Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Бердібек Соқпақбаев. Өлем-ау, өлем!

Дата: 22 февраля 2011 в 00:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бердібек Соқпақбаев. Өлем-ау, өлем!

Баймырзаның ызасы әбден өтіп бітті. Бір емес, екі емес, үш рет ол маған білгенін істеді. Бірінші рет осы мектепке алғаш келген күні шалқамнан омақастыра жығып, миымды аузыма түсіре жаздады ма? Жаздады. Екінші рет қыруар ақшаға сатып алған жібек белбеуімді шашағын кесіп, істен шығарды ма? Шығарды. Үшінші рет, бүгінгі істеп отырған ісі және мынау. Күнбе күн ол екеуміздің арамызда талай болып тұратын ұсақ-түйек теке тірестер бұл есепке кірмейді.

Жоқ, мен бұған төзе алмаймын. Баймырзаны шексіз басындырып қоя алмаймын. Шешем мені туғанда да қалжа жеген. Мені де ұл деп тапқан. Баймырзадан қалай да өш алуым керек. Басқаларды қайдам, ал менің қайда жүрсем аңдысқан бір жауым болады. Қостөбедегі жауым Жанбосын еді. Мұнда келіп, Баймырзаны таптым. Баймырзадан қалай да өш алуым керек. Қалай алам? Баймырза жалғыз жүрмейді, ылғи да сойыл соғар нөкер жиып жүреді. Ендеше маған да нөкер керек. Бір нөкерім дайын, ол — Рамазан. Тек аздап жүрексіздеу. Тағы бір нөкер таптым, ол — Іргебай.

Іргебайдың үйі бізбен көрші. Әкесі Жаппар қарт адам, аң аулап күнелтеді. Шешесі менің шешем тәрізді о дүниеге сапар шегіп кеткен. Екі әпкесі бар Іргебайдың. Үлкен әпкесі бойжеткен сойталдай қыз. Осы үйді үй етіп отырған сол. Кішісі мен құралыптас.

Іргеш бізден кіші — екінші оқиды. Біздің көшеде Іргебайдан қу, Іргебайдан шақар бала жоқ. Жаныңа келсе, денесіндегі мың бір құрты жыбырлап, тиіскісі кеп, құтырынып тұрады. Тиіспей қоймайды, тілімен болса да шағып алады. Бүкіл Сүмбеде боқтасуға Іргебайдан шебер бала жоқ.

Аңшылықтан өзге кәсібі жоқ Жаппардың хал тұрмыстары нашар-ақ. Екі бөлме үйдің ауыз бөлмесін жауып алуға күштері келмейді. Қар жауса, жауын жауса, ауыз үй толарсақтан саз болып жатады. Сонда өздері төргі бір ғана бөлмеде тұрады. Тамақты сонда ішеді, отын сонда сақталады. Жалғыз сиырдың бұзауы сонда байланады. Әрі үй, әрі қора. Есікті ашып кеп калғаныңызда, жаман бір иіс кеудеңізден соғып, кіргізбейді. Іргебай міне осы үйдің тұрғыны. Таңертең тұрған соң Іргебай жуына ма, жуынбай ма, білмеймін. Ал бірақ оның қолы мен мойнына, құлағының ішіне, жер жоқта, картоп ексе болар еді... Іргештің денесінде қысы-жазы, негізінен, екі-ақ киім болады: қап жейде, тақыр тері шалбар. Екі аяғы алты ай жаз жалаң аяқ. Алдына жан салмай, зымырап жүгіргенде, тақыр шалбар қаудыр-қаудыр етіп, маңайда жайылып жүрген малды үркітеді. Іргебай ойын іздеп (әрі шатақ іздеп), Рамазан екеумізге келуші еді. Бірінші боп өзі тиіседі, үлкен екен деп, бізден жасқануды білмейді. Біз екеулеп Іргебайды жығып саламыз да аямай мытып-мытып аламыз. «Ағатай, ағатай! Енді өйтпейін де, бүйтпейін»,-деп, ол астымызда жатып, ант-су ішіп, жалынады. Босатсаң, періп ұрып жөнеледі. Және жай қашпай, жер-жебіріңе жетіп, боқтап бара жатады. Әкеңнің аузы... кем иек! Кемтар иек! Кесіліп қалған сор иек деп, неше саққа жүгіртіп, шұбыртып боқтағанда, шыдап тұру еш мүмкін емес. Тұра кеп қашқан Іргебайды біз тұра кеп қуамыз. Аяғы аяғына жұғыспай, бұлдырандап жүгіргенде, тері шалбар мықынына түсіп кетеді. Ол оны ышқырынан екі қолдап шеңгелдеп ұстап алады. Жетсең, түлкіше бұлт-бұлт етіп, оңайлықпен ұстатпай ыза қылады. Әбден құтылмасын білгенде ғана күн ілгері ойбайлап, лақтырған тымақтай боп, домалап жата кетеді. Көлденең қараған адам төрт мүшесінің біреуі қирап жатыр екен дегендей. Ойбайлаған даусы «құдайға» жетеді. Іргебайды тағы да мытып-мытып аламыз, ол ағатайлап тағы жалынады. Енді одан мүсәпір, одан көнбіс жан жоқ. Айт дегеніңнің бәрін қайталап айтады.

