Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Үкіметті тағы бір жаһандық дағдарысқа қарсы күрес күтіп тұрған тәрізді» — республикалық басылымдарға шолу

Дата: 24 февраля 2011 в 10:41 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат — Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 24 ақпан, бейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған үшкүндік мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл сапар екі ел арасына үлкен серпін әкелді, жаңа белеске көтерді», — деп жазады «Айқын» газеті бүгінгі нөміріндегі «Қазақстан мен ҚХР бір көзқарасты ұстанады» деген мақалада. Басылымның атап өтуінше, Елбасының ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесуі барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олардың қатарында ҚР Үкі­меті мен ҚХР Үкіметі ара­сын­дағы трансшекаралық өзендер сула­рының сапасын қорғау тура­лы, ҚР мен ҚХР арасындағы сот­талған азаматтарды беру туралы келісім, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР Теміржол министрлігі арасындағы Астана-Алматы жылдамдығы жоғары теміржол магистралінің құ­ры­лысын салу бойынша ын­ты­мақтастық туралы меморандум, Қытайдың Мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ) мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы 1660 млн АҚШ доллары болатын несиелік келісім бар.

«Айқын» газетінде Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевтен алынған сұхбат «Астана саммиті -төрағалықтың шарықтау шегі» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына егжей-тегжейлі жауап берген ол: «Қазақстан Республикасы­ның қазіргі қол жеткізген табыс­тарының логикалық нәтижесі ре­тінде шетелдік мемлекеттердің ре­сми өкілдері тарапынан халық­аралық қолдауға ие болуын және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық­қа сайлануын атауға болады. Қазақстан осы Ұйымның жауап­кершілігі ауқымындағы қауіпсіздік проблемаларын жаңашыл тұрғыда бағалады, Ауғанстандағы жағдай­ды тұрақтандыруға ЕҚЫҰ-ның қол­дау көрсетудің мүмкін жол­дарын іздеуі — осы сөзімізге дәлел», — дейді.

***

«Кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдап, құжатты Сенатқа жолдады. Осы аптада жоғарғы палата бюджетті қабылдаса, Үкімет те бірден іске кіріспек ниет танытып отыр», — деп жазады «Алаш айнасы» газеті. Басылымның атап өтуінше, Парламент қабырғасында өткен бюджет талқылау барысында бірқатар өзекті мәсеелер де көтерілген. Мәселен, депутат Розақұл Халмұрадов  оралмандар квотасының төменге «құлдырап» бара жатқанына алаңдаушылық білдірген. Сондай-ақ Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдаған Нұрлан Өнербай да оралмандар мәселесін көтерген. Жоғарыда айтылған жайттар жайында кең мағлұмат алғыңыз келсе, басылымдағы «Үкіметті тағы бір жаһандық дағдарысқа қарсы күрес күтіп тұрған тәрізді» деген тақырыпқа назар салыңыз.

Кеше Үкімет үйінде Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен «KEGOC» АҚ-ның Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Hyundai Engineering CO.Ltd», «Hyundai Corporation» компанияларының және  «Korea Electric Power Corporation» (КЕПКО) консорциумының басшыларымен «Қазақстанның ұлттық электр желілерін жаңғыртудың ІІ кезеңі» жобасына байланысты келісімшартқа қол қойды. Осы жайт «Алаш айнасы» газетінің бейсенбілік нөмірінде жарық көрген  «Корейлік компаниялар еліміздің электр желілерін жаңғыртуға атсалысады» деген мақалаға арқау болған. Басылымның атап өтуінше, бұл  құжатқа сәйкес кореялық компаниялар Ақтөбе, Батыс және Шымкент  аймақаралық электр стансалары филиалдарындағы 500 және 220 кВт-тық қосалқы стансаларды бастан-аяқ жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырады. Келісімшарт Еуропалық қайта құру және даму банкінің займ қаражаты есебінен қаржыландырылады. Займның жалпы сомасы 255 млн. еуро, оның 73 млн. еуросын кореялық компаниялар игереді.

***

«Ливиядағы тәртіпсіздіктерге байланысты Консулдық қызмет департаменті сол елдегі Қазақстанның Дипломатиялық миссиясымен бірлесе отырып, ҚР азаматтарын аталмыш елден шығару бойынша тиісті жұмыстарды атқаруда», — деп жазады «Казахстанская правда» газеті бүгінгі нөміріндегі «Все меры приняты» деген мақаласында. Басылымның атап өтуінше, Дипмиссиясының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Ливияда консулдық есепте болған 21 азаматымыз қалуда. Олардың ішінде: 3-еуі Дипмиссияның қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері, 6-ауы студенттер, 5-еуі шетел азаматтарының жұбайлары, 7-еуі әртүрлі шетелдік компанияларда істейтін Қазақстан азаматтары. Триполиден түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, ҚР Дипмиссиясы Ресейдің арнайы бортына еліміздің азаматтарын отырғызу бойынша көршілес мемлекет тарапымен тиісті жұмыстарын атқарды. Ливиядағы отандастарымызды елге шығару бойынша бірінші арнайы борт 23 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 4.00 шамасында Триполи әуежайынан ұшып шықты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы