Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Дидахмет Әшімханұлы. Қайта қараған дұрыс-ау...

Дата: 25 февраля 2011 в 14:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Дидахмет Әшімханұлы. Қайта қараған дұрыс-ау...

Бейімбет Майлиннің «Бәрін айт та, бірін айт, коллективтің жырын айт» дейтін сөзі бар. Сол айтқандай, бәрін айта берсек, уақыт жетпес. Бәріміз алдағы Елбасы сайлауына көз тігіп отырмыз. Осы төңіректе бірер сөз айтуды өзіме азаматтық парыз санап отырмын.

Демократия деген ұғым бар. Оны біз ойлап тапқан жоқпыз. Адамзат баласының тапқан жолы. Сол демократия әлемнің әр елінде әр қилы жолмен дамығанын білеміз. Біздің қазақ елі де өз таңдауын жасағанда демократия мен нарықтық жолды таңдады. Содан бері де 20 жыл өтті. Жетістігіміз расында мол.

Сайлау деген — таңдау. Бір жағы елдіктің сынағы. Бұл — ойыншық емес. Қазір міне, үміткерлер саны анықталды. Олардың бәріне бірдей топырақ шашқым, не болмаса дау айтқым келмейді. Мәртебелі орынға иек арту, мәнсаптан дәмелену дегенді түсінеміз, бірақ Елбасы сайлауы деген екінің бірі немесе еріккенің ермек қылатын науқаны емес қой.

Қазақта «Көтере алмас шоқпарды беліңе байлама», «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегендей дана сөздер жеткілікті. Үміткерлердің арасында 91 мың адамның қолын жинамақ түгілі, 9 адамды жинап, тамақ бере алмайтындар да бар сияқты. Сонда не? Елбасы сайлауы елдік мәселені шешетін, сол жолда халықтың ой айтып, нақты бағдарлама ұсынатын саяси науқан ба, жоқ әлде «атың шықпаса, жер өрте» дегеннің өзі ме? Осындайды көріп тұрып, референдум өткізген дұрыс па деп ойлайды екенсің.

Үміт еткен дұрыс. Үміткер болған да жөн шығар. Бірақ әркім өзінің шамасын да байқағаны артық болмайды. Басқа басқа, әлем таныған адам мен есігінің алдында тауық күркесін сала алмайтын адамның арасы жер мен көктей емес пе?! «Талпынғанның жөні осы» деп тепеңдей беруді азаматтық позиция деп, қабылдау қиын.

Әрбір сайлау — сынақ. Ең алдымен елдіктің сынағы. Сынақ тапсыру үшін де әркім дайындық жасайды ғой. Ал Елбасы сайлауына еш дайындық жоқ, «әйтеуір қатыса салайын, нем кетіп барады» деген оймен үміткер болу — қисынсыз тірлік.

Бұл сайлау да өтер. Даусыз дара тұлға жеңіске жетер. Біз еліміздің ертеңін демократияның шынайы салтанат құруын ойлайтын болсақ, «Сайлау туралы» заңды қайта қарау керек сияқты. Елбасы болу үшін азаматты ел тануы — басты шарт. Нақты бағдарламасы бар, белгілі бір істе нәтижеге қол жеткізген, елге сыйлы азаматтар ғана Елбасы сайлауына түсуі керек деп білемін. Сонда ғана бұл сайлаудың дәрежесі артады. «Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады» деген мәтел Елбасы сайлауы сияқты саяси мәні зор шараға келгенде жүрмеуі тиіс деп есептеймін. Сондықтан сайлау талаптарын біздің Парламент қайта қарағаны дұрыс-ау...

Дидахмет Әшімханұлы,  жазушы

«Айқын» газеті

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы