Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

NUR.KZ сауалнамасы. Қазақстанда дәстүрлі емес діндердің теріс әсері бар ма?

Дата: 24 февраля 2011 в 15:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

NUR.KZ сауалнамасы. Қазақстанда дәстүрлі емес діндердің теріс әсері бар ма?

NUR.KZ сауалнамасы. Қазақстанда дәстүрлі емес діндердің теріс әсері бар ма?

Елдің дамуына шектеу қоятын діни ағымдар керек жоқ.

Қазақстанға сырттан түрлі бейнетаспа­лар, роликтер, аудиотаспалар, кітаптар, теріс әдебиеттер жасырын әкелініп, таратылуда.

Асхат БЕКЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Меніңше, қазір біздің елімізге тікелей әрі ең үлкен қауіп төндіріп тұрған осы діни фактор болып табылады. Соның ішінде салафиттер мен уаххабиттер тарапынан қауіп өте зор. Әрине, одан да басқа көптеген түрлі ағым бар. Мысалы, мен қазір Атырау облысында жүрмін, жастармен кездесіп, бетпе-бет сұхбаттасу барысында бір байқағаным, олардың діни көзқарасында үлкен ауытқулар бар.

Жастардың дін жөніндегі көзқарастары экстремистік сарынға еніп, радикалданып кеткен.

Соның себебінен біздің қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңалықтарға қатысты пікірлері де өзгеше. Сол ағымды ұстанатын жастардың басым көпшілігі түрлі ауыр қылмыстардың қасынан табылып жатыр. Мекемелерді тонап, адамдарға зорлық-зомбылық көрсетумен айналысып жүр.

Бұл іске жедел түрде қарсы шаралар жасау қажет

Сол қылмыстық жолмен табылған ақша сол теріс ағымдардың ықпалын арттыруға жұмсалып жатыр. Сырттан түрлі бейнетаспа­лар, роликтер, аудиотаспалар, кітаптар, теріс әдебиеттер жасырын әкелініп, таратылуда. Яғни мен бұл іске жедел түрде қарсы шаралар жасау қажет деп ойлаймын.

Соңғы кездері біздегі ағымдарды бір-біріне қарама-қарсы қою құбылыстары байқалатын сияқты

Анар САЛҚЫНБАЙ, филология ғылымының докторы, профессор:

– Әрине, ұлттық қауіпсіздікті ойлау керек. Бірақ бұл мәселеде ғылыми талдау болуы керек. Барлық діннің ағымдары болады. Сол сияқты исламның да түрлі ағымдары бар. Жалпы, мен Қазақстандағы сол ағымдардың біреуі ғана өмір сүруге құқылы, ал қалғандарын жойып жіберуіміз керек деп ойламаймын. Соңғы кездері біздегі ағымдарды бір-біріне қарама-қарсы қою құбылыстары байқалатын сияқты. Меніңше, олардың жауласып кетпеуін қамтамасыз ете алсақ, бір қоғамда бірнеше ағымның қатар өмір сүруі әбден мүмкін.

Мысалы, топырағымызда сонау ежелден жалғасып келе жатқан сопылық ағымға шектеу қоюға болмайды. Алайда, әрине, тым саясиланып кеткен, тіпті ағымға жатқызуға болмайтын «Хизб-ут Тахрир» секілді топтардан дереу құтылу керек. Меніңше, біздің қазақ қоғамында бірігіп, бізге қауіп төндіріп тұрған өзге дін өкілдері де бар. Мысалы, кришнаиттер немесе қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын басқа да ағымдардың бізге не қажеті бар?!

Сондықтан бізге уаххабиттер, салафиттер, шафихиттер, бахаилер керек емес екені анық

Марат ШИБҰТОВ, саясаттанушы:

– Орта Азия халықтарының ішінде Қа­зақстанға аса үлкен қауіп төніп тұр деп ойламай­мын. Дегенмен бұл мәселеде сақтық керек екені анық. Қазақстанға ықпал етіп отырған ағым­дардың ішінде уаххабизмнің орны ерек­ше деп атар едім. Бізге қазір елдің дамуына, ғы­лымның дамуына шектеу қоятын діни ағымдар керек жоқ.

Мысалы, ХІХ ғасырдағы кейбір ислам елдерімен қазақ-татар зиялыларының интеллектісін салыстырғанда біздікілер неге артық тұрады? Себебі бізде ғылым-білімнің, ойдың дамуына шектеу қойылмады. Сондықтан бізге уаххабиттер, салафиттер, шафихиттер, бахаилер керек емес. Ең алдымен осы секілді саясиланған діндерге тосқауыл қою керек.

По сообщению сайта Nur.kz