Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Кабельдік желілер «бірінші түймелерін» отандық телеканалдарға беруге тиіс

Дата: 26 февраля 2011 в 15:50 Категория: Новости культуры

Кабельдік желілер \"бірінші түймелерін\" отандық телеканалдарға беруге тиіс

Кабельдік желілер «бірінші түймелерін» отандық телеканалдарға беруге тиіс

Кабельдік желілер өз пакеттерінің «бірінші түймелерін» қазақстандық телекомпанияларға беруге тиіс, деп есептейді Қазақстандық телерадиотаратушылар қауымдастығының (ҚТҚ) президенті Бейбіт Әлібеков.

«Кабельдік операторларды өздерінің хабар тарату пакеттерінің «бірінші түймелерін» ұлттық және жергілікті эфирлік телекомпанияларға міндеттеу керек. Ресейде мұндай норма бар», — деді Б. Әлібеков «Телерадиотарату туралы» заң жобасын талқылауға арналған «дөңгелек үстел отырысында.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда қазақстандық хабар таратушылардың шетелдік арналармен минималды паритеті сақталады.

Сондай-ақ, ҚТҚ басшысы кабельдік желілерді пакеттеріне қазақстандық ұлттық және аймақтық телекомпаниялардың сигналын тегін қосуға міндеттеуді ұсынды.

«Бұл туралы ешкім айтпайды, бірақ эфирлік телекомпаниялардың бәрі өз сигналын пакетке қосқаны үшін ақы төлейді. «Қазақстан» телекомпаниясы да төлейді», — деп нақтылады ҚТҚ басшысының позициясын «7 арна» телекомпаниясы бас директорының орынбасары Илья Пустогачев.

Осыған байланысты өз қызметінен кіріс тапса, эфирлік кестесіне жарнама енгізсе, кабельдік желілерді бұқаралық ақпарат құралдары деп есептеуді ұсынды.

Кабельдік желілер аудиторияның төлемге қабілетті ең тиімді бөлігін өзіне алады

«Қазақстандық телеарналар басқа елдердің телеарналарымен күшті бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге мәжбүр. Ал шетелдік контентті көрсететін кабельдік желілер аудиторияның төлемге қабілетті ең тиімді бөлігін өзіне алады, бірақ оларға қатысты қазақстандық телекомпаниялар сияқты «БАҚ туралы» заңның шектеулері қолданылмайды. Бұл нарықта тең емес жағдайлар тудырады», — деді И. Пустогачев.

2014 жылы кабельдік телевидениенің нарықтағы үлесі 45%-ға дейін артады

«Алма ТВ«АҚ президенті Думан Сейітовтың айтуынша, қазіргі уақытта компаниялардың кеселерін қосқанда, 4,4 млн үй шаруашылығының 34% кабельдік телевидениемен қамтылған.

Үй шаруашылықтарының 17% эфирлік теледидар тамашаласа, 39%спутниктік телеарналарға қосылған. Оның болжауынша, 2014 жылы кабельдік телевидениенің нарықтағы үлесі 45%-ға дейін артады.

По сообщению сайта Nur.kz