Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Осы аптада Қазақстанның басым аумағындағы ауа райын суық антициклон анықтайды — Қазгидромет

Дата: 28 февраля 2011 в 10:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ — Осы аптадағы Қазақстанның басым аумағындағы ауа райын суық антициклон айқындайды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Болжам бойынша республиканың оңтүстік өңірлерінде апта басында аздап қар жауып, оңтүстік-батысында тек аптаның соңында жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде 10-15, кей жерлерінде 18-23 градустан 1-6, кей жерлерінде 8-13 градусқа дейін, күндіз 3-8-ден, кей жерлерінде 13 градус аяздан 2-7 градус жылыға, кей жерлерінде 5 градус суыққа дейін көтеріледі.

Батыс өңірлерінде кезең бойына жауын-шашын күтілмейді. Осы аптада температураның көтерілуі түнде 10-15, кей жерлерінде 20-25-градустан 0-5 градусқа дейін,  кей жерлерінде10-15 — аяздан, күндіз 2-7, кей жерлерінде 10-15 градус аяздан, 3-8 градус жылылыққа, кей жерлерінде 5 градус суыққа дейін көтерілуі байқалады, деп болжануда.

Қазақстанның солтүстігінде кезеңнің екінші жартысында жауын-шашындатып, тұрақсыз ауа райы байқалады. Республиканың орталығында кезеңнің ортасында қар жауады деп күтілуде. Аяз біртіндеп босаңсып, түнде 28-33, кей жерлерінде 23-тен 17-22, кей жерлерінде 25-ке, күндіз 15-20-дан 10-15, кей жерлерінде 5 градус аязға дейін көтеріледі.

Қазақстанның шығыс бөлігінде кезең соңында ғана аздап қар жауады. Синоптиктер температура біртіндеп көтеріліп, түнде 28-33, кей жерлерінде 23-тен, 15-20, кей жерелерінде 25, күндіз 17-22-ден, кей жерлерінде 12-17-ден 8-13-ке дейін, кей жерлерінде 4 градус аязға дейін көтеріледі деп болжап отыр.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы