Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Серік Елікбаев. Сәбит Дөнентаев және оның заманы

Дата: 24 февраля 2011 в 17:01

Серік Елікбаев. Сәбит Дөнентаев және оның заманы

Сәбит өмір сүрген кез (1894 — 1933) қазақ тарихындағы аса ауыр уақыт болатын, бұл қазақ елінің ес жинап етек жабуға тырысқан кезі еді, бірақ тарих көші мүлдем өзгеше сипатта, жат бейнеде пішін алып, жұрт жалауы жығылып, ер бүгіліп, ту құлады. Ал Сәбит осы кезеңде тіршілік кешіп, өмірдің «бар уын» қоғаммен бірге ішті. Ал бұл уақытта Ресей іші құбылмалы, мол толқуда болатын, екі түрлі Ресей, екі нанымда (христиан — мұсылман), екі танымда (славян-тұран) енді жаңашыл және ескішіл болып бөліне бастаған. Бұл туралы Н.А. Некрасов «аса ірі талант» деп санаған В.С. Курочкиннің (1831-1875) «Двуголовый орел» туындысында айтылады:

Я нашел, друзья, нашел

Кто виновник бестолковый

Наших бедствий, наших зол.

Виноват во всем гербовый

Двуязычный, двухголовый

Всероссийкий наш орел.

Правд нет оттого в русском мире,

Недосмотры везде оттого,

Что всевидящих глаз в нем четыре,

Да не видет они ничего:

Оттого мы к шпионству привычны,

Оттого мы храбры на словах,

Что мы все, господа, двуязычны

Как орел наш о двух головах.

(1857 ж.)

Бұл туралы Еуразия идеясы авторларының бірі Н.С.Трубецкий орыс психологиясында тұрандық мінез бар деді. «Әркімнің және бүтін ұлттың өмірге көзқарасында тұрандық психологиялық тип белгісі бар» екенін айтады (Трубецкий «О туранском элементе в русской культуре», «Россия между Европой и Азией: Евразийский соблазн» Антология М. 1993. С74).

Ал патшалы Ресей осыны түсіне отырып, бір-біріне қарама-қайшы, бір арнада жүрмес, дәргей бірге болғанмен дәрет бөлек екі негізгі ұлысты бірге қайнатып, сорпадан славян иісін шығарғысы келді.

Егер «Кәрлі Иван» Қазанға шабуыл жасағанда мұсылмандар 95% болса, ХХ ғасыр басында Қазан мұсылмандары 30% болды. Қазан өзінің айбатынан айырылып, тек Ресейдегі түркі жұрты рухани орталығы мен татарлардың сауда-өндірістік монополиялық ошағының да беделі қаша бастайды. Ресей қолдауына ие орыс буржуазиясы татар-түркі капиталын талқандап жіберді. Орынбордағы 25%, Уфадағы 50% мұсылман бірден ес жиып, Уфа, Орынбордағы ислам пірәдірлері, суфизм шейхтары атағы шығып, жаңа үлгідегі мұсылман медресе-мектептер салынып, осыған қызмет ететін қайырымдылық қорлар ашылып, Уфа мен Орынбор мұсылмандары қолдау көрсеткен газет-журналдар жарық көре бастады. Қазанда позициясынан айырылған мұсылманшылық идеясына Уфа, Орынбор, Троицк, Семей, Омбы шаһарларында жаңа майдан алаңы ашылды. Кейін екі дін тартысы қазақ даласына бет бұрды. Өкінішке орай орыстық-коммунистік идеологияға қарсы тұрар күш қазақ елінде болмай шықты. Түркі мұсылмандарының жалғыз исламдық зайырлы мемлекеті «Шығыс Түркістан» болды. Ол да ұзақ өмір сүре алған жоқ.

Х Х ғасырдың екінші жартысында исламды тұтынатын түркі қауымын жойып жіберуге Ресей күш салды. Бұл жолда қаржы, адам, қару әкімшілік тетіктерден ештеңе қалған жоқ. Бұған орыс миссионерлері жан сала кірісті (Миссионерский противомусульманский сборник. Вып. ХХ: Казань, 1894).

Әрине, орыс миссионерлері ішінде сол кездег жағдайды зерттей жазғандар болды (Коблов Я.Д. О магометанских муллах: религиозно-бытовой очерк. Казань, 1907). Аталмыш рухани, идеологиялық компанияға қарсы ақпараттық шабуылдар болды (Давлет-Кильдеев. Магомет как пророк. Спб., 1881).

Осындай таусылмас, ұзақ майдандар ішінде «мұсылмандық, ұлтшылдық» немесе «панисламизм», бұл орыс миссионерлерінің қойған аты болатын, кейін осы терминді патшалы Ресейдегі орыстың дініне кең, мұсылман дініне қабағы келіспеген кеңестер жалаулатып әрі әкетті, бұл өз дәрежесінде онсыз да «іргесі мықты исламды одан әрі күшейте түсті», дейді неміс қоғамтанушысы М.А. Батунский (М.А. Батунский. Православие, ислам и проблемы модернизации в России на рубеже Х Х-ХХ веков// Общественные науки и современность. 1996. 2. 88-б.).

Белгілі бір уақыттарда, Ресейде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында шетелдің ірі исламтанушыларының еңбектері аударылып басылды (Вамбери Г. Очерки и картины восточных нравов. Пер.И. Крачковского. Спб., 1911). Бұған қоса орыс ғалымдарының да зерттеулері жарық көрді (Крымский А.Е. Мусульманство и его будущность. Прошлое ислама, современное состояние мусульманских народов, их умственные способности, их отношение к европейской цивилизации. М., 1899). Бірақ А.Е. Крымский, В.В. Бартольд, Н.Н. Остроумовтар еңбегі басқыншы жұрт пиғылына толы болды. Осылардың ішінде байыппен, терең зерттей жазған С.Г. Рыбаков ғана болды (Рыбаков С.Г. Ислам и просвещение инородцев в Уфимской губернии. СПб.,1900).

Аталған еңбектерден басқа кеңестік дәуірде Орта Азия, Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан исламы туралы еңбектер де болды. Маркстік бағыттағы зерттеулерде дін-исламның ішкі рухын зерттеуден басқа әлеуметтік-экономикалық аспектілер негізгі саналып, М.Н. Покровский ұсынған «сауда капитализмі» ең басты себеп болып саналды. Аталған себептер түбірімен қате болатын. Өкінішке орай, осы ұстанымдағы Л.И. Климович, М.А. Райснер еңбектері жарық көріп, осы жол негізгі делініп бұйырылды (Почта Ю.М. Революционная Россия и мусульманский мир (советское исламоведение в 20 — 30-е годы)// Восток. 1993. 4. 85, 86, 88-б.)

Кеңес төңкерісіне дейінгі ислам орны Қазақстанда мүлдем зерттелген жоқ. Ал татарлар ішінде З.А. Ичимухаметовтің 1949 жылы Қазанда шыққан «Социальная роль и эволюция ислама в татарии» еңбегі Уфа зерттеушісі Д.Д. Азаматовтың айтуынша кемшілігі болды десек те (Азаматов Д.Д. Оренбургское магометанское духовное собрание в конце ХV -Х Х вв. Уфа, 1999.7-б.), бізде ол да болмады.

Аталған еңбектерден байқап отырғанымыздай, қазақ елінің ұлттықоянуы исламдағы жаңару, реформамен бірге дамыды. Бірақ бұған қарсы шығушылар да, исламда өзгеріс болмады деушілер де бар (Степанянц М.Т. Мусульманские концепции в философии и политике (Х Х-ХХ вв.) М. 1982.

Ойшыл ғалым Э. Геллнер өз еңбектерінде мүлдем басқаша былай деп жазды: «Исламдағы реформация мен діни шайқастар, екінші жағынан индустрациялану мен халықтандыру бәрі бір кезде кезексіз, қабаттаса келді» (Геллнер Э. Исламский мир и Европа: культура Элита и Масс // Цивилизация вып. 3 М. 1995. 109-б.).

ХХ ғасыр басындағы ХІХ ғасыр аяғындағы миллет оянуы, ұлт туының көтерілуі, түркі жұртының төтенше ес жию дін ішіндегі жаңашылдықпен байланысты болды. Бұл туралы француз зерттеушісі А. Беннигсен айта келіп, әсіресе, Ш. Маржани, М. Бигиді атап, оларды арабтардан, түріктерден, ирандықтардан, индустардан бұрын құраннан және хадистен саяси, әлеуметтік, діни тәртіптер туралы әрбір мұсылманның іздеу құқығы бар екенін айтқан мұсылман ойшылдар болды дейді. Осылардың реформаторлық қозғалысының әсері тек Ресейде ғана емес, барлық мұсылман әлемінде маңыздылығы жағынан ерекше болды. Тек осылардың ерен еңбегі арқасында басқа тараптарда реформаларға, тілге, білім беруге және саяси құылымдарға жол ашылды (Беннигсен А. Мусульмане в СССР (переиздание). Казань, 1999. С.)

Ал Ресейдегі, кеңес дәуіріндегі зерттеушілер исламды зерттегенде бодан түркі жұртын саналы түрде айналып өтіп, бізге қатыссыз елдерді зерттеді (Степанянц М.Т. Ислам в философской и общественной мысли зарубежного Востока (Х Х-ХХ вв.) М., 1974).

Қазақтармен салыстырғанда, татарлар өз ішіндегі ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңіндегі А.Хтыз-Имяни, А.Курсави, Ш.Маржанид зерттеген А.Н. Юзеев еңбегі (Юзеев А.Н. Татарская философская мысль конца ХV -Х Х веков (эволюция, основные направления и представители): В 2-х кн.Казань, 1998. Кн. 1.7-31-б., 1-к тап, 39-бет)-деді.

Яғни Ресей мұсылмандарының жаңаруы, оянуы, өсуі мұсылман дінімен тікелей байланысты болды. Бұл өз кезегінде «жәдитшілдік» терминіне әкелді. Ресей мұсылмандарының ХХ ғасыр басындағы жағдайын зерттей отырып, «жәдитшілдікт » аттап өту мүмкін емес. Әліппені, араб әріптерін фонетикалық оқытудың жаңа әдісі дегенді білдіретін «усул-и-джадид» сөзі мектептен басталып жаңа сипат алды. А.Н. Юзеев жәдитшілдік әр кезеңдегі исламдық реформаторлық, ағартушылық және либералшылдық десе (А. Юзеев Место джадидизма в татарской общественной мысли конца Х Х — начала ХХ века// ғасырлар авазы (Эхо веков). Казань, 1999 1/2. 164, 165-б.), белгілі татар тарихшысы жәдитшілдікті Үнді, Египет, Иранмен салыстыра қарайды (Губайдуллин Г.К. вопросу об идеологии Гаспринского (Предварительное материалы) // ?асырлар авазы (Эхо веков). Казань, 1998 3/4 101-б.). 20 жылдары Ғалымжан Ибрагимов татар рухани дамуының бір кезеңі деп бағаласа, кейін осы пікірді Қазан оқымыстысы Я.Г. Абдуллин қостайды (Абдуллин Я.Г. Джадидизм, его социальная природа и эволюция // Из истории татарской общественной мысли. Казань, 1979. 97-б.).

30-60 жылдары жәдитшілік керексіз зиянды «реакциялық-буржуазиялық ұлтшылдық ағым» деп қараланды (Аршаруни А., Габидуллин Г. Очерки панисламизма и пантюркизма в России. М., 1931).

Тарихшы Р.И. Навичов жәдитшілдікті екі кезеңге бөлді: демократиялық-ағартушылық (Х Х ғ. 80 жылдарына дейін), буржуазиялық (80 жылдардан кейін) (Р.И. Нафигов Формирование и развитие передовой татарской общественно-политической мысли (Очерк истории 1895 — 1917 гг.) Казань, 1964. 98,99-б.).

«Жәдитшілдік» қай кезде болмасын аса мол қызығушылық тудырды. Бұл ғасыр тоғысында түркі жұртының ішкі әлемінде төтенше төңкерістер әкелген кезең еді. Абай, Маржани, Ахмет, Міржақып секілді тұлғалардың өсіп-өніп шығуының басы «жәдитшілдіктен» басталған болатын. Аталған үрдіс «мұсылмандық рухани-зиялы тұлғаның» пайда болуына әкелді (См.: Рахимов С. Социально-правовой статус татарских учебных заведений последней четверти ХV — нач. ХХ вв. // Ислам в татарском мире: история и современность. Казань, 1997. 16-б.).

Егер татар зерттеушісі Д.М. Исханов «жәдитшілдікті» татар ұлтының «жоғары мәдениеттілігі» (Исхаков Д.М. Феномен татарского джадидизма: введение к социокультурному осмыслению. Казань, 1997. 12-б.) десе, бұл өзге ұлт, әсіресе, қазақ зерттеушілерінің, жазушыларының ашу-ызасын тудырды.

Ұлттар оянуы әсіресе татар, қазақ, әзірбайжан, өзбекте ұлттық жігер жалауын көтерілген көптеген партияларды тудырды. Бұған дейін Ресейде бір ғана партия «большевик» партиясы зерттеліп, әспеттеліп келді де өзге ұлттық партиялар соның ішінде «Алашорда» тарих қоқысына лақтырылды. Тек 80 жылдардан бастап ғана сең сөгіліп, жабулы қазанның беті ашылды (Шелохаев В.В. Кадеты — главная партия либеральной буржуазии в борьбе с революцией 1905-1907 гг. М.).

Кейіндері мүлдем жаңа бағыттағы, жаңа қырлы, көп беткейлі зерттеулер жарық көріп, білмес белестерге шығарды (Степанов С.А. Черная сотня в России. 1905-1914 гг. М.,1992). Дәл осы уақыттарда аса ірі іргелі екі еңбек жарық көрді. «Программа политических партии России конец Х Х — начало ХХ в.» (М.1995), энциклопедия «Политические партии России: конец Х Х — первая треть ХХ в.» (М. 1996). Тарихи тартыс кезеңінде Ресей империясында зерттеуші В.В. Кривеньконың айтуы бойынша «1905 жылдан бастап 1917 жылғы ақпанға дейін 45 жалпы орыстық, 113 ұлттыұ партиялар өмір сүрді» (Кривенький В.В. Новые данные сравнительно-количественного анализа политических партий России // Там же. 127-б.).

Бұлғақ уақытында мұсылмандар одағы «Иттифак аль Муслимин» партиясы жаңа уақыттың желкеніне жармасуға, жаңа жағаға жетуге тырысты, бірақ Ресейдегі мұсылмандардың кең жолы тарға, күлкіс зарға айналып кеткен еді. «Иттифак» тарихына кеңес ғалымдары қалам тербеді. Ә.Ибрагимов, А.Аршаруни, Х.Ғабидуллин, С.Г.Батыев, Х.Х.Хасанов, З.А.Ишмухамбетов (Ибрагимов Г. Татары в революции 1905 года. Пер. с тат. Казань, 1926) секілді ғалымдар еңбегі буржуазиялық-ұлтшылдық партия деп өкім кесіліп, зерттеу өрісі тар аядан шыға алмады. Қазіргі сәтте мұсылман қауымының саналық өсуін «жалпыға бірдей», «мұсылмандық ұлтшылдық» деп қарау да бар (См.: Исхаков С.М. Революция 1905-1907 гг. И российские мусульмане // 1905 год — начало революционных потрясении в России ХХ века: Материалы международной конференции. М., 1996. 192-210-б.). Әрине, бұл «мұсылмандық түркілік» өсу болатын. Бұған дейін Ресейдег түркілік кең түрде қарастырылған жоқ болатын. Заман желі жағымды сипат ала бастаған кезеңде ғана түркілік идеясына қайта қарауға мүмкіндік туды. Г. Ғұбайдуллин, С.М. Червонная, Р.Ф. Мұхамметдинов сияқты ғалымдар көлемді еңбектерін осы тақырыпқа арнады (Губайдуллин Г.К. вопросу об идеологии Гаспринского (предварительные материалы) (переиздание) // Гасырлар авазы (Эхо веков). Казань, 1997 3/4 208-214-б.). Осы еңбектер ішінде Р.Ф.Мұхамметдиновтің «Зарождение и эволюция тюркизма» (Қазан, 1996) еңбегі салиқалы, салмақты зерттеу. Түркішілдіктің әлеуметтік-саяси жағына мән берген ғалымдар А.Аршаруни, Х.Ғабидуллин, В.А.Ндеин-Раевский, И.Гилязов (Аршаруни А., Габидуллин Х. Указ. Соч.; Надеин-Раевский В.А. Пантюркизм: миф или реальность. М., 1995) болды. Аталған еңбектер ішінде де басқа зерттеулерде де татар ұлтының гегемондығы құпталып, өзге ұлттардың жеке шаңырақ құруы татар идеясына сатқындық деп саналып жатары рас. Бұндай тұжырымдар С.Исханов жұмысында анық көрінеді. Ол татар жаңашыл-либералдары С.Мақсұдовты, Г.Исхановты ұната, өбектей жазса, башқұрт қозғалысы көсемі (1917-1920) А.З.Уәлидиді анық жек көре айтады (Исхаков С.М., А.-З. Валидов: пребывание у власти // Отечественная история. 1997. 6 55-74-б.).

Өз кезегінде башқұрт зерттеушілері Д.Ж.Валеев, В.М.Юлдамбаев, М.М.Кульшарипов қазандық зерттеушілердің «татарлық гегемонизмін» ХХ ғасыр басындағы түркі халықтары бірлігінің негізгі идеясы деп қарауына қарсы шығады (Исхаков С.М., А.-З. Валидов: пребывание у власти // Отечественная история. 1997. 6 55-74-б.).

Түркі-татар жұртының оянуына бірден-бір негіз жасаған бұл мерзімді басылым болды.

1905 жылдан бастап шыққан алғашқы түркілік-татарлық газет «Нұр», «Қазан мухбире», «Қазан хабаршысы» газеттері 1916 жылдары 25 мың жазылымшыға ие болды. Яғни оның шығарылымы 16 есеге өсті (ГА РФ. Ф. 102. ДПОО. Оп. 1916. Д. 74, т.3. Л. 47).

Түркі тілді газет-жорнал Ресейдің баспасөз істері бойынша Бас басқармада (Главный управление по делам печати Россиский империи) тексеріліп, зерттеліп, жабылып немесе айыппұл салынып отырды. Бұл басқарма түркі мұсылмандары газеттер ішінен идеялық жағына баса мән берді (Мусульманская печать России в 1910 году. Составлено по распоряжению г. Начальника Главного управления по делам печати под редакцией Владимира Гольмстрем / Общество исследования Средней Азии. Оксфорд, 1987. 33-б.).

Патша шенеуніктері «Вахыт» газеті бетінде ұлтшылдың үні ащы да қатқыл шығатынына мән берді (Сонда. 48-б.).

1905 жылы 24 қарашада «Мерзімді баспасөз туралы уақытша Ережелер өзгертіліп» алынып тасталса да артынан «Мерзімді баспасөз туралы уақытша ережелердегі өзгерістер мен қосымшалар» («Об изменении и дополнении Временных правил о периодической печати») атты Заң 1906 жылы 18 наурызда шықты. Бұл өз кезегінде «баспасөз еркіндігіне қарсылық» деп бағаланды (См.: Российское законодательство Х-ХХ веков. Т. 9. Законодательство эпохи буржуазно-демократических революции. М., 1194. 193-194-б).

Бұл көптеген жағдайда айыппұл салудан ұлттық газеттерді жабуға дейін әкелді. «Вахыт» газетінің 1911 жылғы 12 наурыздағы «Өкіметтегі ауысым» («Перемена правительство») мақаласы үшін бас редактор М.Ф.Каримовке айыппұл салынды (ГА РФ Ф. 102. ДПОО. Оп. 1911. Д. 74, ч. 53. Л. 7 и об.). Ал тағы осы газеттегі 1912 жылғы 16 қыркүйектегі «Кімді сайлау керек?» мақаласы үшін М.Ф.Каримов 6 апталық тұтқынға алынады (ГА РФ Ф. 102. Д-4. Оп. 1912. Д. 130, ч. 47. Л. 23). Ресей тек аузымен айтса да, тіл ұшы күбірлегенмен ішкі мұзы ерімеген қалпы қалды. «Российские поддонные пользуются свободою веры» дегенмен (См.: Тысячный номер газеты «Юлдуз» // Мир ислама. 1913. Т. 2 Вып. V. 399-400-б.) шындығында олай болмады. Мысалы, Түркістан өлкесінде бірде-бір мұсылман баласы жер немесе қозғалмайтын мүлік сатып алуға құқығы болмады. Түркістан өлкесін басқару Ережесінің 262-тармағында былай деп жазылды: «Приобретение земель и вообще недвижимых имуществ в Туркестанском крае... всеми за исключениям туземцев лицами нехристианских вероисповедений воспрещается» (Полный свод законов Российской империи. -ХV тт. Кн. 1. Т. . Стб. 966 ).

Бұған қоса оқу орындарындағы басқарма мүшелігі туралы айтылды: «Председательствовать в учелищных советах, как уездных, так и губернских, а равно быть избираемыми в члены о них от земства и городов, имеют право одни только лица христианского вероисповедения» (Полный свод законов Российской империи. -ХV тт. Кн. 2. Т. Х . ч.1. Стб. 1732).

1889 жылы 8 қарашадағы жарлықта мұсылмандарға адвокаттықпен айналысуға тыйым салынады. Яғни мұсылмандар өз ұлттық мүддесін қорғау құқығынан айырылады. Қараңғылық езгісінде, тұман тұста қалғандар сол жерде қалуға тиісті болды.

Мұсылман жұрты аз емес болатын. 1907 жылы шыққан «Тәржіман» газетінде мұсылмандар саны 19 миллион деп көрсетілді. «Мир ислама» журналында Б.Б. Бартольд 1912 жылы 20 миллион деді, 1917 жылы мамырда өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде А.Цаликов 30 миллион деп сөйледі. Ресейдің ресми санағына сүйене отырып, С.Г.Рыбаков Ресей мұсылмандары 1897 жылы 13 889 421, 1912 жылы 1 қаңтарда 16 226 073 болғанын айтады (С. Рыбаков Статистика мусульман в России // Мир ислама. 1913. Т.2 Вып. Х . 758-759-б).

Жәдитшілдіктің шығуы туралы белгілі татар ғалымы Ғ.Ғұбайдуллин былай деді: «Ресейден тыс «модернистік» қозғалыстарды зерттей отырып, біз ресейлік жәдитшілдікпен көптеген ұқсастықты байқадық» (Губайдуллин Г. К вопросу об идеологии Гаспринского (Предварительные материалы) // Гасырлар авазы (Эхо веков). Казань, 1998. 3/4. 101-б.).

Зерттеуш сол кездерде Үндіде, Парсыда, Египетте және Түркияда дәл осындай «экономикалық белгілер байқалды» дейді. Зерттеуші Степанянц «исламда басқа діндердегі секілд жағдай болды; ескі этикалық талаптар жаңа талаптарға жауап бере алмады, яғни жаңаша ойланудың, реформацияның керектігі пайда болды» (Губайдуллин Г. К вопросу об идеологии Гаспринского (Предварительные материалы) // Гасырлар авазы (Эхо веков). Казань, 1998. 3/4. 101-б.) дейді.

Жай реформа емес, батыс пен шығыстың майдандасқан тұсында, ескілік пен жаңалық жағаласқан кезде «жоғары идеология» керек болды (См.: Хасанов М.М. Феномен российского мусульманства // Ислам в татарском мире: история и современность. Казань, 1997. 9-10-б.) керек болды. Кейбір зерттеушілер Орал-повольжъе мұсылмандарының төңкерістік идея дүмпуін А.Хтыз-Имяни (1754 — 1834) және А.Курсави (1776-1815) есімімен байланыстырады». Бұл кезеңдегі жаңашылдық «ашық есік иджихатына негізделеді» (Юзеев А.Н. Татарская философская мысль конца ХV -Х Х веков (эволюция, основные направления и представители). Казань, 1998. Кн. 1. 93-б.)

Осы уақыттағы Уфадағы дінтанушылар ішінде қоғам жаңалығынан қалмау үшін бар болмысымен жаңашылдықты жақтаған жандар болды.

Бұл өз кезегінде жаңалық пен ескілік арасындағы дау талас, ой майданын бастаған еді. Сөзімізге Қазан губернатына хат жолдаған полицейлердің есебі куә. «Ескілер» (қадымшылар) жаңашыллдар (жәдитшілдер) дінге жеңіл қарайды, халықты басқа бағытқа алып кетеді деп қорықса, «жаңашылдар», «ескілер» ұлт өсуіне бөгет жасап, қараңғы халықты тек тонауда (НА РТ Ф. 199. Оп.1. Д. 771. Л. 252) дейді.

Ескішілдер мен жаңашылдар арасындағы пікірлер сайысы ақша, байлық мәселесінде де бой көрсетіп жатты. Реформатор жаңашылдар әр мұсылманның басы бүтіндей мұсылман жамағатына пайдалы екенін, мұсылмандар ішінен меценаттер пайда боларын пайымдады (Дюдуаньон С. Кадимизм: элементы социологии мусульманского традиционализма в татарском мире и в Мавераннахре (конец ХV — нач. ХХ вв.) // Ислам в татарском мире: история и современность. 63-64-б.).

«Вахыт» газетінің 1913 жылғы 10 сәуіріндегі 1175-нөміріндегі бас мақалада былай деп жазды: «Біз әрбір жеке адамның байлығы, жеке адамның ғана ісі емес деп қоғамдық көзқараспен қарауымыз керек. Әркім мұсылманшылық қоғамдық қор немесе мектеп жабылып қалмауына жағдай жасап, осыған қоса әлдебір мұсылмандық лавкасы істемей қалмай немесе әлдебір мұсылмандық фирма банкрот болмауына жағдай жасау керек. Егер мұсылмандық фирма көп болса, олардан мұсылмандарға көп жұмыс орны табылады. Қазіргі оттомандық түріктер бастан кешіп отырған мыңдаған пәле-қала олардың экономиялық жағдайдан құлдар болып отырғанынан». Мұсылманшылықтың таралуы да әртүрлі бағытта болды. Әсілі далалық діннің таралуы мен қалалық діннің таралуы екі бағытта дамыды. «Жоғары» яғни классикалық үлгідегі қалалық ислам тұрпаты шаһардың ерекшелігіне бой ұра дамыды. Қалалық ислам сол жердегі сауда ерекшеліктерін, өмір бояуларын негізге алды (См.: Полонская Л.Р. Современные мусульманские идейные течения // Ислам: проблемы идеологии, права, политики и экономики: Сб. Статей. М., 1985. 8-б.).

Ұлттың оянуына Орал-повольже өңірінде Хұсайын Файзханов (1828-1866) және Қайым Насыри (1825-1902), Мифтахедтин Ақмолла (1831-1895) және Мұхаметсалим Үметбаев (1841-1907) секілді жандар тікелей әсер етті.

Мұсылман мектептерінде зайырлы бағыттағы жалпы әлемдік ортақ пәндер бел ала бастады. Ресей империясының баспа жөніндегі Бас басқармасы 1910 жылғы есебінде мұсылмандар мектебінде діни кітаптар 56,4%-дан 1909 жылы 60,3%-ға дейін өскенін айтады. »... Оқулық шығару бүтіндей жаңа бағыттағы жандардың қолында екен , ал діни кітаптарда жазу ескі және жаңа көзқарастағы адамдар қолында болса да кейінгі жаңашылдар бел алып келе жатқанын ескертеді» (Мусульманская печать России в 1910 году. 80-81-б.).

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін мұсылмандар арасында өзгеше бір таным қалыптасты. «Мүлдем бөлек тенденция туып, мұсылман мектептерінің жоғары, орта, төмен дәрежелі бөлімдері өз бағдарламасымен мұсылмандарға ыңғайланған мұғалімдер мен ерлер мен қыздар институтында тәуелсіз финансистік-қаржылық, яғни мұсылмандар ақшасы негізінде немесе мұсылмандар көп шоғырланған жерлерде губерниялардың земство қорына сүйене отырып, дамыды» (Школьный вопрос в русском мусульманстве // Мир ислама. 1913. Т. 2.Вып. . 131-132-б.) делінді. Дәл осындай қоғам құбылысы Кереку өңірінде негіз алды. Әсіресе, Кереку қаласы іргесіндег Қасым Қажының мектеб осыған мысал болды. Бұл жерден тек С.Дөнентаев қана емес көптеген мұсылман жастары білім алды.

Мұсылман байларының жаңа үлгідегі мектепті ашуына сол шақтағы экономикалық тартыс да негіз болды. Бұған дейін ел қажетін өтеп келген дін ислам енді тоқталып, тұралап қалды. Қазақстан мен Түркістандағы орыс әкімшілігі күшейді де татар, қазақ байларын ығыстырып жіберді. Теміржол ел байлығын сыртқа, жатқа шөміштеп емес, қоймалап, қамбалап әкетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы М.Жұмабаевтай ақын «Отарба» өлеңінде айтты. Осы тақылеттес өлеңді С.Мұқанов «Өмір мектептерінде» Б.Ізтөлин өлеңінде болғанын айтады.

