Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Астанада урология орталығында Ашық есік күндері өтеді

Дата: 23 февраля 2011 в 08:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астанада урология орталығында Ашық есік күндері өтеді

23-24 ақпанда Республикалық диагностикалық орталықтың амбулаторлық урология орталығында Ашық есік күндері өтеді.

Сағат 14-тен сағат 18-ге дейін урологтар ақысыз қабылдау өткізетін болады, оған кеңес беру және толық тексеру кіреді.

Осы күндері барлық келушілер тегін тексерулерден өте алады және ер адамның денсаулығы саласындағы жетекші мамандардың қабылдауына кіре алады, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Акцияның негізгі мақсаты — урологиялық аурулар мен олардың салдары туралы, сондай-ақ өзбетімен емделудің зияны туралы және маманға уақытында барудың қажеттілігі туралы ер адамдарға ақпарат беру.

Бүгінде ерлердің урологиялық ауруларының проблемалары көбейіп кетті: өсу қарқыны бойынша бұл аурулар жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларынан асып кетті. 2008 жылы елдегі ұрпақ өрбіту жасындағы (15-59 жастағы) 100 000 ер адамнан қуықасты безінің ауруына 259 шағым түскен.

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 15-20 пайызының әр бесінші жұбы бедеуліктен зардап шегіп отыр

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың 15-20 пайызының әр бесінші жұбы бедеуліктен зардап шегіп отыр. 45 пайызында ер адам «кінәлі» болып келеді. Алайда бұл цифрлар шынайы жағдайдан алыс, өйткені ұрпақ өрбіту жүйесі паталогиясы бар көптеген ер адамдар арнайы маманға медициналық көмек сұрауға бармайды.

Урологиялық аурулардың салдары өте қауіпті болғандықтан, урологиялық ауруларды ерте кезеңінде емдеуді бастаған жөн.

Акцияны ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, осыған ұқсас тексерулерді өткізу ер адамдардағы урологиялық ауруларды ерте анықтауға көз жеткізуге болатындығын көрсетеді.

Акцияны өткізу күндері емделушілерге қолайлы болу үшін бірнеше тексеру және консультациялық кабинеттер бөлінетін болады.

По сообщению сайта Nur.kz