Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Аймақтық телеарналардың проблемалары талқыланды

Дата: 25 февраля 2011 в 15:41

Аймақтық телеарналардың проблемалары талқыланды

Аймақтық арналар сандық телевизияның енген тұсында, жаңа талаптар заманында аман қалу үшін контент сапасын жақсартулары тиіс.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығының мүшелерімен кездесуінде Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов мәлім етті.

Жиналғандарды елдің ақпараттық нарығындағы жағдаймен таныстыра кеткен вице-министр, «бүгінгі таңда аймақтық телеарналар эфирлерінің сапасы жеткілікті деңгейде емес. Олардың басым бөлігі шетелдік және республикалық телеарналардың бағдарламаларын таратудың негізінде ғұмыр кешіп жатыр. Соның салдарынан олар өздерінің негізгі қызметтері мен міндеттерінен адасып, шағын жарнамалық бюджеттің немесе мемлекеттік сатып алудың есебінен күнелтеді», — деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда аймақтық телеарналар эфирлерінің сапасы жеткілікті деңгейде емес.

Жергілікті арналар ірі республикалық телеарналармен бәсекеге түсуі және шағын жарнамалық бюджет қаржысына ауқымды телевизиялық бағдарламалар жасап шығаруы мүмкін емес деген аймақтық арналар басшылығының санасында сіңіп қалған жаңсақ пікірге қарамастан, елде өз қызметін сәтті дөңгелете алған өңірлік телеарналар да жоқ емес.

Қоғам сандық телевизияға көшкен тұста аймақтық телеарналар сапалы контент шығаруға талпынсын, себебі жарнама берушілер БАҚ-тың тиімсіздігін содан көреді.

«Қоғам сандық телевизияға көшкен тұста аймақтық телеарналар сапалы контент шығаруға талпынсын, себебі жарнама берушілер БАҚ-тың тиімсіздігін содан көреді. Не болмаса дамудың басқа шешімдерін пысықтасын: мысалы, тақырыптық бағытты таңдауға болады. Бүгінгі техникалық дамудың нәтижесі осында», — деді Н. Оразов.

По сообщению сайта Nur.kz

Читайте также