Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ғазиз Құрмашұлы. Біз неге басыла береміз?

Дата: 25 февраля 2011 в 09:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ғазиз Құрмашұлы. Біз неге басыла береміз?

«Кімнен таяқ жегендей, біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпанға ауызының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек. Бәріміз бір болсақ, біздің жеңбейтұғын жауымыз болмайды, мақсатымызға жетеміз. Онсыз біздің күніміз жоқ, құрып кетеміз...»

1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастары алдында сөйлеген сөзінде халқымыздың біртуар қайраткер ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай осылай деген.
Арада 74 жыл өтсе де осы сөз әлі мәнін жойған жоқ. Жоймаған себебі — қазақтың рухани жұтаңдығы туралы мәселе тағы да алдан шықты.
«Бекерге байбалам салудың қажеті жоқ. Тәуелсіздігімізді жеңіп алдық, ЕҚЫҰ-ға төраға болдық, әлем таныған дербес мемлекетпіз» дейді аузы дуалы азаматтар. Бұған дау айтқалы отырғанымыз жоқ. Көк байрағымыз желбіреп, төрткіл дүние таныған Қазақстан деген ел атандық. Бірақ өз қолымыз өз аузымызға жеткелі 19 жыл өтсе де, кей жағдайда бұйдасы аузын айға білеген алпауыт елдердің тақымында кеткен тайлақтай көрінеді де тұрады.
Бұл пікірге біреулер келісер-келіспес, ішкі-сыртқы саясатқа байланысты мүмкін осылай істеу керек те шығар. Өзге елдермен өзара интеграциялық қатынастар негізінде экономикамыз өркендеп келеді. Кеден одағы арқылы Ресей мен Беларусьқа тонның ішкі бауындай жақын бола түстік.
Бірақ рухымыз, бабаларға атой салдырған текті рухымыз жасықтың жүзіндей майыса бере ме, қалай? «Сен жақсы, мен жақсы» принципі көбінесе ұлттық мүддені аяқ асты етуде. Рас, елге тыныштық, бейбітшілік, тату-тәтті достық керек. Бірақ қазақтың мүддесі, есесі кетіп бара жатқан тұстардың кездесе беретіні ойландырмай қоймайды. Қазақстан Америка мен Ресейдің, Қытайдың мүдделері тоқайласқан аса маңызды стратегиялық аймаққа айналды.
Дамыған елдердегідей өркениетке жетеміз дейтін жалпылама ұран қазақтың мүддесіне жалаң қылышын кезеп тұр. Күні бүгінге дейін мемлекеттік тіл тасырқап қалған тұлпардай көсіле алмайды. Көсілуге мұрсат бермейтін бөгет көп.
Біреу олай тартады, біреу былай тартады. Өткен сайлау қорытындысында қазақтың саны 67 пайыз болды. Бірақ соңғы қайта есептеулер 63-64 пайыз дегенді алға тартады. Солай болғанымен, Қазақстан көпұлтты мемлекет деп, қазақтың атының шаужайына жармасатындар жетіп артылады.
Ау, біз неге басыла береміз? Неліктен өз жерімізде мемлекет құрушы ұлт ретінде конституциялық құқымызды толық жүзеге асыра алмаймыз? Кезінде, 1960 жылдары Сібірдегі аз халықтардың бірі — чукча жазушысы Юрий Рытхэу «Біз кімбіз?» деп ұлт тағдырына байланысты толғақты мәселе көтерді. Сол кездерде Мәскеуде ерекше бір серпіліс жүріп жатқан. Әр ұлт өз орнын айқындағысы келгендей өрлеу, ұмтылыс болды.
Сол кезде КСРО астанасында «Жас тұлпар» ұйымын құрған қазақтың студент жастарын да осы ұлт мәселесі, ұлт теңсіздігі ерекше мазалады. Қазақстанның бес облысы тың игеруге келген өзге ұлт өкілдеріне толып, өз жерімізде азшылыққа ұшырадық. Семей сынақ алаңында қазақтың басына қасірет бұлтын үйіріп, атом бомбалары сыналып жатты. «Жас тұлпардың» жастары Қазақстанның шикізат базасы екендігіне, еліміздің отарлау саясатының құрбаны болғанына көз жеткізе білді.
Мәскеудің зәрі төгіліп, қылышынан қаны тамып тұрған кездің өзінде Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан, Алтай Қадыржанов, Әнуар Сәтбаев және басқа да жастар қазақтың еңсесін, рухын көтеруге бел байлады. Өздері қолға алған «Жас тұлпардың» құрылымын жасады.
— Біз үш бағытта жұмыс істедік. Бірінші — қазақ студенттерінің оқуына көмектесу, екінші — қысқы және жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралау. Үшінші — ұлттық мәселе, — дейді Мұрат Мұхтарұлы.
«Жас тұлпардың» ізінше Ленинград, Рига, Харьков, Саратов сияқты бірқатар қалаларда да «Жас тұлпар» ұйымдары жұмыс істеді. Ақмолада — «Тың тұлпар», Семейде — «Тайшұбар», Қарағандыда — «Жас қазақ». Жастар қозғалысы үлкен күшке айналып саяси сипат ала бастады.
Бұл бүгін айтуға ғана жеңіл. Әйтпесе, өрімдей жас студенттердің көтерген жүгінің салмағы ауқымды еді. Бұл әрекет сол кезде Мәскеудің алаңдаушылығын туғызды. «Жас тұлпар» мүшелері ұлтшылдар ретінде «үш әріптің» қудалануына түсті. Сондай жағдайда қазақ жастарын оятқан не еді? Ол — ел мен жердің тағдыры, өше бастаған рухымыз болатын.
«Жастұлпарлық» Мақаш Тәтімов сол кездің өзінде қазақтың саны туралы мәселе көтерді. Сәбетқазы Ақатаев, Болатхан Тайжан сияқты саяси сауатты білгір жігіттер талай жастың көзін ашты. Мұрат Ғылманов, Болат Қарақұлов, Әсия Мұхамбетова, Темірхан Бақтыбаев сияқты басқа да жастар алға саяси мақсаттар қойып, оған белсене қатысты. Олардың жүрек түкпірінде Алаш ардақтылары негіздеген Алаш идеясы бас көтерді. Оттай жанды, құрыштай қайнады, қалайда қазаққа пайдамызды тигіземіз деп талпынды.
Бүгін сондай жоғары рух неге жоқ? Төрт құбыламыз түгел болса да қазақ мәселесіне келгенде шенеуніктер жер шұқып, алуан түрлі сылтау айтып, белгілі бір шеңберден шықпау туралы ақыл қосып, бәрін жылы жауып қоя салады. Әлде бәрін де ақшамен өлшейтін нарық заманы намысымызды да саудаға салуға үйретті ме?
Рухсыз елді билеу оңай. Бабалардың рухын жоғалтпаған ел едік, бүгінгі болмысымыз бір түрлі жалтақ...

Түпнұсқадағы тақырып: «Бабалар рухын асқақтатқан ел едік...»

«Qogam.kz» сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы