Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазбек Иса. Қазақтың бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?!

Дата: 22 февраля 2011 в 11:10 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазбек Иса. Қазақтың бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?!

Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовты өткізу -

қазақ тілі мен қазақты қорлау!

Мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау!

Мемлекет басшысын — Президент сайлауын қорлау!

Не көрмеген біздің байғұс қазақ?! Міне, енді қазақ тілін қақпайтын, қазақшасы нан сұрап жеуге жетпейтін сенатор Ғани Қасымовты кезектен тыс президент сайлауының мемлекеттік тілден емтихан алатын лингвистикалық комиссиясы зуылдатып «өткізіп жіберді»... Комиссия төрағасы Мырзатай мырза беті бүлк етпестен «Ғани Қасымов қазақша жақсы меңгерген» деп соғып тұр...

Бұл нені білдіреді?

Бұл біріншіден, қазақ тілін, яғни қазақты қорлау! Бұл мемлекеттік тілді, яғни мемлекетті қорлау! Мемлекет басшысын — Президент сайлауын қорлау!

Бұл екіншіден, бізде ең бірінші кезекте қара бастың қамы үшін қандай өтірікке болса да бару тұр да, ал ар, намыс, ел алдындағы абырой дегендердің барлығы екінші кезекте, бәлкім... соңғы кезекте қалғанын көрсетеді. Қазақша қақпайтын Қасымовты өткізіп, Қайсардың бетіне ғана емес, қалың қазағыңның бетіне қалай қарайсыз, Мырзатай мырза?

Бұл үшіншіден, ел тағдыры шешілетін Президент сайлауына қатысып, ұлттың сөзін сөйлеп, халық тізгінін қолға ала алатын қарағайға қарсы біткен қайсар қайраткерлердің жоқтығын (Қайсардан басқа) көрсетеді...

Мырзекеңе қоятын елдің бір сұрағы бар: «Сіз басқарған комиссиядағы қазақ тілінен нан жеп жүрген академигі бар, докторы бар, ғалымдардың бір де біреуі «Қасымов қазақша жақсы біледі» дегенге қол қоюға қарсы болып,» бұндай масқараға қосылғанша, комиссия құрамынан шығайын» деген жоқ па?»

Олай болса, бізде бәрі «қазір жаз мезгілі» деп басшысы айтса, барлығы 100 пайыз дауыс беретін парламенттің көшірмелері ғой, не үміт, не қайыр?

Мырзатай «Президенттікке үміткерлікке өту үшін орфографиялық қате екеуден аспау керек» деп талай сайраған еді... (Қайсарлар үшін болу керек шамасы). Ал Қасымовтың қатесі орфографиядан 3 қате, барлығы 10 қате ғана-мыс... Комиссия бұл жерде тағы бір нөлді қасақана ұмытып кеткен секілді... Және біз бұған, Қасымовтың қатесі 100 емес... 10 қате дегенге сенуге тиіспіз... Сынақ нәтижесін жариялап тұрған Мырзекеңнің бетіне қарасаң, солай сияқты... Ал Қасымовтың қазақша түк білмейтінін, ол екі жердегі екі төрт болады дегендей талқылауға жатпайтын ақиқат екенін лингвистикалық комиссиядағылардан басқа оны білетін ұяты бар әрбір адам айта алады... Оған мектеп оқушысының да миы жетеді...

Қазақша нан сұрай алмайтын Қасымовтың қазақшаны қалай «білетіні» туралы мен «Қош бол, оппозиция» атты мақалада жазып, ол өткен аптада www.jasqazaquni.kz, abai.kz және zonakz.net-те (DODA блогы) жарияланған болатын. Қайталап өтейін: «Болат бірақ, қазақшаны Қайсардан артық біле қоймайтын шығар деп ойлаймын. Ал Ертісбаевты жолда қалдыратыны анық... Қазақшасы «Алға» партиясы төрағасы Владимир Козловтан да, тіпті Ресей Президенті Д.Медведевтен де кейін, «нан бер» дегенді айта алмайтын Ғани Қасымовты айтпағанда... Айтпақшы, сол Қасымов баяғыда Президенттікке кандидат болып, бар бітіргені эфирде стақан сындырып, көк базарда көрінген шалдың көк сақалына жармасатын кезінде қазақ тілі сынағынан қалай өткеніне таңым бар... Әрине, билікке өз ана тілін, мемлекеттік тілін білмейтін, патриоттықтан жұрдай «Патриоттар» партиясы «көсемінен» гөрі қайсарлығы басым Қайсарлар қауіптірек болуы керек...»

Енді соған өкініп отырмын, Қасымовты қайдан ел есіне салдым екен, айтып, ауыз жиғанша екі кештің арасында екі иығынан демалып, ентігіп жетіп келіпті Президенттікке үміткер болуға... Комиссия одан да жылдам екен, әлде, бәрін өздері жазып, дайындап қойған ба, бір құдай біледі... зуылдатып өткізіп жіберді... Шамасы, не жазып (кім жазып) не қойғанын Ғанекеңнің өзі де сезбей қалған болу керек. Шоумен сенатордың бар тындырғаны сенатта қолы бос болғасын «Екі жұлдыз» шоуында жаттаған әнін былдырлап, барқырап айтып беріп, комиссияға «енді осыған риза болыңдар, менде қазақша басқа түк жоқ» дегеннен басқа не дей алады?..

Кеше КТК арнасында бір облыстағы тендер өткізгенде орыс тілінен бір қате кеткені үшін үміткерді құлатып, жер­гілікті газеттер «орыс тілінен бұлай қате жібергені үшін жазалау керек» деп сілтеп жіберіп жатыр екен. Ал тішілер тендер құжатындағы қазақ тіліндегі нұсқаны тексерген екен, қып-қызыл қатеден көрінбейді һәм олар тендерден зуылдап өткен... Тәуелсіздігіне 20 жыл болған Қазақстанда Ресей тілінен қате кеткені үшін жазалау керек болса... (қандай парадокс!) Мемлекеттік тілден қыруар қате кеткені үшін ең ауыр жаза белгілеу керек шығар онда...

Бұны білгенде қазақшасы Қасымовтан тәуір Владимир Козлов та құжат тапсыратын еді ғой... Сонда ақсақалдарымыз бастаған лингвистикалық комиссия неге айналып отыр бұл жерде? Аузынан Алланы тастамайтын Амантай қажы бір нәрсені сезген болар, «бұл комиссияға емтихан тапсырмаймын» деп сенімсіздік көрсетуі тегін болмады...

Айтып-айтпай не керек, Мұхтар Шаханов бастаған ұлт патриоттары ұйымдары Мырзатай Жолдасбеков бастаған лингвистикалық комиссияны (мүшелері: Сейіт Қасқабасов, Шерубай Құрманбаев және т.б.) сотқа беру керек!.. Бұл ұлт патриоттарының ғана жұмысы емес, тілге қатысты қоғамдық, мемлекеттік органдар да, барлық ел патриоттары патриот­тықтан жұрдай (мемлекеттік һәм ана тілін білменген адам қандай патриот?!) Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымовты және онымен сыбайластыққа барған лингвистикалық комиссияны Мемлекеттік тілді қорлағаны үшін, Мемлекетті қорлағаны үшін, Мемлекет басшысы — Президент сайлауын қорлағаны үшін!... Сотқа беруі тиіс!

«Жас қазақ үні» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы