Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Құлмат Бектұров. Ашық хат

Дата: 22 февраля 2011 в 10:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Құлмат Бектұров. Ашық хат

Біздің қазақ деген сахарада мал бағып, ақыл-ойымызды сол малға жұмсап, қайда соны жер болса, сонда кіре қыстап, шыға жайлап жүрген бір ел едік, сол қалыппен өнер-білім судай тасыған жиырмасыншы буынға келіп, оқулы-білімді ел надан халықты басып-шаншып, жерін-суын алып жатқан бір заманға кез болдық. Ол біздің ұлықтарымыздың да көкірегіне кіріп кетіп, бұл жиырмасыншы буын да көшпелі халықты сақтау зор күнә деген фәтуаны шығарып, жер-суымызды мұжыққа алып беріп, қазақ атаулыны әбіргершілікке түсіріп жатыр. «Мал баласы, жер анасы» дегендей жер тарылған соң, қазақтан дәулет те ақырындап кеміп, жылдан жыл төмендеп, барған сайын штат-партияшылық және де зорырақ дәулетті мырзаларымыздың карта ойнап, түрлі ішімдікке салынуы жақсы ырым емес. Бақ, дәулеттің ең зоры һәм анасы егіншілігін неше жылдан бері татар қарындастарымыз һәм өзіміздің оқыған білімділеріміз газет арқылы сөйлеп, заман бұл қалпынша тұрмайды ұлықтан жерлеріңді сұраңдар! Ізденіңдер, абзалында көшпелі қалыппен алуға сұраңыз, реті болмаса, отырықшы болып болса да еркінірек уақытта қай жақсы деген жерлеріңмен кестіріп алып қалыңдар деп кеңес бере келді. Һәм кейбір жерде отырықшы болып, әр тарапта жатыр еді, іликин әлгі надандықпен халықтың көбі не қылуға білмей сасып, кіммен толық ақыл сұрап, жерінің түріне қарай қалпынша жер алуды біле алмай тұрған уақытта  мен қазақтың көз-жасын есіркеп, құдайтағала білімділеріміздің көңіліне салып, әуелі Тройцкіден, екінші Орынбордан басшы шығарды. Я құдай, енді осы қуанышымызды ұзағынан сүйіндір дені екеуіде, әрбір шыққан нөмірін тқрт көзбенен күтіп алып, жазылған сөздерді періште келтірген «Қасиетті» көріп, оқып, қуанып тұрған заманда манағы бағымыздың кемуіне қарай ма?! Білімді мырзалардың арасына тағы партиялық намысы кіріп бірі:

— Ау, алаштың азаматы, біздің қазақтың жерін өлшеп артығын мұжыққа алып беруге ұйғарылды. Енді көшпелілік қалады. Жақсы көрген жерлеріңізге жиылып, учаске болып, өзіңізге һәм мешіт-медресеңізге де жер жырттырып алып қалыңыз, — деп кеңес берсе, екінші мырза:

— Ойбай, қазақ, жиылып ала көрмеңдер, қалайда болса, бұрынғы көшпелі болып жер алып қалуға іздене көріңіз. Учаске болып алсаңдар малдан айырыласыңдар, — деп әуелгі кеңес насихаттың терісіне сілтейді.

Және бір білімпазымыз хат-газетпен сөйлесіп, іс жүргізу қиын, бір жерге бас қосып сөйлесуге, сияз ашуға ұлықсат сұрап көрелік, — деп ең керекті істен сөз ашып еді, оған тағы біреу түрлі дәлелмен рұқсат берілмейтінін көрсетіп, қашанғы әдетінше ұлықтардан бұрын өздері тырп етпестен жатыр. Сұрасайықшы, іздесейікші бермесе қалады ғой демейді.

Үшінші, бір кереті болған жұмыс мүфтиге қарау еді, енді оған тағы екі түрлі кеңес беріп, біреуі әзір құрулы тұрған дүкен татар қарындастарымыздың мүфтилігіне қаралық деп жол көрсетіп еді, екіншілері, алты-жеті мың мехаллаға жетсе, Уфа Сорбаниясына және оннан артық жүк артып не пайда етеміз, не көрсек те өз алдымызға мүфти алып, татар қарындастарымыздан бөлек тұралық, — дейді. Міне, басшы болған һәм қаламымен қызмет еткен білімділеріміздің көрсетіп жатқан өнерлері бұрыннан миы ашып, басы қаңғырған надан халқымызды онан жаман басын қаңғыртып тұр. Істің алдында, келешегіне түсінбеген соң, қай жағына ауысуға білмей дағдарып тұрған жайы бар.

Енді уақыт таянды, білім таластырмай, сөз жарыстырмай, ұлт пайдасын ойлап біз пақырға бір тура жол көрсетсеңдерші бауырларым.

«Қазақ» пен «Айқаптың» келген нөмірлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді. Егерде бұл кеңес бітпесе, бұларды алатын оқушы азая ма деп қорқамын. Кейбір мырзаларға, мына екеуінің біреуін алыңдар, — деп айтсаң:

— Қой, ақша беріп бірталай егес, уайым сатып алар халымыз жоқ. Газет-журнал алмай да, дау-жанжал сөз күрестіруден құры емеспіз, — дейді. Міне, осындай сөздерді тәуір, көзі қарақты, дәулетті бай мырзалардан естідім. Кейбіреулерінің осы тақырыпқа тоқтағандары да бар. Енді білім көп, ақылы толық, жазғыш-білгіш бауырларым, әрқайсыңыздан төменшілікпен өтінемін. Ала ауыздықты қоя тұрып, бізді бір жарыққа шығара көріңіздер.

«Айқап» журналы

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы