Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Парламент 2011 жылғы бюджетке түзетулерді қабылдады

Дата: 25 февраля 2011 в 12:11 Категория: Новости экономики

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ — Елена Преображенская. ҚР парламенті сенатының депутаттарыжұма күні пленарлық отырысында «ҚР «2011-2013 жылдарға республикалық бюджет туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жолданады.

Заң жобасын таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішевтің айтуынша, Қазақстан үкіметі бюджетті 2011 жылы кірістерді арттыру арқылы өзгертті, сондай-ақ, мемлекет басшысының қаңтар айында жасаған жолдауын орындауға бағытталған шығыстарды арттырды.

ЖІӨ өсімі бұған дейін бекітілген 3,1% орнына 5%-ға дейін ұлғайтылды. Инфляция деңгейі — 6-8%. Үстіміздегі жылдың бюджеті (Brent қоспалы) мұнайдың бағасы баррелі үшін 65$ деп алынды. Бюджеттің дефициті ЖІӨ-ге қатысты 2,9% құрайды.

2011 жылға республикалық бюджеттің түсімдері Т4 249,3 млрд көлемінде немесе қазіргі бюджетпен салыстырғанда Т207,9 млрд-қа артық белгіленді.

Республикалық бюджеттің кірістері экономиканың даму қарқынының артуы есебінен Т74,7 млрд-қа,Кеден одағы шеңберінде импорттық кедендік баж салықтарын есептеу механизмінің оң әсерінен Т85,5 млрд-қа; әлемде минералды шикізат бағасының өсуі есебінен Т33,8 млрд-қа; ҚҚС қайтару сомаларын төмендету есебінен Т15,8 млрд-қа; орталық мемлекеттік органдар тартатын гранттарды нақтылау есебінен Т0,6 млрд-қа арттырылды.

2011 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары Т4 945,1 млрд көлемінде қарастырылып отыр, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда Т301,3 млрд-қа көп.

Шығыстар келесі мақсаттарға бағытталады: білімге (соның ішінде мектеп, балабақша құрылысы) — Т20,5 млрд, денсаулық сақтау саласына (соның ішінде көліктік медицинаны дамытуға) — Т7,1 млрд, халықты жұмыспен қамту жөніндегі жаңа бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға Т40,2 млрд, ауыл шаруашылығын дамытуға Т15,2 млрд, сапалы ауыз сумен қамтуға — Т8,2 млрд, жылжымайтын мүлік нарығын қолдау мен ТКШ-ны модернизациялауға Т75 млрд, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру жөніндегі жаңа бағдарламаға — Т8,8 млрд, «Өнімділік — 2020» бағдарламасына — Т15 млрд, гидротехникалық құрылыстар мен жағалауды бекіту шараларына — Т9,9 млрд, индустриалды даму мемлекеттік бағдарламасының шараларына Т56,9 млрд теңге.

Биылғы мемлекеттік бюджеттің қаржысы бірқатар аймақтық мәселелерді шешуге де бағытталады. Сондай-ақ, Алматыға Т12,1 млрд бөлінеді. Метрополитенннің 1-ші желісінің 2-ші кезегінің құрылысына Т2,1 млрд, «Әйгерім» ТК, үлестік құрылыс нысандарының магистральді инженерлік желілерін дамытуға Т2млрд бағытталады.

Астанаға Т19,6 млрд, Ақтөбеге — Т5 млрд, Атарыу облысына — Т4 млрд, Батыс Қазақстан облысына — Т1,2 млрд, Қостанай облысына — Т1,6 млрд теңге бөлінді.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы