Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Солтүстік Кореяға жаппай ашаршылық қаупі төніп тұр

Дата: 25 февраля 2011 в 11:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Солтүстік Кореяға жаппай ашаршылық қаупі төніп тұр

КХДР-да халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Американдық үкіметтік емес ұйымдардың хабарлауынша, елге тез арада көмек қажет, деп жазады РБК.

Осы ұйымдардың айтуынша, былтырғы жылдың жазында болған нөсер жауын мен су тасқынының салдарынан Солтүстік Кореяда көкөніс жинау 50 пайызға азайған болатын.

Биылғы жылы аязды қыстың салдарынан бидай мен арпаның көктемгі өнімі зиян шегуі ықтимал. Солтүстіккореялық үкіметтің деректеріне сай, «елдегі азық-түліктің қоры маусымның ортасында таусылады».

КХДР билігі әлем нарықтарындағы бағаның өсуінен шет елден сатып алуды азайтқанын айтады.

Азық-түлік тапшылығының орнын толтыру үшін Солтүстік Корея 900 мың тонна бидай импорттау керек.

Алайда, ел үкіметінің жоспарына сай осы көлемнің небәрі үштен бір бөлігінің сатып алынуы жоспарланып отыр.

Гуманитарлық ұйымдар өкілдері әлемдік қауымдастықты КХДР-ға гуманитарлық көмек, бірінші кезекте, балаларға, қарттарға және созылмалы ауруларға шалдыққандарға көрсетуге шақырады.

Сарапшылардың болжауынша, КХДР тұрғындарының 40% негізінде балалар, жүкті әйелдер, босанған әйелдер және қарттарды құрайтын 8,7 миллион адам келешекте болжанып отырған тапшылықтан азық-түлікті қажет етпек.

По сообщению сайта Nur.kz