Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитеті ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Дата: 28 февраля 2011 в 11:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

АСТАНА.  28 ақпан.  ҚазАқпарат  — Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық Қызыл  Крест Комитеті     ұйымның Қазақстан  аумағындағы     қызметін  негіздейтін    келісімге  қол қойды.

Қазақстанның   Сыртқы істер министрлігінде  бұл  құжатқа   министрдің  орынбасары   Қайрат Омаров  пен   комитеттің Орталық  Азия елдері  бойынша  аймақтық делегациясының  басшысы Ив Арнольди  қол қойды,  делінген   Халықаралық Қызыл  Крест  Комитетінің баспасөз баянында.

«Бұл  келісім  қазақ өкіметімен  арадағы ынтымақтастық пен диалогты,    атап айтқанда  аймақтық гуманитарлық  проблемалар бойынша  диалогты  әрі  қарай  жалғастыруға мүмкіндік береді»,  — деді  Ив Арнольди.

Аталмыш келісім Халықаралық Қызыл  Крест Комитетіне,  өз мандаттары  мен    жұмыс стандарттарына сәйкес,   тиісті  қызметін жүзеге асыруға   қажетті   бірқатар басымдықтарды  береді және  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

Комитет Орталық  Азия өңірінде 1992 жылдан   бері жұмыс істеп келеді.  Қазіргі таңда  ұйым Тәжікстанда,  Түрікменстан, Өзбекстан және  Қырғызстанда   жұмыс істейді.   2010 жылы комитет     Бішкектегі   өз өкілдігін  кеңейтіп,   толыққанды  делегация  мәртебесіне ие  болды  және   Ош  және  Жалалабад қалаларында кеңселер ашты.

 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы