Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Алматыда ІІІ қайырымдылық балы өтеді

Дата: 24 февраля 2011 в 12:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматыда ІІІ қайырымдылық балы өтеді

Алматыда 14 мамыр күні Almaty Towers-тің бал залында ІІІ қайырымдылық балы өтеді.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында хабарланды. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы, «Eventica Group» компаниясының бас директоры Марат Омаровтың айтуынша, үшінші рет өткізілетін классикалық әуен мен әсемдік мейрамы арулар көктемгі шуағынан ләззат алу және бар сән-салтанатымен көрінуі үшін биыл көктемде өткізілмек.

«Енді біздің балымыз «Ең үлкен және ең жұлдызды» ғана емес, «ең өктемді» деген атауға ие болады. Биыл да біздің компания тобы көптеген сыйлықтарды сыйға тартуға дайын», — деді ол.

Оның айтуынша, дәстүр бойынша, салтанатты кешке әлемге танымал жұлдыздар қатыспақ. «Биылғы балға аңызға айналған италияндық әнші Робертино Лоретти, жаңа джаз стилінде ойнайтын, әлемге танымал, Италия елінің «Gabin» тобы қатысады, сонымен қатар әлемдегі ең әйгілі сопрано, ЮНИСЕФ-тің халықаралық ізгі ниет елшісі Мария Гулегина өз қатысуымен құрмет көрсетеді.

Биылғы балға аңызға айналған италияндық әнші Робертино Лоретти, жаңа джаз стилінде ойнайтын, әлемге танымал, Италия елінің «Gabin» тобы қатысады

Осы жолы балға 60 жұп қатысатын болады. Дебютанттар ретінде кешке жас кино әртістері Әнуар Нұрпейісов, Максим Акбаров, танымал әнші Әлішер Кәрімов, әлем елдерінің билерін шебер орындаушы Әнел Нұрсейітова қатысады.

Кештің қызықты өтуі үшін биыл үлкен мәдени шараны екі емес, үш конференсье жүргізетін болады. Олар — Ресейдің халық әртісі Святослав Бэлза, қазақстандық актриса Қарлығаш Мұхамеджанова мен балдың бас балетмейстері Гедеминас Таранда.

Бал қонақтарының өтініштері бойынша мемлекеттік симфониялық оркестрді қазақстандық тыңдармандардың көңілін баураған Мариус Стравинский мен Ваг Папян биыл да басқаратын болады»,-деді Марат Омаров.

Оның айтуынша, өткен жылғы қайырымдылық Балдан 3 миллион теңге балалар қорына аударылған. «Осы жылы да біз билет сатылымынан түскен табыстың бір бөлігін Қазақстандағы ЮНИСЕФ бағдарламалары аясында мүмкіндіктері шектелген балалар қорына аударамыз. Биыл біз оның көлемін арттыруды жоспарлап, 7,5 миллион теңгені аударуды көздеп отырмыз», — деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетсек, І-ші балдан түскен қаражат екі физиотерапия кабинеттерін жасауға жұмсалған болатын.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгіннен бастап бал билеттері сатылымға түседі. Билеттің бағасы бұрынғыдай 50, 80 және 120 мың теңге болмақ. Билеттерді «Eventica» компаниясының сайты арқылы немесе +7 727 319 30 30 телефоны бойынша сатып алуға болады.

По сообщению сайта Nur.kz