Facebook |  ВКонтакте | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

«Патронат әжелер» жобасы іске асырылып жатыр

Дата: 01 марта 2011 в 09:51 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Патронат әжелер» жобасы іске асырылып жатыр

Қарағандылық қарттар жай отырмай, жаппай жұмысқа тартылып жатыр.

Енді олар әлеуметтік жағдайы төмен, әрі тәрбиесі қиын отбасыларына психологиялық, материалдық қолғабыс жасайды. Өйткені, өңірде «Патронат қариялар» жобасы қолға алынып жатыр.

Мария Галетаның бүгін алғашқы жұмыс күні. Ол 4 балалы отбасын қамқорлығына алды. Жанұяның жай жапсарымен танысып жатыр. Отбасының анасы міне, есімі — Елена. Жұмыссыз.

«Мүмкін сіз жұмысқа тұрарсыз. Бізде арнайы әлеуметтік курстар бар. Мүмкін оқырсыз. Мен келіп тұрам сіздерге».

Бұл үйге бас сұғатын жалғыз Мария апай ғана емес. Отбасының 15 жастағы баласын оқыту үшін мұғалімдер де келіп тұрады. Себебі Николай — бұзақы. Сақшылардың тіркеуінде. Білім алуға ниеті жоқ.

«Я хочу, чтобы он пошел в 1 училище на ДК. Но он не хочет».

Мұндай даудың соңы бұл отбасында жиі кикілжіңге айналады. Мәселені шешуге енді Мария араласпақ. Тек бақылаушы ретінде көрген білгенін психологтарға жеткізуі тиіс. Бүгінше Мария апайдың түйгені де жоқ емес.

Өңірде «Патронат қариялар» жобасы қолға алынып жатыр

Мария Галета, патронат әже

«Отбасының үлкені, онымен жұмыс жасаймыз енді. Қаңғыбас өмірден құтқарып, еңбекке баулуға тырысамыз. Мектебін аяқтап, адам болсын. Мүмкін анасына жалғыз тәрбиелеу қиынға саққан шығар».

Мария сияқты қамқоршы болуға ниетті Қарағандыда 15 қарт жұмысқа кірісіп кетті. Әрбіреуіне 3 отбасы бекітілген. Біреуі — ата. Владимир Бурцевтің алғашқы жұмыс күні сәтсіз басталды. Оның қарауындағы отбасы үйде болмай шықты.

Лицейде 10 жыл ұстаздық еткен қарт, қазір де қоғамға пайдасы тиіп жатқанына риза. Бір отбасына аптасына 5 рет барады. Қызметі — ақылы, сағатына 700 теңге. Отбасылардың тәрбиесі қиын, сондықтан қауіпті. Қамқор ата сақтық шараларын да жасап қойыпты.

Владимир Бурцев, патронат ата

«Бізде инспекторлардың байланыс телефондары бар.Оқыс жағдай болып қалса, оларға дереу хабарласамыз. Жетіп келеді. Егер, тіпті отбасылар қауіпті болса оларға учаскелік инспекторлармен бірге барамыз».

Бұл қарттардың барлығы іріктеуден өткен. Өмірлік, отбасылық тәжірибелері мол, — дейді ұйымдастырушар. Кейбіреулері педагогика ғылымдарының докторы көрінеді. Мұндай тәжірибені олар Ресейден әкелген. Бастаманың өміршеңдігін тек бір жылға жуық уақыт өткеннен кейін байқауға болады.

По сообщению сайта Nur.kz