Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп осы аптада үкіметке әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша ұсыныс енгізеді

Дата: 22 февраля 2011 в 14:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ — Елена Преображенская. Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) бәсекелестікті қорғау агенттігімен (БҚА) және ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп осы аптада үкіметке әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша ұсыныс енгізеді, деп мәлім етті экономика министрі Жанар Айтжанова.

«Қазіргі уақытта экономика министрлігі АШМ-мен және БҚА-мен бірлесіп бірқатар ұсыныстар әзірлеп жатыр (әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша — ҚазТАГ), бұл ұсыныстар осы аптада үкіметке ұсынылады», — деді Ж.Айтжанова сейсенбі күні үкіметтің селекторлық отырысында.

Оның атап көрсетуінше, қазіргі уақытта әлемде азық-түлік бағасының өсу үрдісі байқалып отыр.

«Инфляциялық қысымға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың күшейгенін ескере отырып, мемлекеттік жергілікті атқарушы органдар ішкі нарықтағы бағаны, бірінші кезекте, әлеуметтік маңызды өнімдердің бағасын тұрақтандыру шараларын қабылдау қажет», — деп есептейді экономика министрі.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы