Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақ күйлерін топтастырған сайт ашылды

Дата: 28 февраля 2011 в 15:31 Категория: Новости интернета

Қазақ күйлерін топтастырған сайт ашылды

Онда қазақтың белгілі күйшілерінің күйлері енген.Сайттың негізгі мақсаты — халқымыздың баға жетпес қазынасы, ата-баба мұрасы — күйді насихаттау. 

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ — домбыра», — деп ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, қасиетті қара домбыраның шанағынан төгілген күйдің сиқырлы күмбір үнінде қазақтың бүкіл болмысы жатыр.

Осы баға жетпес қазынамыз — күйдің насихаттаушысы әлі де болса тапшы деп ойлаймын. Бүгінгі таңда әр адам өз үйінде отырып-ақ ғаламтордан бәрін табады. Дегенмен осы ғаламторды шарлаған адамдар қазақтың небір құдіретті күйін таба бермеуі мүмкін.

Халыққа танылған сазгерлердің күйлері жеке-жеке беріліп жүр.

Осы тұрғыдан алғанда күй сайтының ашылуы игілікті іс болып отыр. Халық Құрманғазы, Сейтек, Дәулеткерей, Дина, Мәмен, Тәттімбет, Қазанғап, Абыл, Әлшекей және басқа күй алыптарының шығармаларын ғаламтор арқылы тыңдап, сусындай алады.

Сайтта еліміздің танымал дәулескер күйшілері мен талантты жас күйшілері мейіріңізді қандырып, қазақтың күмбірлеген күйлерін тартып қана қоймайды, сондай-ақ осында орналастырылған «Күй дария» хабарында күй аңыздары мен тарихына терең тоқталады.

www.kui.kz сайтының материалдары — музыка мамандарына, мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға таптырмас көмекші құрал

Бұрын күй сүйер қауым радиолардан аз тыңдап, теледидардан сирек көретін күйшілерін енді интернет арқылы қалаған уақытында тыңдай алады.

Жаңадан ашылған www.kui.kz сайтының материалдары — музыка мамандарына, мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға таптырмас көмекші құрал.

Сайтты құрушылар онда орналастырылған күйлерді өз отандастарымызбен қатар шет елдерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да жылы қабылданатындығына сенімді.
 

По сообщению сайта Nur.kz