Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қызылордалық Рустам Сыбаев — еліміздің екі дүркін чемпионы

Дата: 21 февраля 2011 в 11:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚЫЗЫЛОРДА. 21 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ — Кеше Алматыда аяқталған бокстан Қазақстан чемпионатында 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қызылордалық Рустам Сыбаев чемпион атанып, осы мәртебені екінші мәрте жеңіп алды.

Финалда Сыр бойының саңлағы астаналық Бақытжан Қожабековпен қолғап түйістіріп, оны 16:3 етіп, айқын басымдықпен жеңді. Қызылордалық боксшы бұған дейін бір рет, 2009 жылы 64 келіге дейінгі салмақта еліміздің чемпионы болған еді. Ал былтыр 69 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, ақтық сында шығысқазақстандық Манат Өмірзақовқа есе жіберіп алған. Бірақ жартылай финалда атақты боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы қарағандылық Серік Сәпиевтен басым түскен болатын. Осылайша бұған дейін еліміздің бір мәрте чемпионы, бір мәрте күміс жүлдегері болған халықаралық дәрежедегі спорт шебері Р.Сыбаев чемпиондығының санын тағы біреуге арттырды. Рас, бұл жолы осы салмақтың лидері С.Сәпиев жаттықтырушылардың шешімі бойынша біріншілікке қатысқан жоқ.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы