Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Мәскеуде даңқты қолбасшының салтанатты кеші өтті

Дата: 21 февраля 2011 в 10:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Мәскеуде даңқты қолбасшының салтанатты кеші өтті

Мәскеуде Кеңес Одағының Батыры, Мәскеудің аңызға айналған қорғаушысы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналып «Аты аңызға айналған батыр» атты салтанатты кеш болып өтті.

Орталық әдебиетшілер үйінде өткен іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, белгілі қазақстандық және ресейлік мәдениет қайраткерлері, Мәскеудегі қазақ қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, сонымен қатар Ресейдегі ҚР Елшілігінің қызметкерлері қатысты.

Кешке жиналған қауым аты аңызға айналған батыр жайлы естеліктерімен бөлісіп, халық батырымен болған жеке кездесулерге қатысты тарихи оқиғалар туралы баяндады.

Кеш барысында Б.Момышұлының шығармалары, мақал-мәтелдері жайлы айтылып, оған арналған өлеңдер мен майдан әндері орындалды.

«Ресейдің халықтық-патриоттық одағы» Бүкілресейлік қоғамдық бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі, запастағы генерал-майор Юрий Фотинов атап өткендей, Бауыржан Момышұлы — қазақ және орыс халықтары арасындағы достықтың символы, қазақ халқының біртуар азаматы.

Бауыржан Момышұлы — қазақ және орыс халықтары арасындағы достықтың символы, қазақ халқының біртуар азаматы

Іс-шараны Ресей Жазушылар одағы, Орталық әдебиетшілер үйі мен «Қазақ тілі», «Мұрагер», «Жас қанат» атты қазақ ұлттық-мәдени қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтаса отырып РФ-дағы ҚР елшілігі ұйымдастырған.

 

По сообщению сайта Nur.kz