Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстандықтар елдегі жағдайды «қолайлы, бірқалыпты» деп баға берді

Дата: 25 февраля 2011 в 16:20 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстандықтар елдегі жағдайды \"қолайлы, бірқалыпты\" деп баға берді

Қазақстандықтар елдегі жағдайды «қолайлы, бірқалыпты» деп баға берді

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 93,3 пайызы Елбасының кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан халқының әлеуметтік-саяси көңіл-күйінің серпіні» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін ұсынған «ИнфоСистем» зерттеу орталығы» қоғамдық қорының директоры Салтанат Ахметова мәлім етті.

Сауалнама «Нұр Отан» ХДП Парламентаризм институтының тапсырысы бойынша 2011 жылғы 1-23 ақпан аралығында жүргізілді.

Оның барысында 14 облыс пен Астана мен Алматы қалаларында 18-63 аралығындағы барлығы 1624 респонденттен сауалнама алынды.

«Референдумнан бас тарту туралы шешім қабылдап, Президент сайлауын кезектен тыс өткізуді ұсынған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесі туралы білесіз бе?» деген сұраққа респонденттердің барлығына дерлігі, нақты айтқанда 97,6 пайызы «білемін» деп жауап берді. Қалған 3,4 пайызы бейтараптық, 1,2 пайызы қарсы ұстанымда болды», — деді С. Ахметова.

Ал Елбасының кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізу туралы шешіміне қатысты қойылған сауалға респонденттердің 93,3 пайызы оң пікірін білдірді.

С. Ахметова мәлім еткендей, ҚР Президентін кезектен тыс сайлау тағайындау туралы халық үшін ақпараттың көзі телевизия болып табылады. (Орталық телевизия-68,6 пайыз, жергілікті телевизия — 54,2 пайыз). Екінші кезекте интернет көздері (42,4 пайыз), үшінші орталық және жергілікті баспасөз (сәйкесінше 33,2 және 31,6 пайыз).

Елдегі жалпы жағдайға «қолайлы, бірқалыпты» деп баға бергендер саны 89,6 пайызды құрады.

Сауалнамаға қатысқан респонденттерге сондай-ақ елдің әлеуметтік-саяси жағдайына қатысты сауалдар қойылды. Нәтижесінде елдегі жалпы жағдайға «қолайлы, бірқалыпты» деп баға бергендер саны 89,6 пайызды құрады.

«Өзінің және отбасының өмір деңгейіне қанағаттанатындардың саны едәуір жоғары екені байқалды. Ол сауалнамаға қатысқандардың 81,8 пайызын құрады. Толық және ішінара өз өміріне қанағаттанбайтындардың жалпы көлемі 16,6 пайызды құрады. Респонденттердің басым бөлігі елдегі экономикалық жағдайға оң баға берді. Азаматтардың 90.2 пайызы ағымдағы экономикалық жағдай тұрақты даму үстінде деп санайтындықтарын білдірді», — деді ол.

Толық және ішінара өз өміріне қанағаттанбайтындардың жалпы көлемі 16,6 пайызды құрады

Сұрақтардың үшінші легі Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауына қатысты болды.

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауы жұмыс күні жолданғанына қарамастан, халық арасында жүргізілген сауалнама бұл оқиға жөнінде хабардар болғанын көрсетіп отыр.

«Жасына, ұлты мен тұратын жеріне қарамастан сауалнамаға қатысқан азаматтардың 91,4 пайызы Елбасының жыл сайынғы Жолдауын ел үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі үшін де маңызды оқиға деп білетінін айтты»,-деді қор директоры.

По сообщению сайта Nur.kz