Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

КТК арнасын күн сайын қазақстандықтардың милионнан астам телекөрермендері көреді – Шураев

Дата: 26 февраля 2011 в 14:30 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

 
Алматы.26 ақпан. ҚазТАГ — КТК телеарнасының күн сайынғы көрермендер аудиториясы миллионнан асады. Бұл туралы КТК бас директоры Арман Шураев телекөрермендермен «Риксос Алматы» отелінде өткен кездесуде мәлім етті.
«Біздің арна 20 жыл бұрын пайда болды. Содан бері ол өзінің тұрақты аудиториясы — үй шаруасындағы әйелдерден бастап жоғары лауазымды шенеуніктерге дейінгі көрермендері бар, — деді, кезінде өз қызметін КТК-ның Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болып бастаған А. Шураев. — Биыл біз телерейтингте 16 пунктке қол жеткіздік және бұл қазақстандық телеарналар арасындағы ең жақсы көрсеткіш». «Жаңалықтарды берудегі стандартты емес тәсіл, өткір әлеуметтік проблемаларды берудегі жүйелілік, жабық тақырыптар мен сөз етуге болмайтын тұлғалардың жоқтығы — міне осысымен КТК көрермендерін баурап алады», — деп, атап көрсетті Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев. «Меніңше оны ең жоғарыда отырған адамдар да сезетін сияқты. Сондықтан да КТК эфиріне Кәрім Мәсімов те, Григорий Марченко да, Болат Жәмішев те келеді. КТК телеарнасының жаңалықтарын мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Назарбаев та мұқият қарап жүретінін білемін».
КТК-ның «Кешкі жаңалықтар» форматында өткен кездесуге қала әкімі Ахметжан Есімов пен шығармашылық интеллигенция өкілдері және танымал эстрада әншілері қатысты
 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы