Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Өскеменде науқастар дәрі-дәрмек тапшылығын тартып отыр

Дата: 23 февраля 2011 в 14:40

Өскеменде науқастар дәрі-дәрмек тапшылығын тартып отыр

Өскеменде сусамыр дертіне шалдыққан науқастар дәрі-дәрмек тапшылығына тап болды. Олар 2011 жылға мемлекеттен тегін бөлінетін инсулин препараттарының кейбір түріне әлі күнге дейін қол жеткізе алмай отыр.

Денсаулық сақтау саласының шенеуніктері бұл проблеманы осы дәріні тарату жөніндегі тендердің кеш өткізілуімен байланыстыруда. Тақырыпты осы өңірдегі меншікті тілшіміз Қуаныш Ғабдуллин сабақтайды.

Өскеменде қант диабетіне шалдыққан науқастар қаңтардан бері инсулинге зар болып отыр.

Бұл препараттың хумалог, глюкофаж сияқты ең қажетті түрлері қазір дәріханаларда жоқ.

Сондықтан оны ауруларға тегін бөлетін емханаларда мынандай хабарландырулар жазылған. Дәрі-дәрмек уақытында бөлінбегендіктен науқастар мерзімі өткен препараттарды қабылдауға мәжбүр.

Татьяна Борисова — «Вот это «Хумалог», просроченный...»

Мерзімі өткеніне қарамастан, қант диабетіне шалдыққан Татьяна Борисованың немересі препаратты қабылдауға мәжбүр. Өйткені, жыл басынан бері тиісті тегін дәрі әлі бөлінген жоқ.

Сонда науқастар екі ай инсулинсіз қалай өмір сүрмек?

«Өткен жылы барлық инсулинді жаңа жылға дейін таратып тастады. Ал заң бойынша инсулин бір жылға ғана жетеді. Жаңасы препарат тек наурыз айында әкелінбек. Сонда науқастар екі ай инсулинсіз қалай өмір сүрмек?»

Бұл сұраққа дәрігерлердің өзі жауап беруге қиналады. Әсіресе, қант диабетіне шалдыққан балалардың жағдайы ауыр. Инсулиннің кейбір түріне мемлекеттік тапсырыс мүлдем жасалмапты.

Лариса Клостер — «диабет» қоғамының мүшесі

«Инсулиннің кейбір түрлері жоқ. Ал, туғанынан қант диабетіне шалдыққан балаларды бір дәріден екінші дәріге ауыстыру оңай іс емес. Ол үшін науқастарды ауруханаға жатқызуға тура келеді».

Жағдайдың ушыққанын жергілікті денсаулық сақтау басқармасы басшылығы біліп отыр. Бүгін мән-жайды түсіндіру үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Тегін дәрі алуға бөлінген қаржы жеткілікті — 2 млрд. теңгеден асады, — дейді ол. Мәселе тек тендердің ұйымдастырылуында көрінеді.

Ерлан Масалимов — ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы

«Тендердің кеш өткені мына жылдың аяғында бюджет қаралады. Содан кейін біз жариялағаннан кейін бір айдан болуы керек. 2 айдай дәрілер болды. Бірақ кейбір дәрілер болған жоқ. Енді ондай қателіктер болмас үшін жұмыс жасаймыз».

Денсаулық сақтау саласының шенеуніктері қазіргі уақытта барлық препараттардың қоймаларға жеткізіліп қойғанына сендіріп отыр. Ол осы аптаның ішінде аймақтағы дәріханаларға таратылмақ.

Қуаныш Ғабдуллин — тілші

«Науқастарға мемлекеттен тегін берілетін дәрі-дәрмектің кешігуі өңірде алғаш рет емес. Жыл сайын ауруы айықпайтын науқастар инсулинді екі ай күтуге мәжбүр. Мәселен, қант диабетіне қарсы қолданылатын препараттар Өскеменге осы аптада ғана жеткізілді».



 

По сообщению сайта Nur.kz