Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Эксимбанк газхимия кешен құрылысына ҚДБ-ға $1,38 млрд заем береді

Дата: 25 февраля 2011 в 12:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ — Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі (Эксимбанк) «Ықпалданған бірінші газхимиялық кешен және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету — бірінші кезең» жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан даму банкіне (ҚДБ) $1,38 млрд сомаға заем бөлді, делінген ҚДБ таратқан хабарында.

«Жоғарыда көрсетілген келісімшарт бойынша, Қытайдың Эксимбанкі ҚДБ-ға «Kazakhstan Petrochemical Inc.» ЖШС-тің «Ықпалданған бірінші газхимиялық кешен және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету — бірінші кезең» жобасын қаржыландыру үшін $1 млрд 380 млн 400 мың сомасындағы несие бермекші», — делінген жұма күні таратқан ақпараттық баянда.

Хабарда айтылғандай, аталған кредиттік келісім 22-ші ақпанда ҚР президенті Н. Назарбаевтың Бейжіңге жасаған мемлекеттік сапары барысында жасалды. Құжат 2009-шы жылғы 1-ші тамызда ҚДБ мен Қытайдың Эксимбанкінің арасында отын-энергетикалық салада ынтымақтастық туралы жасалған $5 млрд мөлшеріндегі бас келісімшарттың нәтижесі болды.

«Қазақстан даму банкі» АҚ 2001-ші жылы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторын несиелендіру үшін құрылған. ҚДБ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамына кіреді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы