Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Химия өнеркәсібін жандандыратын техно­ло­гиялық база нашар

Дата: 27 февраля 2011 в 08:40 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Химия өнеркәсібін жандандыратын техно­ло­гиялық база нашар

Химиясын дамытқан елдің экономикасы да қарыштай түседі.

Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қа­та­рына енеміз. Қазір шетел­дік алпауыттарға ең тиімдісі – мұнайды шикі күйінше сыртқа экспорттау болып отыр. Ал біз шикі мұнай­ды сырт­қа сатқанымызға ғана мақтана аламыз. Кезінде Кеңес Одағының тұсында нақ осы мұнай химия өнеркәсібі біртіндеп дамып келе жатыр еді.

– Хакім Абдрахимұлы, қазір әлем елдері химия өнеркәсібін, оның ішінде мұнай химиясын дамытуға айрықша мән беруде. Осыған орай сұхбатымыздың әлқиссасын Қазақ еліндегі химия өнеркәсібінің әлеуетін сөз етуден бастасақ... Сіз осы саланы зерттеп жүрген маман ретінде отандық химия саласының келешегі мен бүгіні туралы не айтасыз?

– Химия өнеркәсібі дегенде біздің алдымен тілге тиек ететін саламыз, әрине, мұнай химиясы болуы керек. Кезінде Кеңес Одағының тұсында нақ осы мұнай химия өнеркәсібі біртіндеп дамып келе жатыр еді. Ол тұстары Теміртауда, Ақтау­да, Атырауда химия өнеркәсібі бар бола­тын. Сәл ғана болса да кеңес өкіме­тінің кезінде осы сала­да біздің өзіндік үлес салмағымыз болды. Қазір химия өнеркәсібі жайлы сөз еткенде ауызды қу шөппен сүртуге тура келіп тұр. Жалпы, химия өнеркәсібі дегеннің өзі – адам баласына қажетті затты химиялық син­тез­деу арқылы алу ғой. Бізде Шығыс Қазақстан облысында рудалардан қор­ға­сын, мырыш, титан алатын зауыттар бар. Бірақ бұл химиялық синтездеуге жатпайды. Себебі бұл зауыттар өнімді шикізат есебінде алады. Ал әрі қарай ол өнімді химиялық синтездеуден өткізіп, одан тұрмысқа қажет­ті заттар алу мұндай зауыттардың қолынан келмейді. Шын­ды­ғын айту керек, бізде нақ қазір химия өнеркәсібі жоқ. Оны жасырып-жабудың да еш реті жоқ. Рас, елде нақ осы саланы жандандыратын ресурстар жеткі­лікті. Әйтсе де біз бұл салада әлі төменгі деңгейде қалып отырмыз. Бұл жағынан отандық мамандар да жеткіліксіз, техно­ло­гиялық базамыз да нашар.

– Дегенмен бұл ретте керісінше пікір түзетіндер де жоқ емес. Отан­дық мамандардың қайсыбірі­нің пайымдауынша, «қазақ химия өнеркәсібінің әлеуеті қытай химия өнеркәсібінен бірде-бір кем емес. Тек осы салаға сәл ғана дем берсек болды» дейтіндер де бар. Бұған қатысты не айтасыз?

Біз өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттап жатыр­мыз

– Рас, асыра сілтеуді жаны сүйетін баз ­бір отандық сарапшылар бүгінде осындай «қызылды-жасылды» жалынды сөздерді алға тартады. Бұл ретте мен сізге бір ғана мысал айтайын, біз мұнай­ға бай мемлекет­піз. Мұнай қорымыздың молдығы жағынан әлемдегі мұнайлы деген 15 мемлекеттің қа­та­рына енеміз. Ойлап қарасақ, қазір әлем елдерінің басым бөлігі мұнайдан тұрмысқа қажетті заттар алудың шеберіне айналып жатыр. Біле білсеңіз, мұнайдан кір жуғыш зат­тар, әртүрлі пластикалық зат­тар, кеңсе заттары, үй жиһаздарына дейін алы­нады. Мұнай химиясын жетік меңгерген елдер шикі мұнайды терең деңгейде ұқсатып отыр. Ал біз шикі мұнай­ды сырт­қа сатқанымызға ғана мақтана аламыз.

Бүкіл әлем қазірде мұнай шикі­затынан алынатын өнім көрсеткішін 92-94 пайызға дейін жеткізуге талпынып жатыр.

Біз керісінше, өндіретін мұнайдың 90 пайызын шикі күйінше экспорттап жатыр­мыз. Бұл – өте үлкен олқылық. Бүгінде біз мұнай шикізатының аз ғана бөлігін мотор отындары мен дизельді отын ретінде қол­данып жатырмыз. Оның өзінде отандық тұтынушыларды атал­мыш өнімдермен толық­тай қамтамасыз етуге қабілетіміз жеткіліксіз. Өзіңіз білесіз, қазір бірқатар әлем елдері мо­тор­лы отындарға қатысты Еуро-5 стан­дар­тына еніп кетті. Өкінішке қа­рай, Қазақстан бұл межеде әлі Еуро-2 стан­дартына иек артып отыр. Мұның өзі біздегі мұнай өңдеу саласының кенже­леп қалған­дығын айғақтап тұр. Негізінен, дамушы және дамыған елдерде мұнай өңдеу зауыт­тарының қасында міндетті түрде мұнай химия өндірісі болады. Осы өндіріс орын­дары арқылы олар мұнай­дан қосалқы өнім алады. Ал біздегі Аты­рау, Шымкент, Павло­дар мұнай өңдеу зауыттары тек қана мотор отындарын шығарғанның өзінде халықты сапалы жанар-жағармаймен, дизельді отынмен қамтамасыз ете алмай отырған жоқ па? Меніңше, осындай жайт­тардан кейін қазақ химия өнеркәсібі жа­йын­да асыра мақтанудың қажеті шамалы тәрізді.

– Өзіңіз білесіз, бүгінде елдегі мұнай өңдейтін зауыттардың дені шетелдік алпауыттардың қолында. Мүмкін, бізге сол алпауыт қожа­йын­дарды мұнай химия өндірісін өркендетуге мәжбүрлеу керек шығар?

– Болашақта біз елдегі мұнай өңдей­тін зауыттардың шетелдік қожайын­дарына «зауыттың қасынан мұнай химия өндірісін ашасың, осыған инвестиция құясың» деп табандап отырып алсақ, қане­кей!.. Мұндай табандылық таныт­сақ, нақ қазір сіз бен біз екеуміз «қазақ­тың химиясы екі иінінен дем алып тұр» деп заржақ атанып отырмас едік. Біз кезінде, Тәуелсіздік алған жылдары мұ­най өндіру, мұнай өңдеу салаларын өзіміз игеріп кете алмадық. Бұл түсінікте де еді. Ол кездері халықты жаппай кедей­шілік жабырқатты. Білікті маман­дар мен техноло­гиялық базамыз мүлде жоқ болды. Ол ке­зең­дердегі басты мақсат – елді жоқшылық­тан белін бүгіл­діртпей алып шығу еді. Осыдан барып біздің мұнай-газ саламызға шетелдіктер дендеп ене бастады. Басында олар табалдырығымыздан имене аттаса, қазір тіптен билеп-төстеуге айналды. Бұған дәлел, қазірде сол мұнай өңдеуші шетелдік компаниялар еліміздің эколо­гиялық заңна­маларын өрескел бұзып отырғаны өз алды­на, қазақтың құқын бұзып, қол астын­да­ғы жұмысшыларының еңбегін қанауға дейін барып жатыр. Әлбетте, оларға қазақтың мұнай химия­сының өркендегені қажет емес. Олар шикі мұнайды экспорттау арқы­лы байлыққа кенеліп жатыр. Бүгінде қазақ байлығының арқасында қаншама мил­лиард­тарды әлем нарығының айналы­мына салып жатқандар жетіп-артылады. Сондық­тан өз басым сіздің «алпауыт­тарды мұнай химия өндірісін өркендетуге мәжбүрлеу керек шығар» деген пікіріңіз­бен келісемін... Сөз жоқ, мұнай қазына­сын армансыз ақтарып-қопарып жатқан шетелдіктер мұ­най химиясына инвести­ция салуы керек. Егер елде мұнай химиясы өркендейтін болса, онда біздің тұрмысқа қажетті зат­тары­мыз түгел өзі­міз­ден өндіріледі. Тіпті осы салаға жан бітер болса керегемізге қа­ғылатын ше­гемізге дейін отандық болады. Үкімет­тің құлағына «алтын сырға» деп қоялық. Бұл тараптан арнайы заңдар шыға­ры­лып, қаулы-қарарлар қабылданғаны ләзім...

– Негізінен, біздің басқарушы органдар мұнай химиясына рефор­ма енгізу мақсатында мұнай өңдей­тін зауыттарды модерниза­циялау қажеттігін жиі қаузайды. Жалпы, нақ қазіргі уақытта мұнай зауыттарын модернизациялаудың мәні қаншалықты маңызды деп ойлайсыз?

– Модернизация дегеніміз – мен жоға­рыда сөз еткендей, дамыған елдер­дегі тәріз­ді мұнай өңдейтін зауыттардың қасы­нан мұнай химия өндірісін ашу. Құзырлы органдар бүгінгі жағдайда мұнай өңдейтін зауыттарды модерни­зациялау саясатына енуді көздеп отырса, мұны кешіктірмегендері жөн. Мұндай реформа нақ қазір бізге ке­рек. Талдап айтатын болсақ, жалпы мұнай өңдеудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар: бірін­шілей айдау, крекинг, риформинг, гидрок­рекинг, гидротазалау және басқалар. Мұ­най­дан бізде негізінен бензин, керосин, дизель отыны, мазут алынады. Біз осы мазутқа дейін өнім аламыз да әрі қарай қазбаламаймыз. Өкінішке қарай, мазуттан әрі өнім алуға біздің қабілетіміз жетпейді. Мазуттан дамыған елдер өнімдер алып, қай­талап айтамын, олар мұнайды өңдеуді 92-94 пайызға дейін жеткізеді. Ал біз мұ­най өңдеу процесін мазутқа дейін жеткі­зе­міз де арқаны кеңге саламыз. Ең өкініштісі, бізде мұнай қоры көп бола тұра біз бензин­ді, дизель отынын, ұшақтарға қажетті отынды, жа­ғар майларды көршілес Ресей елінен импорттаймыз. Қанша байлығымыз бола тұра өзгенің өніміне көз сүзіп, жалтақ­таймыз. Міне, осы мәселелерді шешу үшін тез арада мұнай өңдейтін зауыттарды модер­низациялау үрдісін қолға алғанымыз жөн. Әрине, бұл үшін біраз уақыт кетер, десек те, мұнай химия­сына бойлап ену үшін бұл үрдісті осы бастан қолға алу қажет.

Біздің мұнайымыздың бір ерек­шелігі, құрамында күкірт қосы­лыстары көп. Осы жағынан алғанда мұндай мұнайды өңдеп, одан өнім алу күрде­лі­рек

– Жалпы, осы мәселеге қатысты өз тарапыңыздан тағы да нақты-нақты қандай ұсыныстар білдірер едіңіз?

– Біздің мұнайымыздың бір ерек­шелігі, құрамында күкірт қосы­лыстары көп. Осы жағынан алғанда мұндай мұнайды өңдеп, одан өнім алу күрде­лі­рек. Бұған қоса біз табиғи газға бай елміз. Біздің газымыз­дың басым көпші­лігі мұнайымызға ілесіп шығады. Өкініш­тісі, қазірде осы мұ­най­мен ілесіп шыға­тын ілеспе газды ұқсату жағы да бізде өте төмен. Себебі ол газды ұқсату үшін алдымен күкірт қосылыс­тарын Клаус тәсілімен арылтып, элементті күкіртке айналдыру керек. Ал алынған элементті күкіртті сатылымға шығарған­мен қазір еш пайда жоқ. Әлемдік нарық­та бүгінде эле­мент­ті күкірттің бағасы тым төмен. Сондық­тан тек қана пайда табуды көз­дей­тін шетел­дік алпауыттар бұл жерде қазақтың мұ­на­йын ғана емес, газын да ысырап етіп отыр.

Біз табиғи газға бай елміз, оның басым көпші­лігі мұнайымызға ілесіп шығады

Әрине, бұл мәселе қазір біртіндеп қол­ға алына бастады. Қазірде Құмкөл кені­шінде ілеспе газды тазарту, оны өнім ретінде пайдалану жүзеге аса бастады. Бірақ көп кеніштерде ілеспе газ ашық ас­пан­да еш пайдаланыл­май жанып жатыр. Газдың бұлай ашық аспанда жануы эколо­гиялық тұрғыда өте зиянды. Осы ретте айта­рым, Мәсімов Үкіметі дереу осы мәсе­леге қатысты салмағын бойына жиған ше­шім­дер қабылдауы керек. Осы саладағы бақы­лау пакетінің басым үлесі Қазақ­стан­ның еншісінде болуы қажет. Былай­ша айтқанда, «жіліктің майлы басы біздікі» болуы керек қой. Жалпы, өзге елдер осы мұнай-газ са­ла­сы­на айрықша назар аударады. Мұнайды ақырына дейін өңдеу әдісіне бүгінде Герма­ния, Израиль тәрізді елдер қатты назар аударуда. Тіптен алысқа бармай-ақ көрші Ресейді мысалға алайық, Ресейде тек қана осы мұнай химия өнеркәсібіне қатысты мамандар дайындайтын арна­йы жоғары оқу орындары бар. Біз тек осы салаға қа­тыс­ты бірді-екілі факуль­теттер ашумен ғана шектеліп отырмыз. Ол факультет­тердің өзінде мұнай химия­сын терең­детіп оқытпай­ды. Сондықтан мәселеге ғылыми тұрғыда мән беретін болсақ, мұнай-газ саласын өркендету үшін бас­қарушы орган мынадай жайт­тарға назар аударғаны жөн:

а) Маман біліктілігін арттыру керек. Ол үшін көрші елдердегі тәрізді арнайы мұнай химия өнеркәсібін тереңдетіп оқытатын оқу орындары ашылуы керек. Технологиялық базамыз қуатты болуы керек. Біліктілікпен қоса, отандық өндіріс қуаттылығы артуы қажет...

ә) Мұнай өндіруші, мұнай өңдеуші ком­панияларды мемлекет қарамағына алғаны жөн. Өйткені біз барлық тізгінді шетелдік алпауыттарға беріп қойдық. Мұның ақыры «жаман үйдің қонағы билейді» дегенге әкеліп отыр.

б) Бұдан соң қандай шешім қабыл­данса да халықтың мүддесі ескерілуі керек. Егер әркімге бір жалтақтап, өзге жұрттың бабын таба берсек, онда күні ертең келер ұрпақтың алдында дидары­мыздың төменшіктеп қа­ла­тыны хақ.

в) Заң қатайтылуы керек. «Тәртіпке ба­ғын­ған ел құл болмайды» деген сөз ақиқат­тың нақ өзі.

г) Бұдан соң мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялауды бастау керек. Бұл – мұнай химия өнеркәсібіне жан бітіретін үрдіс.

– Демек, сіздіңше, көшті түзейтін бес бағыт осы болғаны ғой...

– Әрине, өзгелер бұдан басқа да пікір­лерді алға тартуы мүмкін. Бірақ менің ғалым ретінде айтар ойым осы.

Қазақ­стан ғалымдары қазірдің өзінде селт еткізер жаңалықтардан кенде емес

– Ал енді белгілі тараптан айтылған ұсыныстарыңыз ескеріліп «міне, қаржы, міне, қолдау, әрекет ет» десе біздің ғалымдарымыздың, яғни сіздердің осы салаға байланысты селт еткізер жаңалықтарыңыз бар ма?

– Неге болмасын, бар әрине. Қазақ­стан ғалымдары қазірдің өзінде селт еткізер жаңалықтардан кенде емес. Бірақ қазақ ғалымдарын капитализмнің қанын бойла­рына сіңірген шетелдік алпауыттар маңына да жуытпайды. Бізді қынжылтатыны – осы. Осыдан барып, қазақ өзінің мұнайына ие­лік еткенде ғана қазақ ғалымдары мұнай химиясына араласа алатынын түсінесің. Қазір шетел­дік алпауыттарға ең тиімдісі – мұнайды шикі күйінше сыртқа экспорттау болып отырғанын мен жоғарыда айтып өттім. Өзіңіз ойлаңызшы, шикізат күйін­де сатып пайдаға белшеден батуға болатын болса, оны химиялық тәсілмен өңдеп жын ұрып па? Олар осы тәсіл ар­қы­лы қазақтың мұнайын сатып, байып, бір пайдаға батып отырса, өнертапқыш­тарын тұншықтырып, тағы бір масатта­нып отыр.

– Солай-ақ делік, десек те сол өнертапқыштарымыз неге өздері жұлқынып шығып, мәрені кесіп өтпейді. Бұл жерде мүмкін, жаңа­лық ашып, бәйгеге түсу жағынан өнертапқыштарымыз селқос шығар... Мәселен, сіз өз басыңыз қай жаңалықтарыңыз бәсекеге бәс тігуге лайық дер едіңіз?

– Бұл пікіріңізбен мен келіспеймін. Біз­де өндіріске енсе жанып кетер жаңа­лықтар баршылық. Бір ғана біздің «Мұнай­ хи­миялық синтез зерттеу» зерт­ханасы тура­­сында сөз етер болсақ, біз осыдан біраз уақыт бұрын жүрек дертін емдейтін валидол, корвалол тәрізді дәрілерді өзіміз жасаған жаңа, эколо­гиялық тұрғыдан таза, ұтымды тәсілдер­мен өндіруге болатынын дәлелдедік. Білетін шығарсыз, қазірде біз бұл дәрі­лерді Украина, Ресейден импорт­таймыз.

Осы дәрі-дәрмектерді Қазақ­станға шығара алатынымызды дәлелдеп, оған тиісті орындар тарапынан берілген арнайы лицензиясын, патентін бәрін алдық.

Бұл дәрілерді осы жасалған жаңа тәсілдермен өнеркәсіптік түрде өндіру Елбасының өзі қол қойған «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібін дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасына» (1997 жыл) кірген еді. Бірақ ол сол күйінше өндіріске де енгізіл­меді, жарқ етіп жарыққа да шықпады.

Біз әлі күнге дейін осы аталған дәрілерді шетелдерден тасымал­даймыз

Се­бе­бі елдегі кәсіпорындар «отандық өнімді өндіріске енгізгеннен гөрі шетелден им­порт­таған тиімді» деп шешті. Біз әлі күнге дейін осы аталған дәрілерді шетелдерден тасымал­даймыз. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Отандық нарықта қазір Үндістаннан, Германиядан, Түркия­дан, Қытайдан келген дәрілер қаптап кетті. Тиісті орындар мұның соңы ұлт денсаулы­ғына, айналып келгенде өзінің ұрпағының денсаулығына қауіп төнді­ретінін сезбей ме, әлде сезінгісі келмей ме, түсініксіз.

– Сіз қазір іштегі қыжылыңызды айтып отырсыз. Жалпы, ғалым ретінде сізді не шабыттандырады? Неден қуат аласыз?

– Бұған қатысты айтарым, адам баласы бірден төменнен биікке жетуге ұмтылмауы керек. Кемшілік айтылмаса, кемістік түзелмейді. Өз басым төменді бағдарлай отырып, биікке біртіндеп ұмтылу – адамға бақыт әкеледі деп ойлай­мын...

Алашқа айтар датым...

Кезінде химия дегеніңіз – немістердің ілімі дейтін еді. Шынымен де, ақиқаты осы екен. Ойлап қарасаңыз, Германия неше мәрте алапат соғыста жеңіліс тапты. Бірақ аяғынан тез тұрып, өркендеп кетті. Мәселе химияда жатыр! Немістер химия өнеркәсібінің ішін ақтарып, барлық құпиясын жете меңгеріп алған. Осыдан барып олардың экономикасы қарыштап дамып кетті. Біз қазір жыртқыш, жабайы капитализм орнаған заманда күн кешіп жатырмыз. Кезең ауыспалы болып тұр. Күні ертең не күтіп тұрғанын ешкім дөп басып, болжай алмайды. Сондықтан қазақтың химия өнеркәсібін қалайда жандандыруға күш салып, осы салада бренд жинауға барынша пейіл танытқанымыз абзал. Сонда біздің келер ұрпақ алдында жүзіміз жарық, еңсеміз тік болады...

 

По сообщению сайта Nur.kz