Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семейде «Фотошопсыз фотоәлем» көрмесі ашылды

Дата: 26 февраля 2011 в 09:51

Семейде «Фотошопсыз фотоәлем» көрмесі ашылды

Семейдегі Достоевский атындағы мұражайда «Фотошопсыз фотоәлем» деген тақырыппен көрме өтуде.

Оған жергілікті студенттердің алдын-ала іріктеуден өткен еңбектері қойылған. Бұл көрме олардың дизайнер мамандығын таңдағандықтарынан болашақта өздеріне кәсіби жетілу мен көрерменнен баға алуға жасалған мүмкіндік, — дейді ұйымдастырушылар.

Тақырыптары ортақ болғанмен, әрбір фотосуретшінің қолтаңбасы дара екені аңғару қиын емес. Мәселен, Александра Рау Елордасына жасаған сапарынан алған әсерлерімен бөліседі. Күн санап көркейіп келе жатқан Астана сәулетін Есіл өзені арқылы әдемі аша түскен. Ал мына бір көбелек бейне бір фотоаппарат алдында еркелеп тұрғандай кейіп танытады.

Назерке Әубәкірова Түйемойнақ аралындағы ядролық сынақ құрбандарын еске түсіруге арналған «Өлімнен де күшті» монументі мен өзеннің үстінен иілген ағашты қаз-қалпында беруге тырысқан.

Наталья Соловьеваны тылсым табиғатпен тілдесуші деуге болады. Оның бір суретінде кеш батар тұстағы шапақ өзен көркін аша түссе, қалғандарында өзіндік ізденістің ізі бар.

Көзілдірік арқылы ағашқа көз салу немесе тасқа қонған инелік соған дәлел. Ілияс Бекбосынов пен Гүлжан Сүлейменованың фотосуреттері де туған жердің тыныс тіршілігін кеңінен ашуға тырысқан. Көрме наурыз айының ортасына дейін жалғасады.

Көрермендер берген бағаға сәйкес ссы еңбектердің үздігін таңдап бағалы сыйлықпен марапаттау да жоспарымызда бар, — дейді мұражай қызметкерлері.

Бұл көрменің мақсаты — негізінен студенттердің шынайы өмірді цифровой фото арқылы көрсету

Айжан Аманжол, мұражайдың ғылыми қызметкері:

— Бұл көрменің мақсаты — негізінен студенттердің шынайы өмірді цифровой фото арқылы көрсету. Көрмеге 21 фотожұмыс қойылған, студенттердің бүкіл жұмыстарының 5-ақ қана студенттің жұмысы көрініс тапты осы көрмеде. Патриоттық рухты тәрбиелеп, патриоттық сезімді ояту деген мақсат.

По сообщению сайта Nur.kz