— Ағатай де!

— Ағатай!

— Көкетай де!

— Көкетай!

— Енді тиіссем, ит, шошқа болайын де!

— Енді тиіссем, ит, шошқа болайын! Доңыз болайын! Хайуанның ішінде ең жаман тағы не бар? Соның нақ өзі болайын! — деп Іргебай артығымен қайталайды.

Іргебайдың бойындағы бір қасиет одан таяқ өтпейді. Бүкіл денесі ет пен сүйектен емес, темір пружинадан жасалғандай. Ұрып жатсаң, біресе ойбайлайды да, біресе сақ-сақ күледі. Мазағы, жалынғаны бәрі бірдей. Шымбайына батырып, мейлінше қатты ұрайын десең өзіңнің қолың ауырады.

Араз кезімізде біз оны «апар-жаппар...» деп, келеке етеміз, ісіміз түссе, Іргеш деп, еркелете қаламыз. Мен міне оған Ірғеш деп қиылып тұрмын. Маған нөкер бол, оңбаған Баймырзаларға біз әлі танытамыз. Олардың қарулары қару ма, тәйірі. Біз нағыз атылатын қарудың өзін жасап аламыз деймін.

Шатаққұмар Іргебайға тамақ бермесең, берме, төбелес тауып бер. Ол менің ұсынысыма қуана-қуана келісті.

Рамазан мен Ірғебай нөкер, мен командир. Енді тек қарулану қалды. Шындап қарулану. Кәдімгі тарс етіп атылатын нағанның өзін жасамақ болдым. Бәлем Баймырзаның үрейін мықтап бір ұшырмақпын. Көздеп атып, жазым қып, пәлесіне қалып жүрмеймін, әрине. Басынан асыра гүмп еткізсем де екі көзі алақандай болмай ма? Менің атағы жер жарған конструктордың иығында тұру үшін жаралған тапқыш басым шын наганды қалай жасауға болатынын оп-оңай-ақ ойлап тапты.

Атамның көне заттар «музейінде» белағашта шыбық тәрізді жіңішке, іші қуыс мыс түтіктер қыстырулы тұратын. Соның бірін дүниеқор қартқа білдірмей жымқырдым да, нөкерлеріммен бірге үй маңынан аулақ оңаша кетіп, іске кірістім. Түтіктен бір сүйемдей кесіп алдым. Бұл — болашақ наганның стволы. Ағаштан істелген ойыншық наганның үстіне әлгі стволды екі жерден сыммен буып бекіттім. Стволдың түп жағы қайырып жапырылған, бітеу. Дәрі аузынан салынады. Түбіне тақау арадан егеумен егеп, тебеннің көзіндей тесік жасадым. Дәріге осы арадан сіріңкемен от бермекпін. Сонымен, кісі өлтіруге жарайтын сұсты қару оп-оңай дайын болды.

Іргебай тақыр шалбарын қаудырлатып, үйіне жүгіре жөнелді де, аңшы әкесінің оқ-дәрі сақтайтын қобдиынан бір уысқа жуық дәрі ұрлап әкелді. Шырпының күкіртін уатып салса да атылар еді. Мүмкіндік боп тұрғанда шын дәрімен атқанға не жетсін!

Стволға әуелі шақтап дәрі салынды. Одан соң қағазбен тығындалды. Оқ орнына бірнеше түйір тас салынды. Және тығындалды. Енді айбынды қаруды тек атып сынау ғана қалды. Үй маңынан алыс кетіп атпасақ, атам естіп, сезік алуы мүмкін. «Үлгілінің» бас жағындағы жаман тамдарға қарай келе жатырмыз. Құр далаға атпай, сауысқан, қарға атып, мылтығымыздың керемет күшін көзбен көріп білгенше асығыспыз. Содан кейінгі кезек менің ата жауым Баймырзанікі.

Ауыл маңында не көп — қарға көп. Жарбиған бір карға тамның қырында ары қарап қонақтап отыр. Бізден сезік алып, ұшайын демейді. Бізді тіпті адам орнына оқынбайды. Шамасы отыз метрдей жақын кеп, тұра қалдым.

— Ал ат!

Әскери адамдардың тік тұрып, наган атқанын көргенім бар. Соларға ұқсап, бір аяғымды алғарақ жіберіп, көздеп тұрмын. Іргебай мен Рамазан екеуі екі жағымда.

Қарға тіпті селт етпейді. Тигізбей қал деп, мені келеке еткендей жалпиған жон арқасын қайта тоса түседі. Стволдың түп жағына, тесікшенің дәл аузына тақап бекітілген шырпы талын сіріңке қорабымен сүйкеп келіп қалайын. Бұдан соң не болғанын есіме алсам, күні бүгінге дейін денем түршігеді. Жарқ еткен кызыл жалын беті-басымды көміп кетті. Наган ұстаған қолымды әлдекім керемет қатты күшпен артқа қарай серпіп лақтырып жіберді. Көзімді тарс жұмып, мөңгіріп тұрып қалдым.

Көзімді қайтадан ашсам, көк ала түтіннің ішінде тұр екенбіз. Бармысыңдар, тірімісіндер дегендей екі нөкеріме қараймын. Бар, тірі, бірақ екеуінің де түрлері түр емес. Көздері бақырайып, боп-боз боп, қандары қашып кеткен. Сия шашыраған тәрізді шұп-шұбар бірдеңе беттеріне жұғып қалған. Менің қолымдағы наган қайда? Наган жоқ.

Неге екенін білмеймін, жарбиған жаман қарға өлмек түгіл ештеңе де болмаған. Анадайда қалбақтап ұшып бара жатыр. Артына жалтақтап қарап қойып ұшады. Өлмесе, өлмесін, зәресі зор түбіне кетіп, қорықты. Наган табылды. О, ғаламат! Жерде жатыр, стволдың орнында оттан суырып алған мыж-тыж жаман қара темір... Біртіндеп есімізді жиып, бірімізден біріміз не болғанымызды зерттеп, қарап жатырмыз. Іргебайдың шекесін оқ сызып кеткен, болар-болмас қан шығады. Қолына жұққан қанды көріп, дереу жылап жіберді.

— Өй, неге жылайсың?

— Өлем-ау, өлем!-дейді Іргебай.

— Осыған да кісі өле ме екен?

— Оқ тиген адам өлмегенде...

Іргебай жылап-жылап басылды. Сірә, өлмесіне көзі жетсе керек. Бірақ оның есесіне:

— Мен саған нөкер болмаймын!-деп, үзілді-кесілді бас тартты.

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы