Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әулие Валентин күнін қазақ жастарының тойлауы қауымды алаңдатады

Дата: 23 февраля 2011 в 11:21 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әулие Валентин күнін қазақ жастарының тойлауы қауымды алаңдатады

«Әулие Валентин» күнін қазақ жастарының тойлауы зиялы қауымды әжептәуір алаңдатқаны рас.

Бұл орайда қазақ баспасөзінің атқарған қызметі елеулі. Алдымен Қарағандыда курстасым, бүгінде марқұм Мартбек Тоқмырзаның студенттер арасында сәуірдің он бесі күні ғашықтар күнін Қозы Көрпеш — Баян сұлу есімдерімен өткізген екен.

Кейін араға үзіліс түсіп, енді Алматы қалалық білім беру басқармасының жоспары бойынша ғашықтар күні осы күнге жоспарланып отырғанын «Айқын» газетінен оқып, хабардар болдым. Осы мәселеге атсалысу өзімнің де ойымда бар еді.

Мақсатым — біреулердің алдын кесу емес, қайтсек жастарды өзге діннің ықпалынан қорғап, өзімізге орнықты болатын жағын ойластыру. Сәуірдің он бесі ғашықтар күні болғанда, оның бір негізі болуы керек. Табан тірейтін бір нақтылығы болмаған соң жылтыр мұздың үстінде тұрғандай тайғанақ болмай ма?

Рас, Қозы-Көрпеш пен Баян сұлудың махаббаты адам қызығарлық шығар, бірақ тереңірек ойлап қарайықшы. Бұл трагедиялық шешіммен біткен жоқ па? Онсыз да суицид көп болып кеткен заманда мұның соңы не болар екен? Жастардың өзіндік мінез көрсеткісі келетін себепті олардың сөзімен айтқанда, «шыдай алмай кетіп», өзіндік «батыл қадам» жасау бар. Сондықтан бүгін жастар біреудің сөзін көтере алмайды.

Ал ғашықтар күнінде сезім жауапсыз қалғанда олар да алып-ұшпа мінезбен «батыл қадам» жасап жүрмей ме? Осыдан сақтану керек шығар.

Немесе «ғашықтар қосылмайды» деген кейбіреулердің сөзін расқа шығарсақ, Ғашықтар күнін тойлаудың керегі не? Қосылмаған ғашықтарды үлгі етеміз бе? Жастар осыны айтып, қайтадан Валентинге арқа сүйеп кетпей ме? Менің де балам бар, мектепте оқиды. Былтыр «валентинка» әперген жоқ едім, бірақ оған достары беріпті. Әлі кішкентай ғой, небәрі бастауыш сыныпта, соның өзіне мәз болып келді.

Бірақ өзінің оларға ештеңе бере алмағанын өкінішпен айтып қалды. Сосын биыл сүйкімді қоянның суреті салынған «саған менен сыйлық» деген жазуы ғана бар кішкентай ашықхат алып бердім. Валентинка демей отырған себебім: әдейі «Мен сені сүйемін» немесе «әулие Валентин» деген жазуы жоғын таңдадым.

Осынау қатыгез өмірде адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі, сыйластығы артып жатса, оның несі айып?

Мен «әулие Валентин» күнін қоштап отырған жоқпын, сондықтан балама: «Қыз Жібек пен Төлегеннің күні құтты болсын деп айтарсың» дедім. Бірақ осыдан кейін өзім де ойланып қалдым. Қыз Жібек пен Төлеген де қосыла алған жоқ қой. Жібек өзін Төлегеннің руына арнаған адал әйел екенін фольклортанушы ретінде түсінемін. Алайда қазіргі заманның баласы мұндайды түсіне қоя ма? Қанша дегенмен өткен заман, содан есіме Меруерт Өтекешова түсті. Міне, бұл фольклорлық сананы бүгінгі заман баласының ойында сақтаудың жолы болып шығар еді. Меруерт Өтекешованың мәңгілік Жібек бейнесін жасап бергені дау тудырмайды.

Меруерт апамыз бен Құман ағамыздың адами бейнесі де бүгінгі заман адамының көңіліне демеу

Шын мәнінде, Меруерт апамыз кешегі замандағы Қыз Жібек бейнесін сомдап қана қойған жоқ, бүгінгі күндегі шынайы махаббат иесі емес пе?! Ол — арманы орындалған, әйел бақытын көрген ана.

Сондықтан Ғашықтар күнін Меруерт Өтекешова мен ол кісінің өмірлік серігі Құман Тастанбековтің үйленген күнін ғашықтар күнінің негізі етіп белгілесек, жұртты шулатқан мерекенің арқасүйер негізі болмай ма?!

Меруерт апамыз бен Құман ағамыздың адами бейнесі де бүгінгі заман адамының көңіліне демеу, көп жастардың қызығып қарайтыны шындық. Ел арасында, соның ішінде, жастар ортасында кинофильмдегі Қыз Жібек сұлулықтың символы болып орнықты. Апамыз көрер көзге әлі сүйкімділігін жоғалтқан жоқ. Ашықхаттарға «Қыз Жібек» кинофильміндегі Қыз Жібек пен Төлегеннің бейнелері салынса, мерекенің шырайын ашпай ма?! Қолдан салынған суреттердің шынайылығы жоқ болған соң дәл осындай әсер қалдырмасы белгілі.

Ғашықтар бас қосып, отбасылы болып, ата мен әже атанып жатса, шынайы бақыттылық — осы.

Сондықтан бір күндік «сүйдім-күйдім» емес, орнықты сезім, тұрақты отбасылық өмірді де Меруерт пен Құман бейнелері арқылы сіңіруімізге жол ашылады. Өйткені Меруерт пен Құман ағамыз бір-бірін сүйіп қосылған жандар, отбасылы болды, бүгінде шүкір, немере қызығын көріп отырған аяулы ата мен әже.

Ал мұндай бақытты өмірді кім тілемейді? Жастар болашағының дұрыс болуын ойласақ, ғашықтар күнін осы тұрғыда тойлай білсек, ұлттық тәрбие де, имандылық та, дұрыстық та өз арнасын табуына жол ашылар еді.

По сообщению сайта Nur.kz