Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Отбасы — Отан ошағы» атты іс-шара өткізілді — Қызылорда облысы

Дата: 26 февраля 2011 в 14:11 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 ақпан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ — Бүгін Қызылорда облысы Қызылөзек ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің  20 — жылдығына арналған  «Отбасы — Отан ошағы» атты іс-шара өткізілді.

Бұл шараны ұйымдастырушылар — Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі комиссия, Қызылорда қаласы Қызылөзек ауылдық  округі.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған арнайы шараға Қызылорда облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және гендерліқ саясат жөніндегі комиссия мүшелері мен Қызылөзек ауылдық  округінің елуге жуық тұрғындары және үлгілі отбасылары қатысты.

Шараның басты мақсаты — ҚР Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көрсетілген  қоғамымыздың жан-жақты дамуына, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде  отбасы, жанұяның  құндылығын дәріптеу, отбасының мәртебесін көтеру, көп балалы отбасыларын мадақтау, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.

Сонымен қатар отбасы саясаты, бала тәрбиесі, отбасындағы зорлық-зомбылықты болдырмау, ондай көріністермен күресу, демография т.б. мәселелер жөнінде пікір алмасу.

Шара барысында көркемөнерпаздар әуелете ән шырқап, жас боксшылар өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «Менім  жанұйям — менің отаным» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылып, оған мектеп оқушылары өз шығармаларын, қол өнер шеберлері бұйымдарын  ұсынды.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы