Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Тәңірберген Бердіоңғаровтың депутаттық мандатын қайтарып алу керек!

Дата: 25 февраля 2011 в 10:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тәңірберген Бердіоңғаровтың депутаттық мандатын қайтарып алу керек!

Ашық хат

«НұрОтан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Н.Назарбаевқа

Көшірмесі  ҚР Орталық сайлау комитетінің төрағасы Қ.Т.Тұрғанқұловқа

Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

«Нұротан» партиясы елдің бас саяси ұйымы болғандықтан да Қазақстан парламенті негізінен соның мүшелерінен құралып отыр. Алайда, бүгінгі парламент мүшелері арасынан тәуелсіз елдің мүддесін аяққа таптайтын, ұлттың намысын қоздырып, абыройына нұқсан келтіретін жайттар кейбір депутаттар тарапынан орын алуда.

2011 ж  23 ақпан күні Мәжіліс депутаты Танирберген Маратович Бердонгаров депутаттарды тарихқа айналған КСРО мерекесімен құттықтап, өзінің егемен елдің депутаттығына тән емес саяси ұстамсыздық жасады.

Бұны біз егемен Қазақстанның жастары, өгей депутатқа тән саяси астары бар, қитұрқы акция деп бағалаймыз. Бұл құттықтау — елдің егемендігіне күмән келтіру, тәуелсіз мемлекеттің парламент мүшесі бола тұра елдің саяси — идеологиялық тұрпатын шайқалту деп ұғамыз. Аталмыш жайт парламент депутаттарының егемен елдің саяси бұтағын, КСРОның құрамында болған Қазақ КСР Жоғарғы кеңесімен шатастыру болып табылады, сондай-ақ, Бердонгаров ие болып отырған мандаттың ел бірлігі мен тәуелсіздігінің рухани тұғырына қатер тудыратын әрекет.

Орын алған қылықты Парламент Мәжілісі депутатына тән емес және ел мандатын жеке көзқарасына пайдаланған Т.Бердонгаров мырзаны Мәжіліс депутатының мандатынан айыру мәселесін партия төрағасы ретінде қарауды сұраймыз. Біз егемен елдің жас ұрпағы ретінде, мұндай идеологиялық басқынға қарап отыра алмаймыз.  Оның үстіне ҚР Парламентінде мемлекеттік тілді меңгерген бір де бір жас депутат жоқ екендігін ескеретін уақыт жетті. Бұл депутаттың орнына мемлекеттік тілді жақсы меңгерген партияның жас лидерін өткізуді ұсынамыз. Бізді дұрыс түсінетініңізге әрі пәрменді шешім қабылдауға сенімді қазақстандық жастар:

Серік Жолдасбай altyalash@mail.ru

Олжас Сәндібекұлы o_syruly@mail.ru

Өркен Кенжебек jas_orken@bk.ru

Заңғар Кәрімжан zangarastana@mail.ru

Гүлбахор Идиева bahor.21@mail.ru

Ерлан Әбу erlan.87.87@mail.ru

Бүркіт Нұрасыл nuratay@mail.ru

Мөлдір Мәулетқұл moldir-88@inbox.ru

Бауыржан Қарағызұлы bauke82@mail.ru

Лаура Күзенова lauka19@mail.ru

Индира Байқоныс jurnalist-777@mail.ru

Бауыржан Берікұлы berikylu85@mail.ru

Есбол Нұрахмет esbol.alashorda@mail.ru

Саян Есжан sayan.daryn@mail.ru

Ержан Аязбай kaz_erjan@mail.ru

www.masa.kz сайты

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы