Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам. Құран. Ғылым

Дата: 25 февраля 2011 в 09:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам. Құран. Ғылым

«Ислам — дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз».

Н. Ә. НАЗАРБАЕВ

Ислам діні бүгінгі таңда жер шары тұрғындарының шамамен төрттен бірі ұстанып, биік бағалап, аялап, қастерлеп отырған соңғы иләһи дін. Оның адам ба­ласын үнемі тазалыққа, адалдыққа ша­қы­ратыны, Алла тағала мен Пайғам­ба­ры­мызға (с.ғ.с.) және дүниедегі бүкіл жа­ра­ты­лыстарға опалы болуға үн­дейтіні анық.

Сан ғасырдан бері тып-тыныш, бейбіт өмірді насихаттап келген асыл дінімізді соңғы жыл­дарда лаңкестік, экс­­тремистік секілді небір жағымсыз ұғымдармен бай­ла­­ныстыратын пікірлер пайда бо­луы жүрегімізге ауыр тиетіні рас. Негізінде, Ислам еш уа­қытта адамдарды бүлікке, бұза­қы­лық­­­қа, тәртіпсіз­дік­ке немесе біреудің жазықсыз қанын төгуге шақырған емес. Керісінше, ол өзгенің ақысына қылдай қиянат жа­самауға үйрететін үлкен тәр­бие қайнары.

VІІ ғасырдың алғашқы жартысында Таяу Шығыс пен Орта Шығыс ха­лық­тары үшін өте маңызды екі үлкен оқиға көзге ұрып тұрғандай айқын көрініп жатты. Біріншісі, адамзат баласына екі дүние бақытымен сүйіншілей келген Ис­ламның пайда болуы, ал екіншісі, тары­дай шашылып, өзара жанжалдан көз ашпай келген араб ру-тайпалары жұды­рық­тай жұмылып, жаңа Араб мемлекетінің негізін қалап жатуы еді. Исламның илә­һи діндерді тәмамдаушы мөрдей болып ең соңынан түсуі және жекелеген қау­ым­дарға ғана емес, барша адамзат бала­сына келуі оның хақтығын білдіретін бұл­тартпас анық дәлелдерге жатады. Демек, бұл діннің йаһудилік пен христиан­дыққа қарағанда әлеуметтік сипаты басым.

Араб түбегінде аса қуатты діни мем­лекеттің орнауы араб елі тарихына ғана емес, жер жаһанның тынысына бұрын-соңды болмаған жаңа леп алып келді. Бұл елдің бұрыннан табынып келген жалған құдайлары мен пұттарын тастап, мұсылмандықты қабылдап, жалғыз Ал­ла­ға ғана құлшылық етуінің игі әсері еді. Осы тұрғыдан қарағанда, Ислам діні­нің құндылығын араб елінің Исламға дейінгі және Исламнан кейінгі жай-күйін салыстыру арқылы да оп-оңай ба­ғамдай алмақпыз.

Ежелгі араб ру-тайпаларының әрқай­сысы өз алдына жеке жасанды құдай­ларға көзсіз табынып келді. Тіпті халық санасында «тайпалық-рулық құдай» деген де ұғым болды. Адамдар жасанды құдайлар тек өзіне қатысты рулар мен тайпаларды ғана сақтап-қорғайды деп сенді. Осылайша, әрбір рудың өкілі өзі табынып жүргендерінен «өзге де пұттар бар, олар өзара таласып, жауласуы да мүмкін» деген оймен өмір сүрді. Пұттар тастардан, ағаштардан, тіпті кейде нан, құрма секілді азық-түлік түрлерінен де жасалды. Әркім өз тайпасының пұтта­рына құрбандық шалды. Тіпті жаңа туылған қыз балалардың тірідей жерге көмілуін тек экономикалық себеппен немесе намыстың тапталуымен ғана емес, «құрбандық» деген түсінікпен де байланыстыратын ғалымдар бар.

Десек те, араб елінің қым-қуыт та­ри­хына үңілсек, сол кездің өзінде жер беті дүниесінен әлдеқайда жоғары тұратын аса ұлы бір Құдіреттің бар екендігіне бұ­лыңғыр болса да сенім болғанын жоқ­қа шығара алмаймыз. Әлгі пұттар сол Құдіретке жақындаудың бір дәнекері деп саналған сыңайлы. Кейбір арабтар ол Құдіретті қасиетті Қағбаның иесі деп ұқты. Сондықтан, өз пұттарын сол қа­сиетті қара тастың үстіне немесе маңы­на орнатуға тырысты. Ислам діні келгенге дейін, Қағба маңында пұттардың 360 түрі болды деген дерек кездеседі. Мұ­ның өзі араб дүниесінің Исламға дейінгі рухани өмірінің қай деңгейде бол­ған­дығын көрсететін біраз шындықтың өзегін аршыса керек.

Арабтар әдебиетке жақын халық болғандықтан, өз пұттарына арнап өлең-қиссалар жазумен де айналысты. Олар­дың сол дәуірдегі әдебиеттерінің негізгі тақырыбы осы желіге құрылды десек, ақиқатты айналып өткендік болмас. Көп құдайға сеніп келген араб дүниесінің тарих сахнасындағы бұрынғы бет-бейнесі осындай күйде еді.

Ал бүкіл ғаламдардың жалғыз Иесі, Ұлы Алла тағалаға бойұсынуға шақыр­ған Ислам діні келгенде, арабтар ара­сын­дағы осындай мифтік ой-түсініктер біртіндеп сейіліп, нағыз ақиқаттың нұр сәу­лесі біліне бастады. Адамдардың дү­ние­ге, бүкіл жаратылыстарға деген көз­қа­расы өзгерді. Өлең-дастандардың та­қы­рыптары да жалғанды жырлаудан ары­лып, өзге арнаға ойысуға бет алды. Ал Алланың аяттары оқылғанда, азуын айға білеген майталман ақындардың өзі сөзін тоқтатып, ғажайып иләһи сөздер­дің тұң­ғиық сырларына таңғалып, таң­дай қағу­дан өзге шара таппады. Ақын­дар Құран­ның аяттары адамзаттың сөзі­нен әлде­қайда биік тұрғанын толық мойындады.

Исламға дейінгі кезеңде діни түсінігі ежелгі христиандыққа жақын кейбір отырықшы елдер де болды. Бұл Жарату­шы жалғыз Құдай мен ақырет күніне сенуге шақыратын ханифтік сенімнен туындаса керек.

Ислам діні йаһудилер мен хрис­тиан­дардың түсініктеріндегі мифологиялық келеңсіздіктерді де тәртіпке келтіріп түзете бастады. Тек көзге көрінетін нақ­тылыққа ғана сүйенген қасіретті көзқарас Исламның келуімен ру­ха­ни-ғайыптық ұлағатты сенімнің тұнығы­на қарай ығысты. Ұлы Алла тағалаға деген сенім біртіндеп адамгершілік қа­сиет­термен де толықты.

Ислам діні «тайпалық пұттар мен жалған құдайларға сенуден» бас тартып, аса Құдіретті, бәрін көруші, бәрін естуші, ерекше Рахымды, Жаратушы, есеп-қисап күнінің Иесі Жалғыз Аллаға құл­шы­лық етуге шақырды. Араб түбегінің тұр­ғындары Ислам келмей тұрып, та­би­ғаттың сұрапыл күштерінің алдында бас иіп келсе, енді Ислам дінінің билігі жүр­ген кемел кезеңде тағдырға иман келтіріп, екі дүниенің терезесін тең ұстауға көшті. Мұның сыры Исламның игілігінде жатқандығы хақ.

Ислам қоғамдық қатынастарға ықпал етіп, жалпақ жұрттың әлеуметтік мәсе­ле­лерін де оп-оңай шеше бастады. Мы­са­лы, әлеуметтік дағдарыс пен қым-қи­ғаш ішкі қайшылықтарға ұшырап, ха­лықтың іштей ыдырай бастауы араб тай­паларының басына төнген қасірет бұлты іспеттес еді. Тек араб емес, мұндай діни-рухани қараңғылық бұлты жер бетіндегі бүкіл адамзат атаулының басына үйі­ріліп тұрған болатын.

Көшпелі тайпалардың ұжымдық мүлкі болған жайылымдар мен құдық­тар үстем тап өкілдерінің иелігіне өтіп кеткен. Ал тұрмысы нашар, әлсіз бә­дәуи­лер бұрынғыдан да сіңірі шығып ке­дейлене түскен. Өсімқорлық кеңінен етек алып, құлдық көбейген. Басы бос, азат бәдәуиді өз тайпасы қорғап, араша түсе алмайтындай жағдайға да жетті. Тайпасынан безіп, шөлге барып қарақ­шыларға қосылғандардың саны да күн санап артты. Ал бір-бірімен шабысып-қыр­қысып жатқан араб ру-тайпалары­ның бір тудың астына бірігуі халықтың көсегесін көгертіп, мерейін асырды. Ислам діні адамдарды жаңа құқықтық қа­рым-қатынасқа шақырып, жаңа сенімнің кеңінен жайылуына жағдай тудырды.

Жаңа дін келуінен он жыл өтпей жа­тып арабтардың ұлан-асыр территория­ны бағындырған даңқы жан-жаққа жайы­ла бастады. Ал хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың қауымы ақи­қат дінді жаю жолындағы күрестің маңызын жан-тәнімен қабылдап, оны табиғи мінездеріне айналдырып алды.

Араб елінің билік жүргізуші табы ежелгі өркениеттің орталықтары болып саналған Сирия, Месопотамия, Мысыр сынды өнімі мол елдерді жаулап алып, мол олжа мен қазынаға кенелуге бұрын­нан-ақ құлықты еді. Алайда бытырап, алтыбақан алауыз боп жатқан араб тай­паларының бұл ойды жүзеге асыруға ша­малары келмейтіні айдан анық-ты. Ал Ислам бір дінге біріккен мұсылмандар­дың рухын асқақтатып, Жаратушы Иемізді әлемге паш етудің қаншалықты маңызды екендігін Құран Кәрімнің айқын аяттарымен бекітіп берді: «Сендер кітап иелерінен Аллаға, ақырет күніне сенбегендер, Алла мен оның елшісі арам еткен нәрселерді арам деп білмегендер, хақ дінді (Ислам дінін) дін етіп ұстамағандар сендерге кішірейіп, бойсұнып, өз қолымен салық (жизя) төлегенге дейін соғысыңдар» («Тәубе» сүресі, 29-аят).

Сөйтіп, Ислам діні Азия мен Африка халықтарының арасында, Еуропаның бір бөлігінде, жалпы Үндістаннан Испа­ния­ға дейінгі ұлан-ғайыр далада кеңінен жайылды. Үш құрлықтың тұрғындары­нан құралған көптеген халықтар бір атаның баласындай, бір қолдың сала­сын­дай бірігіп, рухани-саяси күшке ай­нал­ды. Сол кезде әлемді дүр сілкіндіріп тұрған екі алып империя Иран мен Византия да мұсылмандардың ығына жығылды.

Арадағы небір ауыр қақтығыстар нәтижесінде Иран толығымен мұсыл­мандарға бағынып, Ислам дінін қабыл­дады да, Византия Азия құрлығындағы иелігінен толықтай айырылды.

Қасиетті Құран Кәрімдегі: «Түп-түгел Алланың арқанынан (діннен) жа­быса ұстаңдар, ажырамаңдар (бө­лін­бең­дер). Әрі өздеріңе Алланың берген нығ­метін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, Алла жү­ректеріңнің арасын жарастырды. Оның нығметімен туысқа айнал­дың­дар» («Әли Имран» сүресі, 103-аят) деген аят өмірден көрініс тапты.

Ал Алланың соңғы елшісі, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) сол кезде Араб елінің экономикалық және діни орталығы саналған Мекке қала­сында дүниеге келді. Бұл қаланың тұр­ғын­дары егіншілікпен де, қол өнерімен де, бау-бақша өсірумен де айналыс­пайтын. Олар солтүстік жағынан Сирия, Ирак, Мысыр қалаларынан, ал оң­түс­тігінен Үндістан, Қытай, Шығыс Африка елдерінен келетін үлкен-үлкен сауда керуендерінің күтімімен айналысатын. Халықтың дені негізінен осы іспен шұ­ғылданатын. Меккедегі ең беделді, әрі бай саналатын Құрайыш тайпасы сауда экспедицияларын ұйымдастырып басқа­ра­тын. Сондай-ақ, өсімқорлық та бұл тайпаның кәсібі болды. Өйткені, Хид­жаздың көшпелі тайпалары көбіне-көп қарыз астында езіліп, одан құтылу үшін өсіммен ақша алатын. Құрайыш тайпасы Араб түбегіндегі өзге тайпалардың бірі ғана болғанмен, ол экономикалық жағ­дайы жағынан өзгелерден көш ілгері-тін.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осы Құрайыш тайпасының Хашим руы­нан шықты. Әкесі шағын дәулетті Абдулла деген кісі еді. Ол өмірден ерте озып, содан соң алты жасында анасы Әминадан да айырылып, Пайғамбары­мыз (с.ғ.с.) жетім қалады. Сөйтіп, сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көкесі Әбу Тәлібтің қамқорлығына өтті. Оның қолында жүріп, қой да бағады. Ер жете келе сауда керуендеріне қосылып, оларға атқосшылық та жасайды.

Құран Кәрімде Алла тағала Мұхам­мед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызды бүкіл ғаламдарға рахым нұры, әрі ақиқат дінді жеткізуші етіп жібергені жайлы: «Әй адамдар! Мен сендердің барлығыңа Ал­ла­ның жіберген елшісімін. Жер мен көктің патшалығы Алланікі. Одан өзге ешбір Құдай жоқ. Ол тірілтеді де өлтіре­ді. Сондықтан Аллаға және Алланың сөздеріне сенетін, оның оқу-жазуды білмейтін Пайғамбар елшісіне иман келтірің­дер. Тура жол табула­рың үшін оған ілесіңдер!», — дейді («Ағраф» сүресі, 158-аят).

Бұған дейінгі сан мыңдаған Пайғамбарлардың арасында бір қауымға ғана емес, бүкіл адамзат пен жындарға жіберілген ақырзаман Пайғамбары хазіреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) алар орны ерек­ше. Алла тағала: «Сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік», — деп оған (с.ғ.с.) өзгеше ілтипат танытты. Сондық­тан Алланың соңғы елшісі (с.ғ.с.) қа­сиет­ті Құран Кәрімді барша адамзат ба­ласына түсіндіріп, насихаттады. Өмірі­нің соңына дейін осы міндетті қалтқы­сыз атқарды. Құран болса, жер бетіне өзінен бұрын түскен қасиетті кітаптар мен парақтардың (сухуф) мазмұнын толықтай қамтыды. Оларда берілген діни үкімдерді бекіте келді.

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз адамдарға ұлы Алла тағаланың құдіреті­не сүйене отырып, небір ғажайып мұғ­жизаларды көрсетті. Бірде дініміздің ақиқаттығына көзін жеткізгісі келген бір кісінің сұрауы бойынша, Алланың қалауымен, аспандағы айды қақ бөлгені жайлы дерек бар. Ағаштың оған салауат айтатынына сенімін нақтылағысы келіп, сұрақ қойған кісіге: «Ағаштың өзі айт­сын» деуі мұң екен, үлкен бір ағаш та­мырымен қопарылып, Пайғамбары­мызға (с.ғ.с.) жақындап келіп, иіліп сала берді. Алла елшісінің кейбір жан-жа­нуар­дың да тілін білгенін дәлелдейтін тарихи оқиғалар болған. Бірақ, Пайғам­барымыз (с.ғ.с.) бұлардың ешбірін өзіне таңған емес, бәрі де ұлы Құдірет иесі Ал­ла таға­ланың бұйрығымен жүзеге асып жатқан­дығын айтып отыратын. Өзі тек Алланың әмірін жеткізуші екенін білдіретін.

Араб жұрты Алланың ақиқат дінін түсінген сайын бұрынғы сенімдерінен бет бұрып, лек-легімен Ислам дініне кіріп жатты. Ал Меккені билеуші табына бұл, әрине, ұнамады. Олар адамдардың Исламға осылайша үдере ауытқуын өз дін­дерінен безушілік деп ұқты. Қол­да­рынан келгенше бұған тосқауыл болуға тырысып бақты. Алайда мұсылман­дық­ты қабылдаушылар саны бір кісіге де азаймады. Қайта күн өткен сайын олар көбейе берді. Меккенің үстем тап өкіл­де­рі бұл істің материалдық жағдаймен байланысы болар деп, Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарға мол дүние, сұлу жар, биік мансап ұсынып та көрді. Алайда, ар­дақ­ты елші (с.ғ.с.): «Бір қолыма Айды, екінші қолыма Күнді берсеңдер де, Алланың дінін түсіндіруден бас тартпаймын», — деп өз ұстанымын айқын білдірді. Енді дін дұшпандары Мұхаммед Пайғам­барды тек өлтіріп қана құтылуға болар деп, бірнеше мәртебе оның мүбәрак жа­нын о дүниелік етуге әрекет етіп көрді. Оны өлтірген кісіге көп дүние беретінін айтып жар салып та байқады. Алайда, олардың ешқайсысы нәтиже берген жоқ.

Ұлы Алла тағала өзінің сүйікті құлын қашан да аман сақтап, оған қарсы шық­қандарды, әмәнда құрдымға батырды. Бірақ, меккелік ақ сүйектер зымиян пиғылдарын еш бәсеңдетпеді. Алланың елшісіне зұлымдық жасауды үдете берді. Ақыры, Алла елшісінің (с.ғ.с.) қасына он шақты сахабасын ертіп алып, Меккеден Мединеге қоныс аударуына тура келді. Біздің жыл санауымыз бойынша 622 жылы жүзеге асқан осы көш мұсылманша жыл санаудың (һижра — қоныс аудару) басы саналады.

Медине қаласында Пайғамбарымыз­дың (с.ғ.с.) үгіт-насихаттары кеңінен тарқады. Жаңа дін жайлы ілім-білімді Аус, Хазрадж секілді отырықшы ру-тай­палар толықтай құптады. Осы жерде құ­рылған шағын ғана қауым келешекте үл­кен Ислам империясының алғашқы ядро­сы саналады. Исламды қабылдаған мединелік ансарлар енді Араб түбегін­дегі бәдәуи тұрғындар арасына мұсыл­ман­дықты тарата бастады. Ру-тайпалар бірінен соң бірі хақ дінді қабылдай берді. Сөйтіп, 630 жылы Арабияның көп бөлігі Алланы жалғыз, Мұхаммедті (с.ғ.с.) оның құлы және елшісі деп мұ­сыл­мандықты қабыл еткен еді. Содан соң, арадағы бірқатар қақтығыстардан кейін Мекке тұрғындары да Аллаға бой­ұсы­на бастады. Ал Алланың сүйікті құлы Мұхаммедке (с.ғ.с.) елдің басқару­шы көсемі ретінде бағынды. Жүрегі жайсаң, мейірім жаршысы Мұхаммед (с.ғ.с.) меккеліктердің бұрынғы зорлық-зомбылық, қастандықтарының бәрін кешірді. Осылайша бүгінде әлем жұртшы­лығы жиылып қажылық парыздарын өтейтін қасиетті қала Мекке мұсылман әлемінің орталығына айналды. Қасиетті Қағбадағы жалған құдайлар мен пұттар бірі қалмай қиратылды.

Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) Араб еліндегі тозығы жеткен дәстүр­лер­мен көп күресуіне тура келді. Өйткені, халықтың әбден еті үйренген сенімінен бірден қайта қоюы қиын еді. Осыны ескерген Алланың елшісі жамағатқа үнемі адамзат тарихынан, Ибраһим, Һуд, Салих, Шуайб (алейһим сәләм) секілді Пайғамбарлардың өмірінен үлгі-өнеге келтіріп отырды.

Әрине, дініміз алғаш қалыптаса бастаған жылдары жаңадан мұсылман болған бәдәуилер үшін Исламға жат әдет-дағдыларымен бірден қош айтысу оңай болған жоқ. Біреудің жаман­шы­лы­ғына кешіріммен қарау, үш күннен ар­тық кек сақтамау деген қағидаларды ал­ғашында жүрегіне сыйыстыра алмаған­дар да ұшырасып жатты. Алайда, Алла­ны жалғыз Үкімдар, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның елшісі деп толық иман келтіргендер арақ-шарап ішу, құмар ойнау, зина­қор­лықпен айналысу секілді нәпсінің арбауларының қаншалықты зиян екендігін саналы түрде ұғынып, олардан бас тартты. Ал Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) асыл дініміздің құнды қазы­на­ларын тәптіштеп үйретуден жалықпады. Ол Алланың елшісі ретіндегі міндеттерін толық, тіпті асыра орындады. Алла ­та­ғаладан Жәбрейіл (а.с.) арқылы түсіп отырған қасиетті Құран аяттарын ең қарапайым адам үшін де ұғынықты бо­ла­тындай етіп түсіндіріп отырды. Ар­дақты Расулдың (с.ғ.с.) сөйлеу мәнерінің өзі өзгеге ұқсамайтындай ерекше бол­ға­нын да білуіміз керек. Айша анамыз: «Алла елшісінің анық және айқын сөй­лейтіні сонша, тыңдаған адамдар оны толық түсінетін», деп еске алғаны бар. Осы­лайша Құран Кәрімдегі ақиқат шын­дықтар Пайғамбарымыздың мүбә­рак аузынан нұр болып құйыла беретін. Алла елшісінің жарқын жүзіне қарап: «Мы­надай ғажап дидардың иесінен жалған сөз шығуы мүмкін емес» деп мұсылман­дықты қабылдағандар да болды. Оның өнегелі өміріне қарап отырып, таң қа­лушылар да топ-тобымен Исламды қа­былдап жатты. Хақ діндегі таңғажайып қағидаларды естіп білгенде, талай адам көздеріне жас алып Аллаға мойынсұнып жатты. Қыз балаға, анаға, жалпы әйел затына жасалатын құрметке риза болған көптеген нәзік жандылар асыл дінімізге көптеп бет бұрды.

Ислам дінінің пайда болуы Құран Кәрімнің түсуімен тікелей байланысты. Жалпы араб халқы ежелден сөз өнеріне бай халық. Ақындары суырып салып өлең шығаруға келгенде алдына жан сал­майтын. Міне, осындай сөздің қаді­рін білетін халықтың арасына қасиетті Құран кітабымыз түсті. Демек, мұның өзінде бір сыр бар. Халықтың бұған дейін тыңдап жүрген өлеңдерінің маз­мұ­нын­да Алла, дін, ақырет, иман жайлы ай­тылмады. Олардың бәрі көбінше көркем сөзге құрылатын. Кенет мұсыл­ман­дар келіп, Алла тағаланың қасиетті кәләм шәріптерін оқып бергенде, естіген жұрт ерекше таң қалып: «Бұл адамның сөздері емес» дегеннен өзге ештеңе де айта алмай, тұрған орындарына қада­лып, бейжай күйге ұшырады. Құран кітаптың ұшқыр қиялдан немесе шалқар шабыттан туатын сөз еместігіне естіген адам бірден иланды.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі бір хадисінде Құран Кәрімді былайша сипаттап бергені белгілі:

«Алланың кітабы сондай бір кітап — онда сендерге дейінгі уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда жасалатын үкімдер бар. Ол ешбір әзілі жоқ төреші кітап, оны менсінбей тастап қойғандарды Алла құрдымға батырады, ал одан басқадан туралық іздегендерді адастырады. Өйткені, ол — Алланың мықты жібі және хикметке толы сөзі, әрі ол — тура жол. Онымен жүргендер адас­пайды, оны арқау еткен тілдер шатас­пайды. Ғалымдар оны қанша оқыса да, әсте тоймайды, көп оқылғаннан ол ескірмейді, ішіндегі ғажайыптары сарқыл­майды. Жындар оны естігенде, «Шын­ды­ғында, біз аса ғажап Құран естідік» деп таңданыстарын жасыра алмады. Кім оған сүйеніп сөйлесе, туралық айтады, онымен үкім етсе, әділ болады, оны ұстанып өмір сүрсе, мол сауапқа кенеледі, оған шақырған тура жол табады».

Құран Кәрім — мұсылман баласының тура жолдан таймай, табан жолын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Алла тағала Құран мазмұнына барша ғаламның қыр-сыры мен бүкіл ғылым атаулының негіздерін сыйғызды. Бейнелеп айтқанда, Құран — он сегіз мың ға­лам­ның адамзат тіліне аударылған түсін­дірмесі. Тарих, әлеуметтану, қоғамтану секілді қоғамдық ғылымдар да, математика, физика, химия, биология сынды жаратылыстану ілімдері де әу баста осы Алладан түскен иләһи кітаптан негіз ала­тынын қазір көптеген әйгілі ғалым­дар мойындады. Мойындап қана қойған жоқ, Жаратушы Иеміздің шексіз іліміне таң қалып, шын ықыласпен мұсылман­дықты қабылдады. Құран Кәрімде үкім­дер, шариғат талаптары, мысалдар, өне­ге­лер, аспан әлемінің жүйесі тағы бас­қалар жөнінде дәлелдеуді қажет етпейтін, бұлтартпас айқын мағлұматтар бар.

Алайда, өкінішке қарай, осы ақиқат­ты мойындағысы келмей, Құранды адам­зат қолынан шыққан жай бір қатар­дағы кітап ретінде қараушылық болды. Кеңес өкіметінің салқыны да бұған әсер етпей қоймады.

Ал Ислам әлемінің бұл кітапты оқу да, жаттау да, тыңдау да құлшылық екен­дігін терең сезінген замандар бол­ды. Адамдар Құранның қадірін жақсы түсініп, онымен байланысы күшейген ғасырларда елдің де әл-ауқаты жақса­раты­нын тарих дәлелдеп үлгерді. Мәселен, Омар ибн Абдул Азиздың кезінде халықтың тұрмысы өрлегенін көреміз. Олай болса, Алланың разылығын көздеп, қасиетті Құранды көбірек оқуға тырысқанымыз жөн.

Құран Кәрімнің 114 сүреден тұра­ты­ны мәлім. Олар «Фатиха» сүресінен бас­талып, «Нас» сүресімен тәмамдалады. Ондағы ең ұзын сүре «Бақара» сүресі болса, ең қысқа сүре «Кәусар» сүресі. Құ­ран сүрелерінің әрқайсысы батпан-бат­пан салмақ көтеріп тұрғаны анық. Мә­селен, бір ғана «Фатиха» сүресі небә­рі жеті аяттан тұрғанымен, ол бү­кіл Құранның мазмұнын қамтып тұ­ратынын мұсылман ғұламалары дә­лел­деген. Оның әрбір сөзінің толық мә­нін ашу үшін ғалымдар том-том кітаптар жазуда. Айталық, адам баласы Алла­ та­ғаланың жер бетіндегі халифасы екендігін білдірген аятты қанша ұзақ түсін­дірсек те болады. Дүниедегі өзге жара­тылыстардың барлығы адамға қызмет ететінін білдірген бұл аят діни тұрғыдан да, тарихи тұрғыдан да, дүниетаным пәлсапасы тұрғысынан да ашыла береді. Адамның жаратылуы мен ғаламның жаратылуы да өз алдына бөлек қозғалуы тиіс ауқымы кең тақырып.

Адамзаттың қазіргі биігінен көз сал­сақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлем­ге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыс­тарға куә боламыз.  Ислам діні екені сөзсіз. Бақытқа бастаймыз-Соның бірі де, бірегейі де  деп ұрандатқан күллі идео­ло­гиялардың тоқы­рау­ға ұшырауы жаңа ізденістерге жол ашып, жыл өткен сайын Ислам дінінің әлемді баурап бара жат­қа­ны баршамызға аян. Бүгінгідей жаһан­дану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?

Алғашқы бұйрығы «Оқы!» деп келген Ислам діні ең әуелі адамзатты білімге, оқуға үндеді. Құранға үңілумен қатар мына алып ғалам кітабын да қоса зерделеуге шақырып, Ұлы Шебердің құдіре­тіне саналы түрде бас идірді. Қасиетті Құрандағы «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят); «Бұлардың ішіндегі ғылымға бойлаған­дарға зор сый береміз» («Ниса» сүресі, 162-аят); «Сондай-ақ, құлдарынан (ең алдымен) ғалымдар Алладан қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят); «Раббым, білімімді арттыра гөр!» («Таһа» сүресі, 11аят) деген аяттарды,  Пайғамбарлардың мирасқорла­ры» (Әбу Дауыд),-сондай-ақ, «Ға­лым­дар  «Тал бесіктен көр бесікке дейін білім іздеңдер» (Әл-Аж­луни), «Білім  мұсылман әйелге де, ерге де парыз» (Ибн Мажә. Мұқаддима. 17),-іздеу   Алла жолында» (Муслим, Зикр. 38) деген-«Ілім үйренуге шыққан адам  секілді хадистерді көкейге түйген мұсыл­мандар ілім үйренуге талпынып, сауат­ты­лықты барынша жаюға тырысқан. Пайғамбарымыз он мұсылманға оқу-жазу үйреткен тұтқындарды босатып, суффа сахабаларын мешітке жинап, тек қана іліммен шұғылдануға жұмыл­дырған. Алғашқы ілім ошағы әл-Мәсжидул Нәбәуимен басталған.

830 жылы халифа әл-Мәмун тұр­ғызған Бағдаттағы әйгілі Бәйтул-хикма  осының бірі. Бәйтул-хикма аударма орталығы,-(оқу-ағарту үйі)  кітапхана, сондай-ақ алғашқы жоғары оқу орны рөлін де атқарған. Тіпті Бәйтул-хикмаға қарасты арнайы обсерватория да салынған. Бұл кезеңде тараған обсерваториялар бір жағы астрономия пәнін үйрететін мектеп қызметін де атқарған.

Бағдатта уәзір Низамул Мүлк тұр­ғызған «Низамия» медресесі сол кезең­нің ең озық, ең ірі оқу орны міндетін атқарған. Андалусиялық әмәуилер мен Бәни Ахмар мемлекетінде де оқу-ағарту жұмыстарына қатты көңіл бөлінген.

Аббасилер кезеңінде де білім басты назарда тұрған. Халифа Харұн Рашид Анкараны өзіне қаратқан кезде, сондай-ақ халифа әл-Мәмун Византия импе­раторы Мишель ІІІ-ті жеңгенде, екі халифа да төлем ретінде ақша емес, көне жазбаларды талап еткені ой саларлық.

Әсіресе, Әмәуилер кезеңінде Иран, Үнді, Сирия, грек тілдерінен көптеген еңбектер арабшаға аударылған. Ежелгі грек тілінен Аристотель мен Гелен, Птолемей, Пифагор, Евклид, Гиппократ, Платон, Архимедтің өлмес-өшпес шы­ғар­ма­лары, парсы және санскрит тілдерінен де терең ой, парасатқа шақыратын талай асыл дүниелер араб тіліне ауда­рылды. Оларға түсіндірмелер жасалды. Аударма жұмыстары Аббасилар кезеңін­де тіпті үдеген. Аударудың арқасында көне мәдениеттермен кеңінен танысқан мұсылман ғалымдары бұл мәліметтерді өз білімдерімен байытып, жетілдіре түс­кен. Ислам әлемінде ғылыми жұмыстар мәселесінде Андалуссия әмәуилері озып шыққан. Бағдат пен Кордовадан бастап, Ислам әлемінің қалаларында кітапханалар мен медреселер көптеп бой көтер­ген. VIII-ХІІ ғасырларда ғылымның дамуы тұрғысынан мұсылмандарға жетер ешкім болмаған. Еуропадағы мәде­ниет­тің қалыптасуына, ренессанс пен реформалық қозғалыстарға Ислам мәдениеті зор үлес қосқан.

Мұсылмандар тәпсір, қирағат, фиқһ, кәлам, хадис секілді ислами білімдерді дамытқан. Тәпсірде Тәбари, Замахшари, Ибнул Араби, Фаһруддин Рази, Ибнул Ка­сир сынды ғалымдар көзге түссе, фиқһ­та Әбу Ханифа, Имам Малик, Имам Шафиғи, Ибн Ханбал секілді білімге ерекше терең бойлаған ғалымдар шыққан. Кәлам саласында Имам әл-Ғазали, Ибнул Арабилер өз қолтаңбасын қалдырса, хадис саласында Имам Бұхари, Имам Тирмизи, Имам Муслим, Малик ибн Әнас сынды білгірлер алдына жан салмаған.

Мұсылмандар ислами ілімдермен қатар медицина, математика, астрономия, химия, философия, тарих, география секілді жаратылыс пәндерін де дамытқан. Әсіресе халифа Харұн Рашид пен Мәмун кезеңдерінде мұсылмандар білімде ешкімге ат оздырмаған. Әр салада әлем мойындаған  Әбу Бәкір әр-Рази, Ибн-озық ғұламалар жетілген. Айталық, медицинада   Жәбир — әл-Хорезми, Ибн Жәмшид, әл-Бируни, химияда -Сина, математикада   Әбу Насыр әл-Фараби, Әл-Кинди;-ибн Хайян, әл-Мақсиди; пәлсапада   әл-Масуди, ат-Табари, — әл-Баттани, Али Кушшы, тарихта -астрономияда   Ибн Батута, Ибн Хаукал т.б.-Ибн Халдун, географияда

Ислам діні ғалымдарға ерекше құр­мет қалыптастырған. Мұсылман үмбеті қай ғасырда да ғалымдарды құрметтеп, әр сөзін алтынға балаған. Ұстазға шә­кірт­тері екінші әке ретінде қараған. Өмірде алған ілімінің берекетін көру үшін ұстазының ақ батасын, ризалығын алуға құлшынған. Хазірет Әли (р.а.) «Кім маған бір әріп үйретсе соның өмір бойы қызметшісі болуға бармын» десе, имам ағзам Әбу Ханифа «Арамызда жеті көше болғанына қарамастан ұстазым Хаммадтың үй жағына әдепсіздік болма­сын деп ешқашан аяғымды созып жатып көрген емеспін. Қанша жылдан бері әр намаздарымнан кейін ата-анаммен қоса ұстазымды да қайырлы дұғама қосып келемін» деп ұстазға, ғалымға қанша­лық­ты құрметпен қарау керектігін білдірген. Шәкірт ұстазды ғана емес, ұстаз­дың жақындары мен бала-шағасына да құрмет көрсеткен.

Тарихқа үңілсек, батыстықтардан бұ­рын көптеген ғылыми жаңалықтарды мұ­сылман ғалымдардың ашқанына куә боламыз. Айталық, алғаш күн сағатын ойлап тапқан Жабир ибн Әфлаһ (орта ғасырда), атом бомбасы жайлы алғаш түсінік берген Жабир ибн Хайян (721-805), автоматтық жүйені алғаш ойлап тапқан Жәзари 1136-1206), зоологиялық энциклопедия кітабын жазған Мұхам­мед ибн Муса (1349-1405), тригономе­трия­ға тангенс, котангенс, синус және косинус заңдылықтарын қосқан Әбул Уәфа (940-998), алгебра кітабын жазған әл-Хорезми (780-850), агрономия сала­сында тұңғыш еңбек жазған Ибн Аууам (ХІІ ғ.), алғашқы қағаз фабрикасын құрған Ибн Фазыл (739-805), ішек, құрт микробын тапқан Камбур Уасим (?-1761), Жер шарының диаметрін алғаш өл­шеген Мұхаммед ибн Мұса, алгеб­ра­дағы «Бином» формуласын тапқан Омар Хайям (?-1123), қазіргі дүниежүзі карта­сына өте жақын кейіпте дүниежүзі кар­та­сын сызған Пири Рейс (1465-1554), алғаш ұшақ жасаған Ибн Фирнас (?-888), тұңғыш рет компасты ойлап тапқан (Кабажаки ХІІІ ғ.), тарих ғылымын ал­ғаш жүйелеген Ибн Халдун (1332-1406), химия саласында Кантитаф тәсілін ашқан Әбул-Қасым әл-Каши (?-1436), 1000 жыл бұрын майда тамырларды тау­ып, алғаш рет рак ауруына операция жасаған Әли ибн Аббас (?-994) секілді жүздеген ғалымдар мұсылмандар еді (Жолдыбайұлы Қ. «Күдікпен күрес»).

Алғашқы түскен әмірлердің бірі «Киіміңді таза ұста!» («Мүддәссир» сү­ресі, 4-5-аяттар) болғандықтан, мұсыл­ман­дар тазалыққа қатты көңіл бөлді. Күн сайын бес намаздың алдында кемі бес рет дәрет алып, аяқ, қол, бет, жүз, құлақ, мұрын, ауызға дейін шайып оты­рады. Аптасына бір рет жұма күндері ғұсыл алуды сауапты іс деп ұғады. Пай­ғамбарымыз «Алла тағала жомарт — жомарт құлдарын жақсы көреді, Алла таға­ла өте пәк — таза құлдарын жақсы көреді. Ендеше, аулаларыңызды таза ұстаңыздар» (Тирмизи. «Әдәб», 41.) дегендіктен мұсылмандар өзі тұратын үй мен аула тазалығына да көңіл бөлген. Хадисте «Алла тағала қарғыстайтын екі нәрседен сақ болыңыздар: ел жүретін жерлер мен көлеңке жерлерге дәрет сындырып ластамау» (Мүслим, «Таһа­рат», 68.) делінгендіктен, мұсылмандар қоғамдық орындардың тазалығын да қадағалаған. Құранда «Біз нәсіп еткен таза рызықтан жеңдер» («Ағраф» сүресі, 160-аят) делінгендіктен, мұсылмандар же­ген асының адал болуына көңіл бөл­ген. Харам жолмен пайда табудан же­рініп, харам нәрсені ауызға алудан сақ­танған. Мұсылман елдеріне саяхаттаған батыстықтар көшедегі бұрқыраған са­бын иісіне, мұсылмандардың тазалығы­на таң қалған. Мұсылмандар үшін сүн­детке отыру мен қан алдырып тұру әдепкі іс болған. Бұның профилак­тика­лық әрі гигиеналық тұрғыдан пайдалы екендігін батыс енді ғана ұғып жатқаны шындық. ХІХ ғасырға дейін батыстағы патша сарайларының өзінде монша бол­маған кезде, Ибн Сина, Рази, Абдул­қаһир және Сахир ибн Насруллаһ сынды мұсылман ғалымдар сабынды ойлап табу өз алдына, моншаның адам тазалы­ғына қаншалықты пайдалы екендігін зерттеп те үлгерген.

Х ғасырдың орталарында Кордова қаласының өзінде елу шақты емхана болған. Харұн Рашид дәуірінің өзінде Бағ­даттағы емханалар үлгі тұтарлық дең­гейге жеткен. Адуд әд-Дәула сұлтан Бағ­датта жаңа емхана салдырмақшы бол­ғанда, орын таңдау ісін медицина ілімінің білгірі Әр-Разиге табыстайды. Ол бір жас шамасындағы бірнеше қой сойғызып, әрбірінің мүшелерін Бағдат­тың әр түрлі жерлеріне ілгізген. Сөйтіп, бір тәулік бойына тұрған еттің қайсысы ең аз бұзылғанына қарап, сол таза орынға Адуди емханасын салдырған.

Бағдаттағы осы Адуди емханасы, негізгі ғимаратқа кейіннен түрлі клини­калардың қосылуымен тұрғызылған Шамдағы Нури ауруханасы, Каирдегі Мансури ауруханалары Ислам әлемін­дегі ең әйгілі медицина орталықтары болған («Мүслүман илим өнжулери», Хейет, Ыстамбұл, 2005, 98 б.).

Емханаларда науқас адамдар бай, кедей деп бөлінбей, ақысыз қаралған. Жа­тын орын, аспен қамтамасыз етілу тегін болу өз алдына, емханадан шығарда киім мен бір айлық күнкөріске жететін қаражат да берілетін еді. Бұған қоса, дәрігер, ассистент, медбике, науқас күтуші секілді басқа да қызметкерлердің жалақысы қайырымдылық қордан төленетін.

Андалуссияның ең әйгілі дәрігер­лерінің бірі, Еуропада операциялар жасаудағы жетістіктерімен аты шық­қан Абул Қасис деген атпен танымал Әбул Қасым әз-Заһрәуи (936-1013). Әлемге әйгілі кітабы — «әт-Тасриф ли мән ажизә анитталиф» атты 30 бө­лімнен тұра­тын медицина энцикло­пе­дия­сы. Ол хирургия саласына да көп үлес қосқан. Әз-Заһрәуидің кітабының хи­рургияға байланысты бөлімі Герхард тарапынан латын тіліне аударылып, ХVІІІ ғасырға дейін бірнеше рет басы­лып, Еуропада медицина факультеттерінде негізгі кітаптардың арасында оқытылған.

Жараларды күйдіру, тірі жануарларға операциялар жасау, ішек тігістері, аяқта гангрена болған жерді кесудің тәсілдері, құрттаған тістерді сындырмай жұлу үшін ішін қорғасынмен толтыру, шық­қан және сынған жерлерді емдеуге бай­ланысты маңызды жаңалықтары бар. Гинекология саласында өз ғасырының ең атақты хирургі болған. Ол «әт-Тасриф» кітабында Watcher позициясын түсіндір­ген. Бұған қоса, операциялар жасау ба­ры­сында 200-ге жуық құрал қолданып, олардың көбісін өзі жасап, суреттерін салғандықтан дәрігерлердің қолдануы үшін жеңілдіктер жасаған.

Ислам діні сыртқы тазалықпен қатар, ішкі рухани тазалыққа да шақырған­дық­тан мұсылмандар жүрек тазалығына да қатты көңіл бөлген. Сол себепті өтірік, өсек, біреуді біреумен шағыстыру, бала­ғат сөз, күндеу, қызғаныш секілді нашар қылық­тардан бойды аулақ ұстаған. Әр­дайым өзіне берілген несібені қанағат тұтып, ешкімнің ала жібін аттамауға тырысқан. Батыстықтар армандаған утопия мұсыл­ман­дарда іс жүзінде орнағаны шындық.

«Ештеңеден сұралмайтын шейіттер­дің өзі ақыретте кісі ақысынан сұрала­ды» (Мүслим) деп ескертілгендіктен, мұсылмандардың түсінігінде кісі ақы­сын жеу үлкен күнә саналған. Хазірет Омар­дың мемлекет ісін мемлекеттің майшамын, жеке ісін жеке майшамын жағып қарағаны осының айғағы. Хадисте: «Біреуді жұмысқа жалдасаңыздар, маңдайының тері құрғамай тұрып еңбек­ақысын беруге міндеттісіздер» (Хайсами, «Мәжмау зәуаид», 4/97.) деу арқылы мұсылмандардың ешкімнің ақысын жемеуіне қатты мән берген.

Құранда «Кім кісі өлтірмеген немесе жер жүзінде бұзақылық қылмаған бі­реуді өлтірсе, сонда шынайы түрде барлық адамды өлтіргенмен тең бо­лады» («Маида» сүресі, 32-аят) делінгендіктен, мұ­сыл­мандар бейбіт өмірді, тату-тәтті тірлікті жақтаған. Сол кездегі көршілес еврей, христиан халық­тары­мен жақсы келісімде, өзара ымы­ра­лас­тықта өмір сүр­ген. Алғашқы ата заң, яки адам құқық­тары­ның декларациясы іспетті «Медине келісімінің» 2, 25-бап­тары йаһудилерге дін еркіндігін тану мәселесін қамтыған. Ардақты Пайғам­бары­мыз (с.а.с.) «Сендерге кітап иелерін, яғни христиан мен йаһудилерді аманат етемін», — деп кітап иелерін жәбір­лемеуге (Суюти, Әл-Жамиус-Сағир, ІІ, 473) шақырған.

Кітап иелерінен (христиандар мен йаһудилер) қыз алуға болатыны, бүкіл Пайғамбарларға құрметпен қарауға ша­қы­руының өзі де Исламның басқа дін өкіл­деріне қаншалықты ілтипатпен қа­ра­ғанына дәлел. Халифалар дәуірінде де мұсылмандарды паналаған өзге дін өкіл­деріне ешқандай қысым жасалмаған, қайта олардың құқы әркез қорғалып отыр­ған. Осының әсерімен мұсылман­дар­дың әділеттігі мен діни төзімділігі ерекше бағаланып, (йаһудилердің Аб­дул­лаһ ибн Сәләм атты ғалымы секілді) өзге дін өкілдерінің көптеп Исламды қабылдағаны белгілі.

Ислам қоғамында христиандарға және олардың шіркеулеріне құрметпен қаралды. Шіркеудегі түрлі мүсінді тас­тарға, мозаикаларға, суреттерге, арнайы мерекелерде тағатын айқыштарына, қа­бірлері мен жаназаларына  ІІІ-құрмет көр­сетілді. Мәселен, Синай тауындағы Синай шіркеуі  ғасырда салынған ғима­рат. Ол христиан тарихында алғашқы шіркеулердің қатарында болғандықтан, мұсылмандардың қолына өткенде мешітке айналдырылмаған. Тек қана мұ­сыл­мандардың нышаны ретінде бір бөл­месі ғана намаз оқуға әзірленген. Ыстам­­бұлдағы Аясофия мешіті де осының айғағы. Әлі күнге дейін христиандардың шіркеуі ретінде тарихи естелік болып сақталған. Бұндай үлгілер Ислам әлемін­де жиі кездескен. Айталық, Дамаск мешітін кеңейту үшін халифа әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлик бұздырған Яхонна шіркеуін кейіннен халифа Омар ибн Абдулазиз қайта қалпына келтірткен (Бұл да сонда).

Мұсылман билігіне қарасты төлене­тін салықтың өзі шамасы келетін ер кісілерден алынып, әйелдерден, балалардан, поптар мен мүмкіндігі жоқ науқас, соқыр, кедейлер мен құлдардан алын­бағандығын христиан зерттеушілері зор құрметпен жазған (Арнольд С.Әд-Даутул илал Ислам.).

Құранда: «Намаз оқылғаннан кейін жер бетіне тараңдар, Алланың мол рахметін іздеңдер. (Ақыретте азаптан) құтылуды үміт етіп, Алланы көп зікір етіңдер» («Жұма» сүресі, 10-аят.), хадистерде «Ризықтың онда  саудада» (Мүнәуи, Фәйзул-қадир. 3/244.) делінгендіктен-тоғызы —  мұсылмандар сауда-сат­тықты барынша дамытқан. Алайда мұ­сыл­мандар сауданың адал болуына көңіл бөлген. Хадистерде «Шын сөзді сенімді саудагер (қиямет күні) Пайғамбар­лар­мен, сыддықтармен және шейіттермен тіріледі», «Кім тауардың кемістігін айтпай сатса, Алланың азабына ұшырайды, періш­телер үнемі оған қарғыс айтады» («әт-Таж», 2/196) делінгендіктен, сатқан затының кемістігі болса алушыға жа­сыр­май айтатын болған. Ислам бой­ын­ша сатушы қалайда тауарын өткізу үшін өтірік ант ішпеуі керек. Басқаның алу­шысына өз тауарын өткізуге тырыспауы керек, алушы өз дүкенінің есігіне келгенге дейін оны өзіне шақырмауы тиіс. Бұл сауда этикасына жатқан. Хадисте «Алла сатуда жеңілдікті және жұм­сақ­тықты, сатып алуда жеңілдік пен сы­пайы мінез көрсеткенді, қарыз қай­та­ру­да оңай әрі сыпайылықты жақсы көреді» (әт-Тәрғиб уәт-Тархиб, 3/354) делінгендіктен, мұсылмандар саудада да бір-бірін сыйлап тұратын адамгершілік мінезден ажырамаған. Пайғамбарымыз көзі тірісінде Исламда саудаға енгізген ережелерін бақылап, базар ішіне шығып тұрған. Сондай оқиғаның бірінде, қап­тағы бидайының бетіне жақсысын са­лып, астына жаманын салғанын байқап, астыңғы бидайдың неліктен дымқыл екенін сұраған. Сатушы жаңбырдан дым­қыл тартып қалғанын айтқанда «Оны ел көретін жағына неге қой­майсың. Бізді алдаушы бізден емес» деген сөгіс естіген («Ат-Таж»).

Құранда «Күмәнсіз, мұсылмандар бір-бірімен бауыр» («Хужурат» сүресі, 10-аят.), «Олар мүміндерге өте мейірбан» («Маида» сүресі, 54-аят.), хадистерде «Нәпсімді құдіретінде ұстаған Аллаға ант етейін, сіздер иманға келмейінше жұмаққа кіре алмайсыздар. Бір-бірлеріңізді жақсы көрмейінше иманға келе алмайсыздар. Сіздерге бір-біріңізді жақсы көруге септігі тиетін нәрсе айтайын ба? Араларыңызда сәлемдесуді жайыңыздар!» (Муслим, Сахих. 93. ), «Мұсылмандар бір-бірін мықтап ұстап тұрған қабырға тәрізді» (Муслим, «Сахих».), «Мүминдер бір-бірін жақсы көруде, жан ашуда, бір-біріне мейірімділік танытуда, бір мүшесі ауырғанда басқа мүшелері қосыла сыздайтын дене тәрізді» (Муслим, «Сахих»), «Уа,  мұсылманның бауыры.-Алла­ның құлдары! Бауыр болыңыздар! Мұ­сыл­ман  Оған әрқашан қол ұшын береді. Өзінен төмен көрмейді. Тақуалық деген осында. Адам­ға мұсылман бауырын қор санауы күнә ретінде жеткілікті» (Муслим, «Сахих») дегендіктен, мұсылмандар бір-бірін бауыр санап, жақсы көрген, құр­меттеген. Араларында татулықты нығай­тып, бір-бірінің кем-кетігін толықты­рып, қинала қалса қол ұшын беруге асық­қан. Осы орайда Әнсар мен Мұһа­жирлердің бауырластығы тарихта алтын әріптермен жазылғаны анық.

Ибн Омардың айтуынша, сахабалар өзара қой сойып, басты біреуіне ұсына­ды. Ол «Пәленшенің қарны менен де аш, басты соған беріңдер» дейді. Ол кісі де дәл осылай деп басты басқаға ұсынады. Осылайша жеті кісіден өтіп барып бас алғашқы кісінің өзіне келеді. Өйткені, отырғандардың ең қарын ашы сол еді» (И. Ғазали. «Ихиа-улум ад-дин», ІІ т. 434 б.).

Мединеге келген мұһажир Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) пен әнсарлық Саад ибн Рәби екеуін Пайғамбарымыз бауыр деп жариялағанда, Саад Абдуррахманға: «Бауырым, мединеліктер ішіндегі ең дәулеттісі менмін. Ендігі жерде байлы­ғым­ның тең жартысы өзіңдікі. Екі үйім болса, біреуі сенікі. Бау-бақшам да сондай. Қаласаң, екі жарымның да бірін са­ған некелейін. Өзің таңда» дейді. Сонда Абдуррахман ибн Ауфтың оған: «Алла ниетіңді қабыл алып, байлығыңа берекесін берсін. Сен маған базардың қайда екенін көрсетсең болды, сол жеткілікті» дегені Исламда бауырластықтың қанша­лық­ты шынайы болғандығын дәлелдейді.

тақуалықта ілгері-«Алланың алдында ең ардақты, үс­тем­дерің  болғандар» («Хужурат» сүресі, 13) деген аят, сон­дай-ақ хадистерде «Адамдардың барлы­ғы тарақтың тістеріндей бір-бірімен тең» (Әбу Шуджа ад Дайлами, 1986, т. 4. 300.), «Ақтың қарадан, арабтың араб еместен  тақуалықта» (Ахмад ибн Ханбал, «Мүснәд»,-артықшылығы жоқ. Артық­шылық  №22391) деген Ислам діні құлдарға да жанашырлықпен қара­ғаны, оларды да бауыр санағаны мәлім. Хадистерде оларды шамасы келмейтін істерге жұмсамау, ондай жағдайда кө­мектесу, оларға өз ішкеніңнен ішкізіп, өз кигеніңнен кигізу (Сахих Бухари), «құ­лым» деп емес, қайта өзіңе жақын тар­тып «ұлым, қызым» деп атау керектігі айтылғаны мәлім. Тұтқындарды өзара мұсылмандардың үйлеріне бөліп бергенде, олар тамақтың дәмдісін өздері ішпей, солардың алдына қойған. Таңырқап себебін сұраған тұтқын «Пайғамбары­мыз бізге тұтқындарға жақсы қараңдар» деп бұйырған деген жауап естіген.

Ислам діні қоғамда жауапкершілік деген ұғымның маңызын ұқтырды. Хадисте: «Патша мемлекетке жауапты. Ота­ғасы отбасына жауапты. Малшы ма­лы­на жауапты. Әйелі отағасының мүл­кіне жауапты. Әркім қарамағында­ғы­ларға жауапты» (Бұхари, Жұма, 11.) делінгендіктен, әр мұсылман өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарады. Әбу Бәкір (р.а.) халифа тағайындалғанда, халық­тың алдына шығып «Мен лайық болмасам да осы міндетке тағайындалдым. Егер мен әділдікпен басқара алсам, онда соңымнан еріңіздер, ал егер тура­шыл­дықтан ажырасам мені түзетіңіздер» дегені, сондай-ақ жауапкершіліктің зіл батпан ауырлығын сезіп: «Уаллаһи, осын­ша­лықты жауапкершілік жүктелген адам болып жаратылғаннан гөрі түйе жейтін жантақ болсамшы?!» деп әрдайым терең күйзелісте жүргені белгілі. Ал ел басқарған кезінде халифа Омардың (р.а.) «Егер Ефрат өзенінің жағасында бір түйе жоғалса немесе өздігінен суға батып өлсе, Алла оның да есебін менен сұрай ма деп қорқам», «Ең  маған кемшіліктерімді айтқан адам» деген мазмұны терең-жақсы адам  сөздер айтқаны мәлім. Бұл Исламда жауапкершіліктің қаншалықты жоғары болғанына дәлел.

Ислам діні сондай-ақ, түрлі азғын­дық­тарды ауыздықтап, қоғамда ізгіліктің үстемдік құруын қамтамасыз еткен. Ис­ламға дейінгі араб қоғамының «қараң­ғы­лық дәуір» деп аталғаны тарихтан бел­гілі. Небәрі 23 жыл ішінде араққұ­мар­лық, нәпсіқұмарлық, зинақорлық, әділетсіздік, қатігездік, қыз баланы тірідей топыраққа көму секілді көптеген қоғамдық  аналардың табанының астында»-індеттерді түп тамырымен жойды. «Жәннат  (Нәсаи, Жиһад, 6.) дейтіндей ананың, қыз баланың құрметі өсті. «Ұят — иманнан» (Бұхари, «Иман») делініп, иба­лылық пен ұяттылық артты. «Көр­шісі аш кезде өзі тоқ жатқан адам бізден емес» (Хаким, ІІ, 15) делініп, мұсыл­ман­дардың бір-біріне деген жанашырлығы молайды. «Өзеннен дәрет алсаң да, суды ысырап етуге болмайды» (Ибн Әби Шайба (713) Әбу Дарда) деген сыны биік, сыры терең ұстанымдар жолға қойылды. Бұл Ислам дінінің халықты жақсылыққа тәрбиелеудегі баға жетпес еңбегін көрсетеді. Зина жасағысы келетінін ашық айтқан жас жігітке Пайғам­барымыздың «Сен сондай істі анаңа, қарындасыңа, әпкеңе біреудің жасаға­нын қалар ма едің?! Демек, басқалар да өз жақындарына қаламайды» деп тү­сіндіруі Ислам тәрбиесінің тағылымдық әрі психологиялық астары қаншалықты терең болғанын аңдатады (Имам Ахмад, Мүснад, 5/256-257.).

Ислам діні қоғамдық қатынастарды реттей отырып, адамзаттың дамуына жол ашты. Осы тұрғыдан мұсылмандар та­рихта баға жетпес мәдениет мен өр­кениеттің негізін қалағанын да айтпай кетуге болмас. Өйткені, Ислам мәде­ниеті мен өркениеті белгілі бір деңгейде батыс әлеміне де әсер етті. Крест жо­рық­тары арқылы Еуропа Ислам мәдениетімен танысты.

Орта ғасырда саяси билік әскери аристократияның, ал діни билік шір­кеудің қолында болғандықтан, батыста мемлекет жүйесі толыққанды түрде қа­лыптаспаған еді. Еуропа шығыстан мемлекеттік құрылымның қандай бола­тынын көрді, крест жорықтары нәти­жесінде орталықтандырылған мемлекеттік басқару жүйесін орнатуға мүмкіндік берді (Исмайыл Хабиб, Аврупа едебияты ве биз.1/396).

Мұсылмандар кітап басу, жер өңдеу технологиясы мен жерді қолдан суару, жел диірмені, компас, шыны өндіру, мата шығару, бау-бақшалар өсіру, цифрді табу, қалалар салу, ақша мен чек шығару, сауда жүйесін құру және тағы басқа да қоғамдық салалардың дамуына ерекше үлес қосты. Батыстықтар тіпті киінуді де мұсылмандардан үйренгені жасырын емес. Көйлек деген мағынаны білдіретін «chemise» деген сөз арабтың «қамис» деген сөзінен алынды.

Аббасилар уақытында түрлі аймақ­тарда фабрикалар құрылды. Еуропа­лықтар қағазды Шамда көргендіктен, оның атын «карта дамасана» деп атады.

Еуропаға таңдай қақтырған Андалуссия мәдениетінің өзі неге тұрарлық. Милади 711 жылы мұсылман қолбас­шы­сы Тариқ Ибн Зияд 7000 әскерімен 90 000 Родрик әскерін талқандап, Солтүстік Африканы азат етті. Мұсылмандар бұл аймақта сегіз ғасыр билік жүргізді. Бұл дәуірде Андалуссиядағы Ислам мәде­ниеті күллі әлемге таңдай қақтырды.

Еуропаға ғылыми әрі философиялық ұғымдар Сицилия мен Андалуссия ар­қы­лы тарады. Сицилия ұзақ уақыт бойы мұсылмандардың билігіне қараған­дықтан Еуропамен, әсіресе Италиямен тығыз мәдени байланыста еді.

1085 жылы Толедо мұсылмандардан тартып алынып, Папа І Бернард епископ болғанда, маңайына араб тілінің аудар­ма­шы мамандары жиналды. Бұл христиан Еуропаның мұсылман ғылымын пайдалануы үшін жасалды.

Ислам мәдениетіне үлкен қызығу­шылықпен қараған герман императоры Фридрик ІІ 1240 жылы ғаламның мәң­гіліктігі, рухтың болмысы, дін мен ғылымның қарым-қатынастары секілді, т.б. философиялық мәселелерді мұсыл­ман ғалымдардан сұрайтын болған. Фри­дрик медреселерге шәкірттер жіберіп, мұсылман ғалымдарының еңбек­те­рін аудартады, әрі медреседегі оқу жүйе­сін негізге алып университтер ашады.

Еуропа Ислам мәдениетін синтездей отырып, ғылымда, өнерде үлкен табыс­тарға қол жеткізді. ХІІ ғасырдағы арабша аудармалардың ықпалы өте зор бол­ды. Мисе Либиридің айтқанындай, «ХV ғасырға дейін арабтардың кітаптарынан пайдаланбаған және оларды аудармаған еуропалық ғалым некен-саяқ болатын. Олардың қатарында Р. Бэкон, Леонардо, А. Магнустар да бар».

Еуропаның түбіндегі Андалуссия мә­дениеттің бай орталығы еді. Х ғасырдың басында-ақ Кордовада бір каталогының өзі 44 томға баратын алты жүз мың қол­жазба еңбектерге толы кітапханалар бол­ған. Мұндай бай білім қазынасы ба­тыс ғалым­дарын да, шіркеу мамандарын да Ан­далус­сияға барып білім алуға асықтырды.

Х ғасырда Ислам мәдениеті Гималайдан Пиринейге, Қара теңізден Адана бұғазына дейін созылып жатқан бүкіл мұсылман әлеміне тарады. Сирия мен Ирак жерлері Ислам мәдениетінің ірі орталықтары еді.

Бұл кезеңде жасалған еңбектердің ауқымы орасан. Әдебиеттің дамығаны сонша, ғылым мен өнерге де ықпал еткен. Ислам дінінің кең жағрапияға тара­луының арқасында, сондай-ақ Құран­ның тілі, құлшылықтардың да сол тілде жасалуының ықпалымен сөздік қоры бай араб тілі ортақ тілге айналды. Әмәуи халифасы Абд әл-Мәлік кезеңінде араб тілі мемлекеттің ресми тілі ретінде қа­былданды. Уақыт өте келе араб тілі ғы­лым мен әдебиеттің тілі ретінде қалып­тасты. Ұлты араб емес мұсылмандар да өз еңбектерін араб тілінде жаза бастады. Араб тілін білу зиялылықтың белгісі са­налды. Кордова, Севилла мен Толе­до­дағы атақты араб жоғары мектептері көптеген батыс ұлттарының білім ізденушілерін өзіне тартты.

Француз жоғарғы поптарының бірі Сильвестер ІІ Х ғасырдың ең озық ойлы христиан тұлғаларының бірі еді. Өйт­кені, Толедода жоғары білімін тәмамда­ды. Сол жердегі үш жыл ішінде мұсыл­ман ғалымдардан математика, астрономия, география мен басқа да ғылым­дарды игерген.

Испанияның жақын болуы, екі мемлекет арасындағы барыс-келістің жеңіл­дігі себепті Францияға Ислам мәдениеті анағұрлым тез ықпал еткен. Арабтардың оңтүстік Францияның бір бөлігі мен Испанияның солтүстігінде орна­лас­қан Пириней тауларына жарты ғасыр­дан астам билік жүргізген кездерінде көптеген өндіріс салалары, шаруа­шылық тәсілдері, кең қолданыстағы әрі барлығы арабтар ойлап тапқан жаб­дық­тар, су құ­бырлары оңтүстік Францияға енген.

Испанияға аяқ басқан мұсыл­ман­дар­дың ой-пікір, технология, ілім са­лала­рын­да жоғары болуы, хрис­тиан­дарға діни еркіндік беруі, ашқан мектептеріне қабылдаған оқушыларды діни сеніміне қарай алаламауы, өз кезегінде бірқатар испандықтың Ислам дінін қабылдауына түрткі болған.

Сицилияны екі ғасырдай билеген уақытта мұсылмандар христиандарға кең құқықтар берген. Аралда біртұтас әкім­шілік-басқару жүйесін орнатқан. Кейіннен христиандардың қолына өткен аралда христиан патшалар мұсылман­дарға тиіспеген. Сарайларда шығыс модасына сай киімдер киіліп, сарай іші шығыс тәсіліне қарай безендірілген. Уәзірлері, қорғаушылары, аспаздары мұсылмандардан таңдалған.

Батыс Еуропаға ықпал еткен араб-ислам мәдениетімен қоса, Шығыс Еуропа көбіне түркі Ислам мәдениетінің де ықпалын көрді. Шығыс христиандары (ортодокстар мен кейбір ағымдар) католик ағымының билігінен гөрі адамға еркіндік беретін мұсылмандардың билігін жақтады.  қара қылды-Исламның Византия жерінде тез тарауының тағы бір себебі  қақ жарған әділдігі болған.

Исламда сурет салу мен мүсін жа­сауға тыйым салынғандықтан, мұсыл­мандар өнердің басқа түрлерін жетілдірген. Айталық, мұсылман каллиграфиясы — бейнелеу өнерінің жоғары жетістігі ретінде қабылданып, көркем сурет жанрын­да ерекше орын алды. Ол аяттар­ды әсемдеп жазуды дамыта келе, кейіннен сәулет өнеріне де сіңді. Ескерткіш, ғима­рат­тардың қабырғаларын мағыналы өлең жолдарымен, хадистермен сәнде­ген бұл жазулар шығыс сәулет өнерінің өзіндік ерекшелігіне айналды.

Араб каллиграфиясы орнаментке жанаса отырып, ерекше әсер беруімен ерекшеленді. Каллиграфия өнері аса көркемділігі, яғни эстетикалылығы үшін өте жоғары бағаланды.

Сәулетшілер сарайлар мен мешіттер­дің қабырғаларын араб жазуымен, стиль­ге келтірілген гүлдер мен геоме­триялық өрнектермен көмкеріп отырды. Бұл басқа мәдениеттерге ұқсамайтын сол заманның озық үлгілерін тудырды. Мысалы, Тәж Махал, Ыстамбұлдағы Көгілдір мешіт, Омар мешіті, әл-Әзһар мешіті, Ибни Тулун мешіті, Самарқанд, Исфаһан мешіттері, Гренададағы Альгамра сарайы, Кордова сарайлары мен мешіттері.

Каллиграфияның сан алуан түрлері­мен көмкерілген ислам елдерінің  грек, рим-өнерін­де көптеген тенденциялар біріктірілді. Бұл  мәдениеттерінің дәстүр­ле­рі, бұл кешегі бәдәуилер мәдениеті мен Иран мәдениеті, Ирак, Сирия, Мы­сыр, Ауғанстан, Орта Азия мемлекет­терінің нақыштары. Мешіт, мұнаралары­мен алыстан көз тартатын әдемі қала­лар, сарайлар өз стилдерімен ерекшеленді. Жолаушылардың сапар жолында дамылдауына оңтайлы соғылған керуен сарайлар әдемі ою өрнекпен нақыш­талды. Мешіттердің ішкі жағына кілем секілді етіп, әдемі мозаикалар салынды. Осы күнге дейін сақталған қала сыр­тындағы дәулетті кісілер тұратын елді мекендер тек бекем қабырғаларымен ғана емес, әдемі жазбаларымен, әшекей­лілігімен тамсандырған керуен сарай­ларды қалыптастырды. Әдемі ғимарат­тар­мен қатар су көздері салынып, неше түрлі су бұрқақтары әлемді тамсандырды.

1260-1277 жылдары батыр бабамыз Заһир ад-Дин Бейбарыстың билігі тұсында Мысырдың экономикасы мен мәдениеті көркейіп, мешіт, медреселер, көпірлер, керуен сарайлар көптеп са­лынды. Ол өзіне дейін басымдық көр­сетіп келген сүнниттік ағымның Шафи­ғи мектебіне ғана емес, төрт мазһабқа да тең құқық берді. Бейбарыс Ислам діні мен мәдениетіне, ғылымына көп көңіл бөлді. Бірқатар жұртпен дипломатиялық қатынас орнатты.

Жалпы алғанда, Ислам дінінің келуімен ислам әлеміне ортақ бірегей мәде­ниет, өнер, өркениет қалыптасты. Ислам өркениеті аясында араб, парсы, түркі тілді ойшылдар мен ғалымдар адамзат мәде­ние­тінде өшпес із қалдырды. Оған мұсыл­ман шығысындағы Мауараннаһр яғни Орта Азиялық, сонымен қатар қазақ елінің 30-дан астам Фарабилері, 40-қа жуық Таразилері, сандаған Сайрамилер, Сығ­на­қилер, Жендилер, Кердерилер, Мұхаммед Хайдар Дулати, Жал­айырилер және т.б. атақты ғұламалары да зор үлес қосты.

адамзат ойлап тапқан ешбір жүйемен салыс­тыруға келмейтін жан-жақты толысқан иләһи жүйе!-Қорыта келгенде, Ислам діні

әлемдік өркениеттердің ең озығы!-Ислам діні

Мәдениеттердің ең кемелі!

Гуманизм мен бейбітшілікті жақтай­тын татулық діні!

Өнерді қолдаған, ақыл-ойды кемеліне келтірген, ғылымды дамытқан ұлы дін!

әрісі Пайғам­барымыз­дың, берісі Әбу Насыр әл-Фараби,-Ислам діні  Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен Бақырғани, Сұлтан аз-Захир Бейбарыс, Хафиз ад-Дин Кердери, М.Х. Дулати, Хасан Әли Жалайыри секілді ата-бабаларымыздың, бәрінен бұрын ұлы Алла тағаланың асыл аманаты, ертеңгі нұрлы болашағымыз­дың үміті, баянды бақытымыздың кепілі.

Бүгінгі ұрпаққа дейін келіп жеткен осы қасиетті аманатты көздің  қазіргі-қарашы­ғындай қорғау, рухани құндылық­тарымызды дәріптеу  әрбір исі мұсылман баласының қасиетті борышы. Бұл борыш біздің қоғамда жүрегі Алла деп соққан, «мұсылман үмбеті» деген атқа лайық азаматтар қатары көбейген сайын өз деңгейінде атқарыла берері сөзсіз.

Ислам Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлар бойы жүрер жолы, таянышы, сүйеніші, қорғаны, берік иманы болды. Қазір де солай, болашақта да солай болады.

Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти.

«Егемен Қазақстан» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы