Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Нұра Матай. Жұмағұловтың жасөспірімдерге жаны ашымайды екен

Дата: 25 февраля 2011 в 16:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Нұра Матай. Жұмағұловтың жасөспірімдерге жаны ашымайды екен

— Ең әуелі әріптестерім әрі достарым журналистерге айтарым: жасөсірпірімдер арасындағы суицидке баса назар салып, оны жиі бермеулеріңіз керек — осылай деген министр журналистерге жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол салып, өмірімен қоштасып жатқан оқиғаларды бүге-шігесіне дейін зерттеп, елге жеткізгеннен гөрі: «Одан да бірлесіп жұмыс істейік. Жақсы істер жөнінде көбірек айтайық», деп жол сілтеді.

Министр мырзаның бұл қай сасқаны? Біздіңше, Бақытжан Жұмағұлов жасөспірімдер арасындағы суицидті БАҚ азырақ жазса, білім және ғылым министрлігіне сын келмейді және балаларды өлімге итермелеп отырған мектептердегі жағдайлар жабулы күйінде қалады деген сақтығы болса керек. Әйтпесе, елдің болашағына төнген қауіпті айтпай-ақ қояйық, көрсек те көрмеген болып көз жұмайық деу шалығы бар біреу болмаса, дені дұрыс адамның басына кірмейтін ой. Сонда Жұмағұлов жыл сайын өсіп отырған балалар арасындағы өзіне-өзіне қол салу фактілерін жасырғанда қай пұшпаққа шықпақ?

Министр әдеттегідей балалар арасындағы суицидке қарсы балабақшадан бастап, жоғарғы мектепке дейін жұмыстар жүргізіліп жатқан айтып, халықаралық есеппен қарағанда, Қазақстанда балалар суициді аз екенін атап өтуді де ұмытпапты:

— Әлемдік тәжірбиеде жүз мың адамға шаққанда өзіне-өзі қол салу оннан төмен болса, бұл қалыпты жағдай болып саналады. Бізде оннан төмен, — деп баяғы «бізде бәрі керемет» деген ескі әуеніне қайта басыпты.

Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне қарағанда, суицид бойынша Қазақстан үшінші орында делінеді. Және өткенде мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменов деректермен көрсетіп отырып, балалар арасындағы суицидке байланысты депутаттық сауал жолдаған болатын: « Өткен жылы 13 қазанда Қарағанды қаласында он төрт жасар жасөспірім асылып қалды. Арада бес күн өткеннен кейін жұртшылық Алматы облысының Тұздыбастау кентінде он бес жасар екі жасөспірімнің  өздеріне өздері қол жұмсап, өмірмен қош айтысқандарын естіп, жағаларын ұстасты.

23 қарашада бұқаралық ақпарат құралдары Ақтөбе қаласында он жетідегі қыз бала мен он бес жасар жасөспірімнің  асылып қалғаны туралы ақпарат таратты. 26 қарашада осындай оқиға Алматыда қайталанды. Бұл жолы айтып келмеген ажалдың құрығына он алты жасар жасөспірім ілікті.

Желтоқсанның 6-13 аралығында Теміртауда, Семейде, Астанада, Ақмола облысының Щучинск қаласында тағы үш қыз, екі ер бала өз еріктерімен өмірден озды.

23 желтоқсанда Ақмола облысының Егіндікөл ауылында жергілікті мектептің 10 сыныбында оқитын қыз бала асылып өлді. Өкінішке орай жаңа жылдың алғашқы күндері де ата-аналарға қайғы арқалата келді. Бұрынғы күні ғана бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылыққа Ішкі істер министрлігі академиясының бірінші курс студентінің көп қабатты үйдің төбесінен құлап өлгенін естіртті.

Осындай жантүршігерлік хабарлар кімді де болсын, бей-жай қалдырмауға тиіс. Он екіде бір гүлі ашылмаған, оңы мен солын танымаған, еріндеріндегі ана сүті кеуіп үлгермеген  балаларымыз баудай түсіп, қыршынынан қиылып жатыр.

Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы  елімізде 260 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсап өмірмен қош айтысқан. Жағдай өткен жылы да түзеле қойған жоқ, сөйтіп ел бойынша осындай 237 оқиға тіркелді. Бұл дегеніңіз осыншама ана қара жамылып, ботасынан айырылған бозінгендей еңіреп қалды, мыңдаған жүректерге жара түсті деген сөз.

Бір алаңдарлық жай, қайғылы оқиғалар барлық облыстарда дерлік тіркелуде. Шығыс Қазақстан облысында 30 шақты жасөспірім өмірі­мен қош айтысса, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе  облыстарының әрқайсысында 20 ның үстінде бала өздеріне өздері қол көтеріп, жас өмірлерін қиды. Соңғы үш жылда Солтүстік Қазақстан облысында бұл көрсеткіш екі есе өскен».

Міне, депутат деректерінің өзі мемлекеттің болашағы өз тамырына өзі балта шауып жатқанын айқындай түседі. Депутат көтерген мәселемен айналысуға тиісті білім және ғылым министрінің айтып отырғаны анау. Демек, балалардың тағдыры  яғни елдің болашағына үкіметтің басы ауырмайды деген сөз. Оған дәлелді сөзді Жұмағұлов жеткізіп отыр. Ендеше, «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» деген осы.

«Абай-ақпарат»

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы