Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

ҚР мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2010 жылы $20 млрд құрады — Назарбаев

Дата: 22 февраля 2011 в 14:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ — 2010 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар ауналымы $ 20 млрд құрады, деп мәлім етті ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы елдің басшылығымен және іскерлік сала өкілдерімен кездесуде.

«Кездесуде сөз сөйлеген президентҚазақстан еуразиялық құрлықта геостратегиялық жағынан маңызды орын алатын және Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі болып табылатын Қытаймен қарым-қатынастарға ерекше мән беретінін атап өтті. Бұған екі елдің арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуі дәлел бола алады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы 50 пайызға дейін артып, 20 миллиардқа жуық долларды құрады. Өзара тиімді негізде экспорт, сол сияқты импорт та артып келеді», — делінген сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтындағы ақпаратта.

Қытайға экспорт 72 пайызға ұлғайса, Қытайдан импорт 11 пайызға өскен.

Еске сала кетейік, 2008 жылы екі елдің тауар айналымы $17,5 млрд құрап, 2009 жылы $12,4 млрд-қа дейін төмендеген.

«Мен екі елдің экономикалық қарым-қатынастары жаңа деңгейге жеткеніне қуаныштымын, ең бастысы, оны одан әрі дамытуға деген өзара ықыласымыз да бар. Қазақстанда Қытай капиталының қатысуымен бір мыңдай бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Біз энергетикалық сектордағы бірлескен жобаларды іске асыруда белсенділікпен алға қадам басып келеміз, — деп атап өтті мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президент Астана-Алматы жоғары жылдамдықты теміржол магистралінің құрылысы жобасының таныстырылымына қатысты.

Қытай жағынан тұсаукесерді ҚХР-дың темір жол министрі Шэн Гуанцзу, Қазақстан жағынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты.

Шараға Қазақстан аумағында қызмет ететін ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

«Екі жақты қарым-қатынастарды одан әрі белсенді дамыту және экономикалық байланыстарды кеңейту үшін мықты іргетас қаланған. Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауымыз керек. Біздің елдер халқының игілігі үшін батыл түрде бірлескен күш-жігерімізді жұмсай отырып, алға қадам басуымыз қажет, — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Кездесуде Қазақстан шетел бизнесінің аясын кеңейтуге мүдделі және бұл үшін инвестицияны қорғау жөніндегі қажетті шараларды қабылдап жатқаны айтылды. Оған Қазақстанның Бүкіләлемдік банктің рейтингісінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 2009 жылмен салыстырғанда, 13 позицияға көтерілгені және 183 елдің арасында 44 орын алғаны дәлел болып табылады. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта заңнамалық деңгейде рұқсаттама құжаттарын қысқару және жеңілдету бөлігіндегі рұқсаттама жүйесін оңтайландыру жүргізілуде.

Сондай-ақ, Қазақстан озық технологиялар трансфертіне мүдделік танытады. Бұл ретте, Қазақстан аумағындағы зауыттарды оқшаулау басым бағыттар болып табылады.

«Бізде өзара іс-қимылды орнықтыру үшін идеялар мен бағыттар көп. Ең бастысы, оларды өмірге енгізуге деген екі жақты ұмтылыс қажет. Салықтық-инвестициялық ахуалдың қолайлығы, Қазақстанда банктік-қаржылық жүйені дамыту біз жоспарлап отырған жобаларды іске асыруға Қытай бизнесінің белсенді қатысуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Бүгінгі кездесудің нәтижесінде біздің елдердің кәсіпкерлері арасындағы интеграциялық экономикалық үдерістер күшейе түседі деп сенемін. Бұл үшін бізде барлық қажетті нәрсе бар, оның ішінде екі елдің саяси қалауы бар», — деді Н. Назарбаев.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы