Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Куба еліне визаға тапсырысты интернет арқылы беруге болады

Дата: 26 февраля 2011 в 17:50 Категория: Новости интернета

Куба еліне визаға тапсырысты интернет арқылы беруге болады

Таяу уақытта Куба еліне визаға тапсырысты интернет арқылы беруге болады.

Бұл туралы Астанада кубалық және қазақстандық туроператорлардың қатысуымен өткен шара барысында мәлім болды.

Кубаның Қазақстандағы Елшілігінің шақыруымен бүгін, аталмыш елде 30 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан ең ірі, әрі тәжірибесі мол «Гаванатур» туристік компаниясы елордаға келіп, қазақстандық туристік операторларға өз өнімдерінің таныстырылымын өткізді.

«Біз Еуропалық нарықтарда 10 жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Біраз уақыттан бері Қазақстанға қызығушылық танытып келеміз. Қазақстан халқы Кубаны ел ретінде, оның тарихын біліп қана қоймай, Кариб бассейніндегі әдемі туристік мемлекет ретінде тануын қалаймыз», — деді «Гаванатур» туристік компаниясының директоры Тарафа Сандра.

«Гаванатур» Қазақстанға өнімдерін ұсынуға келген алғашқы туристік компания.

Дегенмен, Кубаның туристік компанияларымен өз бетінше жұмыс істей бастаған қазақстандық агенттіктер де бар.

Т.Сандраның сөзіне қарағандай, қазақстандық туроператорлардың қызығушылығы ағымдағы жылдың қаңтарынан арта басталды. Егер өткен жылы аталмыш елге туристік саяхаттарын 2-3 оператор ғана ұсынып келсе, биылғы жылдың басынан бұл бағытта 10 оператор жұмыс істейді. Мұндай қарқынды қызығушылықты Т.Сандра, ақпараттандыру үрдістерінің артуымен байланыстырып отыр.

Ал шырайлы елге демалып қайтудың бағасы компания директоры сендіргендей, аса қымбат болмайды. «Тәжірибем бойынша айтайын, саяхаттар тым қымбат болмайды. Бағалар қазір жұмыс істеп отырған операторлардың өзінде қымбат емес. Ал бұл тек бастама екенін ескерсек, бір-екі жылдан кейін бәсеке көбейіп, баға да арзандайды, туристік ағын да көбейеді», — деді ол.

Ресімдеулер Куба Елшілігі арқылы жасалады. Ал алдағы таяу уақытта визаға интернет арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік туады

«Қазір визалық ресімдеулерді жасату бұрынғыдай қиын емес, яғни бір ай бұрын өтінім берудің қажеті жоқ. Ресімдеулер Куба Елшілігі арқылы жасалады. Ал алдағы таяу уақытта визаға интернет арқылы тапсырыс беруге мүмкіндік туады», — деді Т.Сандра.

Қазақстандағы Куба Елшісі Абелардо Эрнандес Феррер атап көрсеткендей, екі елдің туризм саласындағы ықпалдастықты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. «Себебі Қазақстан Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД елдері арасында маңызды ел деп айтуға болады», — деді Елші.

Куба Туризм министрлігінің Ресей бойынша өкілі Скобар Стефанияның айтуынша, жыл сайын ыстық елде 3 млн.-ға жуық турист демалады. Бірінші орында канадалықтар тұр. Ал Қазақстаннан барған меймандар саусақпен санарлық. Өкініштісі, осы уақытқа дейін Куба елінің бірде-бір өкілі Қазақстанда демалуды қаламаған екен.

По сообщению сайта Nur.kz