Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Түркия мен БАӘ әскери компаниялары Қазақстанда БК құрмақшы

Дата: 22 февраля 2011 в 14:31 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ — Түркияның қорғаныс Aselsan мердігердік және  International Golden Group (БАӘ) компаниялары Қазақстанда бірлескен кәсіпорын (БК) құрмақшы, деп жазады таяушығыстық БАҚ-тар.

Бірлескен кәсіпорын биылғы жылдың бірінші жартысында іске қосылмақшы. Aselsan-да 49% және IGG — 51%.

Кәсіпорын БАӘ мен Парсы шығынағы елдерінің мұқтаждықтарына жұмыс істейтін болады. Кәсіпорынның жұмыс саласының егжей-тегжейі әзірге ашылмай отыр.

Aselsan сондай-ақ Қазақстан үкіметімен БК құру туралы жеке келісімшарт әзірлеп жатқанын мәлім етті. Жаңа БК-дегі Қазақстан үлесі — 50%, Aselsan — 49% және 1% Түркияның қорғаныс өнеркәсібі комитетіне тиесілі болады.

Бұрын хабарланғандай, 17-ші ақпанда «Қазақстан инжиниринг» АҚ басшылығы Aselsan компаниясының басшыларымен кездесу өткізді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Aselsan арасында 2010-шы жылы 27-ші мамырда жоғарғы технологиялар саласының заманауи жетістіктерін пайдаланатын жаңа жоғарғы технологиялық өндірісті құру туралы меморандумға қол қойылған. Жобаның құны шамамен $40 млн. Жоба зауыт құрылысын салу, оған жоғарғы білікті 100-175 маман алуды қарастырады.

Aselsan 1975-ші жылы құрылған, радар, байланыс жүйесі, көздеу жүйелерін, жаппай хабарландыру құралдарын, авионика мен РЭБ жүйелерін, қос мақсаттағы оптикалық аспаптар, ақпараттық-басқару жүйелерін, қосарланған мақсаттағы зымыран қаруының микроэлектроникасын жасауға мамандандырылған.

IGG Біріккен Араб Әмірлігіндегі қорғаныс қаруын өндіруші болып табылады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы