 ақпан күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филармониясында Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Жамбыл Дүйсеновтің жеке шығармашылық кеші өтеді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және жыр алыбы Жамылдың туған күніне орайластырылған бұл кеш «Тәуелсіздігім – Тәңірден жеткен тәтті сый» деп аталады. Басталуы сағат 18.00-де.

Жас қалам иесіне қолдау көрсетейік, қадірлі өлеңсүйер қауым!

По сообщению сайта Nur.kz