Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жас жігітті бура шайнап тастады

Дата: 23 февраля 2011 в 08:41

Жас жігітті бура шайнап тастады

Қорасында мал жайлап жүрген жас жігітті бура шайнап тастады.

Ауыр жарақат алған Ақтөбе облысы Жарқамыс ауылының тұрғыны қазір облыс орталығындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

22 жастағы Қанат Ізбаев қас пен көздің арасында тап берген жануарға қарсы тұра алмапты.

Аузынан ақ көбік атқан бура жас жігіттің желкесінен тістеп, лақтырып жіберген.

Қатты мертіккен Қанат екі күннен соң ауруханада есін жиды. Мойын омыртқасының жұлыны зақымданған ол әлі тілге келмей жатыр.

Мақсат Оразжанов, Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:

«Шығып кеткен омыртқа салынып, орнын транспорттап қазіргі операциядан кейінгі жағдайы осы. Жалпы жағдайы ауыр. Мойын омыртқасының алтыншы , жетінші омырқасы шығып, жұлынына зақым келген».

Мойын омыртқасының алтыншы , жетінші омырқасы шығып, жұлынына зақым келген

Бура тістелеп тастаған жігітті шалғай ауылдан ауруханаға жеткізу де оңайға соқпапты. Қалаға қатынайтын жол жабық болғандықтан, Байғанин ауданына арнайы тікұшақ жіберіліп, науқасқа екі күн өткен соң ғана дәрігерлік көмек көрсетілген.

Жедел операциядан соң науқастың беті бері қарады. Енді жас жігіттің аяғынан тік тұрып кетуі үшін ақ халаттыларға біраз тер төгуге тура келеді.



 

По сообщению сайта Nur.kz