Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Әлімжан Байқадамов. Азғырынды арақпен араздасайық

Дата: 28 февраля 2011 в 11:51

Сонау Атыраудан Алтайға дейін  созылып жатқан ұлан байтақ жерімізді ата — бабалармыз аттың жалында, түйенің қомында жүріп, ақ білектің күшімен,   көк найзаның ұшымен қорғап келген. Ата бабаларымыз не бір қилы заманды  басынан өткерген. Мың өліп, мың тірілсе де намысын қолдан бермей, елдігін сақтап қалған. Сол кешегі арқалы, айбынды қазақтың,  «Итің жаман дегенде өлгенім-ай », дейтін намысшыл  қазақтың  бүгінгі ұрпақтарының жайы қандай. Кешегі  жылқы мінезді қазақ, қалай қой мінезді қазаққа айналдық. «Қарындастың қамы үшін» деп намыс жыртқан кешегі ер азамат неге қаңғыбас боп иттің күнін көріп көшеде жүр. Ерлермен бірге намысын жатқа бермеу үшін жауына қарсы шапқан қазақтың қыздары , неге бүгін көрігенге тәнін сатып жүр. Кешегі қазына қарттар неге бүгін қазымыр, қылжақбас шалға айналған. Қазағымның осындай күйге түсуіне  не себеп? Ақиқатын айтар болсақ, бұның басты себебі арақта. Атам қазақ ішімдік атаулыдан аулақ болған. Арақты қалай қайнататынын көрші қалмақтардан көрмеді дейсіз бе, көрді. Арақтың зиянды екенін білді. Сол себептіде олар арақты ауылына жолатпаған. Қазбек бек атамыздың «Өзімнен түп тұқияныма дейін» деген кітабында: «Қалмақтар сүттен арақ қайнатып  көп ішеді, сондықтан ұсақ мінезді болып келеді», деп жазған.

Бұл арақ біздің қазаққа «сілекейі сідік татыған» отаршылармен бірге келген. Сол кезден бастап қарғыс атқыр арақ біздің арамызға мысқылдап ене берген.

Алла Тағала  Қасиетті Құранда  адамзат баласына арақ ішуге тыйым салған. Пайғамбарымыз (с.а.у.)  «Арақ ішпендер! Себебі арақ барлық  жаманшылықтың кілті» деген. Арақ адам баласының азғандауына себеп. Арақ ішкен адам барлық адамгершілік қасиеттен айырылады. Арақ ішкен адамнан әуелі иман кетеді, иман кеткен соң ұят кетеді, намыс кетеді. Ішімдікке әуес адамнан әлсіз, жігерсіз, ұятсыз, намыссыз  ынжық  ұрпақ дүниеге келеді. Егер осылай кете беретін болсақ, енді  70-80 жылдан кейін  бойы бір тұтам, әлсіз бейшара  ұрпақ дүниеге келмек. Өз басын  қорғай алмайтын еркек өз отбасын, өз отанын қалай қорғамақ. Шығысымызды Қытайға, батысымызды Орысқа, оңтүстігімізді Өзбекке беріп, өзіміз солардың малын бағып жүруіміз әбден мүмкін. Тіпті сонау Қапқазда таулықтардың малын бағып жүруіміз де ықтимал.

Өзіңіз ойлаңызшы, осы арақ деген әзәзәіл бізге қаншама қасірет алып келіп жатыр. Қаншама үйдің отын сөндірді, қаншама үйдің бақытын ұрлады, берекесін  алды. Арыстай азаматтарымыздың  қадірін қашырып, бейшара халге жеткізіп, қор қылдырды. Аяулы ару қыздарымыздың арын аяққа таптатты.

Осы әзәзіл арақтың кесірінен  жер бетінен жойылып кеткен ұлттар да бар.

Осыны түсінген кейбір халықтар араққа қарсы майдан ашқан. Ресейдің Тува Республикасында 5 жылдан бері ауылдарға арақты жолатпайды екен. Соның  нәтижесінде ауылдағы халықтың әл-ауқаты жақсарған. Ал шешендер арақты  тіпті елден аластатқан.

Арақты жоғарғы жақтан заң шығарып тоқтату мүмкін емес. Алпауыт Америка арақпен 13 жыл күрескен, Түркия 3 жыл күрескен. Қызыл империя  кезінде Горбачевта күресіп көрген. Бірақ  барлығы нәтижесіз аяқталған. Неге десеңіз, олар арақтың өзімен ғана күрескен және сол заң шығарған адамдардың өздері сол арақтан тыйылмаған. Мысалға «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 20 жылдай уақыт болып қалды. Сол заңның орындалып жатқаны да шамалы. Өйткені сол заңды шығарған адамдардың өздері, олардың балалары мен немерелері қазақша сөйлемейді. Сондықтан да жоғарғы жақтан заң шығарып бұл арақты құрта алмайды екенбіз. Бұл әзәзілмен әр адам саналы түрде және жаппай халық болып күресу керек. Арақ деген әзәзілді «ұлтымыздың жауы» деп, оған қарсы ел болып қарсы шығатын уақыт жетті. Бұл соғыс әділетті күрес және біздің ұрпағымыз үшін абыройлы күрес болмақ. Ортақ жауымызды үйімізден, ауылымыздан қуайық. Арақтың құлы болып жүрген бауырларымызды құлдықтан құтқарайық. Бәріміздіңде араққа кеткен кегіміз бар.

Баршаңызды ұрпағымыздың болашағы үшін Қасиетті күреске шақырамыз !

Әлімжан Байқадамов, Сарыөзек  мешітінің  имамы

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы

«Абай-ақпарат

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы