Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қаңтар айында Қазақстанда соңғы 10 жылдағы ең жоғары инфляция қалыптасты – Ұлттық банк төрағасы

Дата: 22 февраля 2011 в 14:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ — АйгүлТүлекбаева. 2011 жылдың қаңтарында тіркелген жоғары инфляция республикада 10 жыл бойы тіркелмеген, деп мәлім етті Ұлттық банктің төрағасы Григорий Марченко.

«Ел экономикасында инфляциялық фонның сақталуына әсер ететін бірқатар жағдайлар болғандықтан, бағаны тұрақтандыру мәселесі аса маңызды. Биылғы жылдың қаңтар айында инфляция 1,7 деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның осындай жоғары деңгейі сәйкес кезеңде соңғы он жылда тіркелмеген», — деді ұлттық банк басшысы сейсенбі күні үкімет отырысында.

Оның айтуынша, инфляцияға азық-түлік тауарларының бағалары ең көп әсер еткен.

Бағалардың қымбаттауына әлем нарықтарындағы жағдай әсер етті. «Экономикадағы инфляциялық қысымның артуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардан басқа экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың тең келуі сияқты басты фактор бар», — деді Г. Марченко.

Оның айтуынша, монетарлық факторлардың әсері аз.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы