Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әкім өрттің салдарынан баспанасыз қалған отбасына үй берді — Қызылордада

Дата: 26 февраля 2011 в 14:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

ҚЫЗЫЛОРДА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ — Кеше  облыс әкімі Болатбек Қуандықов жақында  тілсіз жау — өрттен аман қалған Қыстаубаевтардың бүлдіршіндері жатқан облыстық балалар ауруханасында болып, олардың жағдайымен танысты.

Алапат жалын кезінде бауырларын оттан құтқарған осы отбасының ортаншы қызы Динараның ерлігіне тәнті болған аймақ басшысы бұл отбасына қала орталығынан үш бөлмелі пәтер беретінін жеткізді.

Бұл оқиға ақпанның жиырмасы күні Сабалақ саяжайында түнгі он шамасында орын алады. Отағасы Жаңбырбай мен жұбайы Мирамкүл жұмыссыз. Саяжайдағы пәтерді уақытша жалға алған. Ата-анасы оқиға орын алатын күні отын сатуға кеткен. Үйде төрт бірдей бүлдіршін ұйқыда болған. Ауызғы бөлмедегі өртті көрген екінші қыз Динара Оңдасын алдымен 11 жастағы Майраны оятады. Терезені сындырған ол бестегі Жасминді, сосын үш айлық сіңлісі Айсананы отқа оранған үйден аман-есен алып шығады.

Бүгінде анасымен бірге облыстық ауруханада ем алып жатқан кішкентайлардың жағдайы бір қалыпты. Олардың халін білуге барған облыс әкімі оларды сый — сыяпаттан кенде қалдырмады. Тәттілер мен жұмсақ ойыншықтарды ала келген ол ерлік жасаған Динараға алғысын білдірді.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасы бастығына Динараның атына бір банктен есепшот ашуды тапсырды. Оның алғашқы салымшысы өзі болатынын да жеткізді. Тасбөгет кентіндегі №176 мектепте оқитын бүлдіршіннің болашағы үшін жиналатын қор болуға тиіс екендігін де айтты. Отағасын мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етуді де облыс әкімі өз мойнына алды. Ал бір апта ішінде   үш бөлмелі үйдің кілті Қыстаубаевтар отбасына салтанатты жағдайда табысталады.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы