Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

NUR.KZ сауалнамасы. Оңтүстік жұртын мазақ қылу орынды ма?

Дата: 21 февраля 2011 в 12:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

NUR.KZ сауалнамасы. Оңтүстік жұртын мазақ қылу орынды ма?

Жасыратыны жоқ, Шымкент десе республиканың өзге өңірлері тұрғындарының елең ете қалатыны бар. Елең ете қалуларының да себебі әртүрлі.

Біреу­лер оңтүстіктің табиғатының жанға жайлылығына қызығып жатады, енді біреулер адамдарының жақсы өмір сүруге бейім екендігіне таңғалады.

Бұл өңірде ылғи алаяқтар, қулар, сұмдар өмір сүреді деп ойлайтындар да, өкінішке қарай, аз кездеспейді. Шымкент десе, шымкенттіктер десе, жиырылып қалатындар да – солар.

Оңтүстік Қазақстан облы­сы­ның өз­ге өңірлермен салыстырғанда көп ерек­ше­­ле­нетіні рас.

Бұл – рес­пу­бликадағы аумағы бо­йын­­ша ең шағын облыс, ал тұр­ғындары­ның саны жағынан бұл ай­мақ­тың алдына ешкім түсе ал­май­ды. Де­мек, мұнда адам­д­а­р бір-бі­рі­мен бәсе­­ке­лесе өмір сүруге бе­йім. Бы­лайғы жұрт­тың «шеттерінен пы­сық» дей­тіні содан бо­луы керек. Бұл жерде пысық бол­масаңыз, бей­нет­қор болма­саңыз, күн көре ал­май­сыз.

Бұл жерде пысық бол­масаңыз, бей­нет­қор болма­саңыз, күн көре ал­май­сыз

Жалпы, Шымкентті, шымкенттік­тер­ді анек­­дот қылудың сыры тым те­реңде. Бұ­ған қазақтардың, қазақ­стан­дықтардың түк те кінәсі жоқ. Себебі Шымкент анек­дот­қа бүгін ғана айналып отырған жоқ. Кө­не­көз­дер бұл әңгіменің шыққанына ке­мінде жарты ғасырдан асқанын ай­тады. 50-60-шы жылдары сту­дент болған шым­кенттіктер «оңтүс­тік туралы әзіл әңгімелер сол кезде-ақ айтылатын еді» дегенді жоққа шы­­ғармайды. Демек, бұл әңгіменің ар­­тын­да кеңестік идеология тұр.

Ке­ңестік идео­­логияға ұлттық си­патын сақтап қалған бір­де-бір ел ұна­майтын еді.

Өзбек пен тә­жік­тің, кав­каздықтардың анекдот бо­­ла­ты­ны содан. Қазақстанның солтүстік об­­­лыс­тары тың игеру салдарынан тез оры­с­танды да, оңтүстік жұрты өз­дерінің ұлттық мен­талитетін, салт-дәстүрін, дінін көпті­гінің ар­қа­сында сақтап қалды. Бұл ұлы­орыс­тық шовинизммен ауырған КСРО идео­­логтеріне тіпті де ұнаған жоқ.

Содан бұлар «феодал» деді, «өзбек болып кет­кен» деді, ең аяғы «Техас» деп бір-ақ тоқ­тады. Бәрі сол «бұлар да неғып біз сияқты орыс бол­май­ды» дегеннен туған қыжыл. Қыс­қа­сы, аз қазақ бірін-бірі анекдот қы­лып отыратын дәрежеге жетті, ке­ңес­тік идеологияның дегені болды.

Ал шын мәнінде… Әрине, ел бол­ған соң жақсы да, жаман да қа­тар кездесіп оты­­­рады. Алайда Шым­­кент – қалай бол­ғанда да ұлт­тың ұлт болып сақталып қа­луына са­налы түрде болсын, стихиялы түр­­де бол­сын, ерекше еңбек сі­ңір­ген өңір.

Мұндағы әр шоқы тарихтан сыр шертеді, әр қырат – тұнып тұрған руханият.

Бұл өңір­дің адам­дары ке­шегі қиын-қыстау кезеңде өз­ге­лер­ге жұтылып кетпесе, Оты­рар­дағы отыз баб, Түркістандағы түмен баб, Сай­рамдағы сансыз баб, бабтардың бабы – Арыстанбаб қолдап, желеп-же­беген шы­ғар, бәлкім.

«Әзіреті Қа­ратау – әулие­лер­дің кені еді» де­ген өлкеңіз де осы өлке. Де­мек, бұл өлке рухани орталық болуға өзінен-өзі сұранып тұр. Елбасының «Шым­кент­ті республика­дағы үшінші қа­ла­ға ай­нал­дырамыз» деуінің аста­рын­да осындай ру­хани сыр жатыр. Бұл елдің ерекшелігін ең бірінші Ел­басы аңғарғанын білдіреді.

Қазақтарды ұлтсыздандыру үде­рісі өте ертеде басталған

Сағынғали ӘУБӘКІРОВ, Академиялық инновациялық университет проректоры:

– Қазақтарды ұлтсыздандыру үде­рісі өте ертеде басталған. Мен жоғары оқу орнын 60-жылдары бітір­дім. Бұл үдеріс біздің студент кезімізде тіп­ті бел­сенді жүргізілді десе болады.

Мә­селен, Кеңес өкіметі біздің ата-ба­ба­ла­ры­мызды сауатсыз деді, надан деді.

КСРО болмаса, қазақ халқы тура қы­ры­лып қалатындай етіп түсіндірді. Сон­дай-ақ сол кездері интерна­цио­налдық не­келерге де өкімет үлкен қолдау көрсетіп, өзгелерге үлгі ре­тін­де ұсынып отырды. КСРО идеологте­рінің жымыс­қы саясаты толығымен жүзе­ге аспаса да, өкінішке қарай, еліміз­дің солтүстік аймақтары түгелге жуық орыстанып кетті. Оны айтасыз, мына тұр­ған Ал­матының өзінде жастар ара­сында қа­зақша сөйлеу өте бір ұят нәрсе сияқты кө­рінетін. Дегенмен Қазақстан­ның оңтүстік өңірі дәл осындай қиын-қыстау заманда өзінің қазақы мен­та­литетінен айырылған жоқ. Демек, оң­түс­тік жайында анекдоттар шығарып, олар туралы теріс пікірді сол кеңестік идеологтер ойлап тапқан деген сөзіңізге толықтай қосыламын.

Мұзафар ҚҰТТЫҚОВ, кәсіпкер:

– Біз 80-жылдары студент болдық. Сту­дент кезімде «Қайраттың» ойы­нынан қалмайтынмын. О тоба, Құ­ралбек пен Сейілдә жарақаттанып қалса, құрамада бір қазақ болмайтын. Сол кезде ғой, Әбділдә Тәжібаев бастаған бүкіл ұлт зиялылары «Қазақ әдебиетіне» мақала жазып, Алаш Өтеуішев деген бір қанда­сы­мызды алаң­ға шығартқан. Сонда функ­ционерлері бар, бапкері бар, «қа­зақ­­та футбол ойнайтын ешкім жоқ» дегенді ашық айтқан.

Желтоқсан көтерілісінен кейін «Алматы­дағы ВУЗ-дарды оңтүстіктер басып ал­ған» деген айып тағылған

Ұлттық мәселеңіз осылай болып тұр­ғанда, университеттегі кейбір қандас ұстаздарымыз біздің Шымкенттен екені­мізді білсе, жиырылып қалатын. Ақыры Желтоқсан көтерілісінен кейін «Алматы­дағы ВУЗ-дарды оңтүстіктер басып ал­ған» деген айып тағылған. Ал ол айыптың негізі кемінде 20-30 жыл бұрын қаланып қойылған еді.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также