«Менің әкем Уфадағы Ғалия деген мектепті бітірген адам, мұғалім еді». М.Әлімбаев «Көзін көрдік, жақсы менен жайсаңның» Алматы «Қазақстан» 2002 ж. 11-бет

Сол кездердегі оқу орнын бітіргендер жаңа идеяны әкелушілер болды. Мысалы, 1901-1902 жылдары Троицкідегі «Расулия» медресесінде «Жамгыяте гымльмия» («Ғылыми қоғам») ұйымында башқұрт ақыны Мажит Ғафури (1880-1934) журналист әрі педагог Хамит Искандеров (1888-1958) болды. Бұлар өз уақытының алдыңғы қатарлы идеясын көтерді. Аталған жандар ішінде С.Дөнентаевтың ұстазы Нұрғали молда да болды (См.: Татарский энциклопедический словарь. 193, 228-б.).

Ғалия медресесіндегі жастар қазақ даласына барып білім шырағын жақты. Тек білім әкелген жоқ, қазақ жұртының оянуына да тікелей әсер етті. Бұл туралы жардарм офицерлер күйіне баяндады (121-122-бет).

Яғни «Ғалия», «Расулия» секілді медреселерден дін танытушылар, уағызшылар ғана емес, түркі жұртына қызмет ететін жандар өсіп шықты. Тек «Ғалия» медресесінен 1906-1919 жылдары 1500 шәкірт, «Хусайниядан» 1903 пен 1916 жылдар ішінде 500 шәкірт баулып шығарып отырды (Камалов Т. Указ. соч. 26-б.; Рахимкулова М. Указ. соч. 14-б.).

Осы шәкірттер-мұғалімдер ішінде түркі жұртына аты мәлі Ахмет-Зәки Уәлиди (1890-1970), Ғалымжан Ибрагимов (1887-1938), Саәит Рамеев (1880-1926), бұған қоса, көсемсөзші Бұрхан Шараф (1883-1942), «Вахыт» газетінің редакторы Қабрахман Фахреддинов (1887-1937), «Яз» газетінің редакторы және шығарушысы «Орынбор қаласы мұсылмандарының әдебиет үйірмесі» мүшесі Юсуф Музафаров (1887-1929), «Қармақ» газетін шығарушы әрі редакторы Махмут Ғалияутдинов (Ғалияу) бар.

Әрине түркі мұсылмандарының дамуына «Тәржіман» газеті тікелей ықпал етті. Бұл алдыңғы толқынның оянуына әсер етті. Ал бұл толқындағылар Орынбор діни мәжілісінің қазысы, түркі жұртының алғашқы тарихшыларының бірі Хасан-Гата Габяши (1863-1936), Стрелибаш медресесінің мударрисы және Мемлекеттік Думаның депутаты Мұхамет-Шәкір Тоқаев (1862-1932), Уфадағы «Усмания» медресесінің негізін салушы Хайрулла Усманов (1848-1907) Уфадағы 3-мешіттің имам хатибы, Дума депутаты Мұхамет-Сабыр Хасанов (1866-1922), ал қазақтағы Бақытжан Қаратаев ....

Татар жұрты ішінде түркі жұртының оянуына тікелей үлес қосқан жандар аса көп болды. Әсіресе, С.Дөнентаевтың кітабын шығарған баспахана иесі, «Вахыт» газетінің редакторы Мұхамет-Фатых Каримов (1870-1937) болды. Бұл туралы жандарм мәлімдемелерінде ол «пользуясь таким могущественным орудием в деле агитации, как печать энергично работают над осуществлением национальной идей» (ГА РФ. Ф. 102. ДПОО. Оп. 1913. Д. 74, ч. 2. Л. 144) делінді.

М.-Ф. Каримов тек редактор ғана болып қойған жоқ, барлық мұсылмандар съезінде (1905, 1906, 1914, 1917) делегат, Орынбордағы екі ислам қайырымдылық қорының мүшесі, Бүкілресейлік мұсылмандар Ұлттық кеңесі  Мелли Шуроның мүшес еді.

(Жалғасы бар)

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы