Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нағашыбай Қабылбек. Бердіоңғаров былшылдай бермесін

Дата: 24 февраля 2011 в 12:01 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нағашыбай Қабылбек. Бердіоңғаров былшылдай бермесін

Парламенттің бүгінгі жалпы отырысында қызық оқиға орын алды. Мәжілістің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров әріптестерімен жарқын амандасып алып, кеңес әскерінде қызмет жасағандарды айтулы мерекелерімен құттықтап өтпесі бар ма. Алғашында қандай мерекені айтып тұр деп түсінбей қалғанымыз рас. Сөйтсек ел әлдеқашан «ұмытып» кеткен «Кеңес армиясы және әскери теңізі флотының құрылған» күні екен ғой бүгін. Апырай, оны қара басып қалай ұмытып қалғанбыз. «Есті» депутаттың есімізге салғанына «шүкіршілік» айттық ішімізден. Білуімізше, Ресей бұл күнді «ұмытпай» жылда атап өтетін көрінеді. Ендеше ол күнді біз қалай айналып өтпекпіз. Көршінің көңіліне қарау керек емес пе? Егер депутат есімізге салмағанда аузымыз аңқиып «қастерлі» күнге мән бермей өте шығады екенбіз. Жіберген олқылығымызды халық қалаулысы тігісін жатқыза мінберден «сүйіншілеп» айтқанда, тарихтың қойнауына кетіп қалған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуірге бір барып қайтқандай болдық. Елбасының қазақпен қазақ ана тілінде сөйлессін деген «тапсырмасын» орындауға құлықсыздық танытып, бүгін үйренген сөзін ертесіне ұмытып қала беретін депутат мырзаның тәуелсіз елдің төріндегі силы орынтақта отырып, тұлыпқа қарап мөңіреген сиырдай, келмеске кеткен кеңестік кезеңнің мерекесін «пәмитінен» өшірмеуін неге жорырымызды білмедік. Әдеттегідей «жеңіл» қателік саналып, «ханның қызында да бола беретін» әрекетке баланып, халық қалаулысының «еркелігіне» көз жұма қарап, тағы да бір «кешіре» салуға болар еді бейбақты. Сценарий бойынша солай өрбіп те келе жатқандай болған. Бердіоңғаровтың «алаңғасар» сөзімен, «албырт» ойына назар аудармай, жас депутаттың келешегіне кіршіксіз сенген әріптестері ескерту де жасамай, бір қалыпты жұмыс тәртібімен «сал желдіртіп» сауалдарын жолдап келе жатқан.

«Қате болайын десе быламыққа тіс сынады» деген рас болып шықты. Сорына қарай тәуелсіздікке жасалған «қиянатқа» жаны төзбейтін депутат Бекболат Тілеухан әдепсіз «баланы» аяқтан шалып жықты. «Енесі тепкен құлынның еті ауырмас» деді ме аяған жоқ. Сақалын салалап өзі де терісіне әрең сиып отыр екен, сөз кезегі тисімен Бердіоңғаровтың әлгі өрескел «қателігін» шышғырып бетіне басты. «Біз Қазақстан Республикасындағы биліктің бір бұтағымыз. Біз халықтың үніміз. Біз өз атымыздан емес халықтың атынан сөйлейміз. Бұл білгенге үлкен жауапкершілік. Тәуелсіздік алғанына жиырма жыл болған Қазақстанның өз гимні, өз туы, өз конституциясы, өз территориясы, өз мерекесі бар. Мысалы осы жерде отырып 24 ақпан «День флаги Мексики» деп құттықтасам ақылға сия ма? Ақпанның тағы бір күнінде Қытайдың мерекесімен барша жұртты құттықтасам мынау жынды шығар деп күлулерің мүмкін. Менің білуімше 23-ақпан біздің елдің календарында қызыл күн емес. Сонда Депутат Бердіоңғаровтың айтып отырғаны қандай мереке. Оған депутат мырзалар, бәріңіздің дуылдата қол шапалақтағандарыңызды түсінбей қалдым. Ал Тәңірбергенге айтарым тәуелсіз Қазақстанның туының астында қалыптасқан азамат мұндай қадамдарға ойланып баруы керек». Қазақтың атынан биліктің шыңына шығып алған бәзбіреулердің, өткенді «аңсап» ресми тілде «сыңсуы» тиылар емес. Ұмыт қалған ұлттық құндылықтарды «сағынып» жатса әңгіме басқа. Келелі әңгіме айтпаса да керіліп отырып көрініп қалуға тырысатындар басқа өзекті мәселе таппағандай «ұлық» мерекелерді парақтауға көшіпті. Бұдан да «жағымды» жаңалық тыңдағыңыз келсе парламентке жиі-жиі көз салып тұрыңыз. Әртістік өнерді толық меңгерген кей депутаттардың бұл соңғы қойылымы емесін және естеріңізге салғымыз келеді.

www.masa.kz интернет газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы

Читайте также