Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ОСК президент сайлауына қатысуға өтініш қабылдауды аяқтады

Дата: 21 февраля 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ — Арсен Бектасов. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауына қатысуға үміткерлерден өтініш қабылдауды аяқтады.

«20 ақпан күні сағат 24-те біз сайлау науқанына қатысуға ниет танытқандарды кандидат ретінде тіркеу туралы өтініш қабылдауды тоқтаттық», — деп мәлім етті ОСК қызметкері.

Оның мәліметтеріне сәйкес, ОСК-ға кандидат ретінде тіркелу туралы 22 адам өтініш берген. Олардың бесеуі мемлекеттік тілді еркін меңгеруден емтихан тапсыра алмай, сайлау жарысынан шығып қалды: бұл — Уәлихан Қайсаров, Қанат Есжанов, Толыбай Баймұрзин, Майя Қарамаева, Адалбек Құнанбаев. Екеуіөз еркімен тіркеуден бас тартты: Зәуре Масина мен Советқазы Нұрсилә. Ондай-ақ, мемлекеттік тілден емтиханға бірнеше рет келмей қалған Амантай Асылбекте сайлауалды жарыстан шығып қалды.

Осылайша, 20 ақпандағы жағдай бойынша ОСК-ның ақырғы тізімінде 14 адам қалды. Олардың біреуі ғана — қазіргі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президенттікке кандидат ретінде тіркеуден өтті.

Қалғандар — Сәлім Өтен, Мұсағали Дуамбеков, Қанат Турагелдиев, Жамбыл Ахметбеков, Гүлдана Тоқбаева, Мэлс Елеусізов, Ғани Қасымов, Мейрамкүл Қожағұлова, Жақсыбай Базылбаев, Мұрат Телібеков, Біржан Ділмағамбет, Құрманғазы Рахметов және Серік Сапарғали үшін бұл процедура әлі алда. Аталған 13 адамның соңғы алтауы әлі мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға тиіс.

Кандидаттарды тіркеу 2 наурызда аяқталады.

Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 3 сәуірде өтеді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы