Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Жолдан қосылған жолдыбайшылар» кімдер?. Даурен Сейтжанұлына жауап

Дата: 28 февраля 2011 в 13:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ауыз өзіңдікі болғанымен дін-халықтікі. Ғасырлар тереңіне ой жүгіртсек халқымыз қаншама қанды қырғындарды, ақтабан шұбырынды замандарды бастарынан өткізіп, аттың жалында, түйенің қомында жүріп тағдыр талайын көрседе өзінің дінің өмірдің рухани өзегі деп түсінген және бөлшектемеген, сом қалпында сақтай білген. созіміздің дәлелі ретінде, халық өз орталарында діни қызметкерлерді молда, қари, имамдарды қасиетті адамдар деп жоғары бағалаған. Діни адамдардың ұлтына қарамай ұлықтай білген. Ел тұтқасын ұстаған сұлтандар мен би, болыстар ел ішінде оларға жағдай жасап, елінің рухани дүниесінің тазалығына үлкен мән берген. Осы әңгімемді бастауға себеп болған өзім оқитын «Үш қиян» газетінің маусымдағы нөмірі 20-сындағы Дәурен Сейтжанұлының  «Жолдан қосылған Жолдыбайшылар кімдер»?-деген мақаласын оқып,Дәурен Сейтжанұлына біраз өзімнің ойларымды айтайын деп қолыма қалам алдым. Заманның ағысы дейміз бе? Бабаларымыздың «Кер замандар болғанда«-деп зарлағандай тілден тиек кеткен заман болған сияқты. Мақаланың тақырыбы Атырау қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы бастаған діни қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Қазіргі таңдағы жастардың дінге деген көзқарасын дұрыс бағытқа салу, жас ұрпаққ шынайы исламның мән мағынасын түсіндіру, сырттай келген діни ағымдардың ықпалынан қорғау» туралы екен. Жиынның мәні қазіргі кезеңдегі өткір мәселелердің бірі. Бағыты мен мағынасы зор екен. Ал енді осындай үлкен мәселелермен келген ойларын көпшіліктің ортасына салып отырған адамдардың ой пікірлерін оқырманға жан-жақты түсіндірудің орнына Дәурен мырза бірден мақаласының басын өмірдеректен бастап ары қарай Қайраттың еңбектеріне шолу жасап, мінездеме бере отырып, өзінің оның ешбір еңбегін де мойындамайтынын айтып , «Жолдыбайшылар жамиғаты» деп азан шақырып ат қойып әңгімесін ары қарай індетіпті. Үлкен мақсатпен бағыт-бағдары айқын жобамен келген діни қызметкерлерге қарсы шара ұйымдастырғаны өзінің мақаласынан-ақ байқайсын. Әңгімесінде «Оу сонда бұл салафизм  деген адамның кейпі жоқ ертегілердей қиял ғажайып құбыжық өзі? Уағызшыларының қолдаушыларының, жетекшілерінің нақты айтары қайда»? деген халыққа үндеу тастапты, менің бұл мақаладан ұққаным дінді бөлшектеу. Зікіршілік, софылық, салафизм деп үй ішінен үй тігу екені әңгіменің ауанынан-ақ білініп тұр. Мұсылмандар басқармасының игі шарасымен келіп отырған ғалым адамның ой-пікірін түсінудің орнына өзінің қарсы ой-пікірлерін айтып жанталасады. Әңгіменің төркінінен байқағаным Қайрат Жолдыбайұлына ұзыннан өші,қысқада кегі кеткен адамның кейпіндей. Тарихымыздың кеңестік дәуіріне көз жүгіртсек қазақтың небір нарқасқа ұлдары мен қыздарына қандай қара күйелер жағылды. Кешегі халқының болашағын ойлаған «Оян Қазақ» деп ұрандаған Ахандарды, Абайды қазақты әлемге танытқан Мұхтардың  жағасына жармасқандар, Шәкәрімдей ғұламаларды шынырауға тастаған, өзіміздің ішімізден шығатын осындай адамдардың туыстары, әлі де арамызда жур екен енді міне оқыған діни ғалым Қайрат бауырымның жағасына жармасқанына ренжіп отырмын. мақаланың төркінінен  Дәрен Сейтжанұлы «Жолдыбайшылар» деп сөз саптауынан менің ойыма халқымыз басынан өткерген 37 жылдардағы бірін-бірі қаралаған зұлмат кезеңдерді есімізге салып отырғандай. Әңгіменің басында Міржақып Дулатовтың «Діні нашарлап тұрған елге кесірдің қайдан екенін ажырату керек»  деп айтқан өрелі сөзін айтыпсың. Дәурен-ау Міржақып қайда? Сен қайда? Жастарға кішкене болсада діни сауатын көтеріп рухани дән себуге келген адамдарды қалайша қаралайсың? Діннің ара-жігін ажыратып айқын мақсатпен келген діни қызметкерлер сенің ойыңша елге кесір әкелетін адамдар ма?
Өз ауылының балаларына ие бола алмай шет мемлекеттердегі соғысқа жіберіп қойып не қарап жүрсің? Не бір қаракөздеріміз  басқа діндердің жетегінде кетуде, соларға дұрыс бағыт-бағдар беруге келген адамдарды осылай қарсы алсаң халықты қарсы қойсаң  соны газет арқылы жарнамаласаң сенің мұсылманшылық ,адамшылық қасиеттерің қандай деңгейде екенін осы өзіңнің пікірінен-ақ  білініп тұрған жоқпа? Өзіңнің тағы бір пікірің туралы айта кетейін. Түйін: Жолдыбайдың ойынша «Үш қиян» газеті дін мәселесі туралы мақалаларды жала, ғайбат, өсек аянмен безендіріп, сөзді бурмалап монтаждап беретін газет. Солай-ақ дейік депсің Дәурен інім «Солай-ақ дейік деп өзің келісіп отырсын ғой, бұл мойындағаның дұрыс, ал енді Жолдыбай деп өлген әкесінде не өшің бар еді, азан шақырып қойған Қайрат деген аты бар емеспе? Қайрат Жолдыбай деп неге өз аттарымен атамайсың. Газеттеріңнің алдыңғы сандарындағы бір мақалада сол аймаққа барған Мұқамеджан Тазабековтіде аямай қаралағандарыңды оқырман біздер әлі ұмытқанымыз жоқ. Діні мықты елдің ділі мықты деген ғой. Бала кезімізде,әр қазыналы қарттары бар еді, сол дана қарттарымыз кеңестік дәуірдің дінеге деген қатал ұстанымына қарамай жұма намаздарын әр  үйде бірігіп оқып, шәй суларын іше отырып уағыздарын, батырлармен билердің даналық әңгімелерін айтып отырушы еді. Әліде есімде ауылымыздың көзі қарақты данагөй қарттары  Алмабек ата,Алмасбек ата,Байбала ата, Қуандық аталардың арабша,парсыша оқыған кітаптарының,шариғаттарын таңға тыңдаудан жалықпаушы едік. Сонда сол қариялардың біріне-бірімен салафимін ,мен зікіршімін,мен софымын дегендерін естімеппін. Сол аталардан ойымызға, санамызға сіңген «Алланың құлымын,Мұхаметтің үмбетімін» деген қасиетті ұғымы әліде есімнен бірге жасап келеді. Осы жазылған мақалаңды оқыған оқырманәңгімеңнің төркінінен сенің артыңда бір мүдделі топтың Қайрат бауырыма тасадан тас  атып тұрғаны көрініп-ақ тұр себебі, дінді бөлшектеп зікіршілік, софылық, уақап,салафизм дегендей желеумен әр топтар енді дінімізді жекешелендіру /приватизация/ науқанын бастап кеткенге ұқсайды. Өзіміздің діни адамдарымызды жөнді тани алмай отырған кезеңде, қияңдағы арабтың ғұламаларының еңбектерін тізбелеуін сенің сөзің емес сияқты? Жоқ әлде Қайрат сияқты діни білімің толық па еді? Айналайын Дәурен бауырым халқымызда «ерікті аузға бөрікті бас сияды» деген сөз  бар. Ерікті ауыз өзіңдікі ,Бөрікті бас халықтікі деп түсінгейсің. Өзің шаужайыңа жармасқан бөрікті басың жай бас емес, өзің қаузағайдай Түркия,Арабияның діни жоғарғы оқуларын тауысқан жас та болса бас болып отырған ғалым,жай бас емес ,дұғалы бас және қасиетті Райымбек батырдың туған топырағынан жаралған,Қалибектей батырбабаларымыздың тікелей ұрпағы,біздің мақтанышымыз. Сондықтан Дәурен жақсының жақсылығын тани біл, жағасына жармаспа, ойдан өрт шығарып, сөзден көз шығарма. Ел бірлігін ойласаң жастардың болашағына алаңдасаң құр айқайға басып елді шатастырмай, таза мұсылмандық таза адамшылық істермен айналыс деймін. Ауыз өзіңдікі,болғанмен дін халіктікі. Артық айтпа бауырым!
 
Қызай Бейсенов
Алматы облысы,Райымбек ауданы,Бөлексаз ауылы.
 

По сообщению сайта abai.kz ақпараттық порталы